«Қымбатты
отандастар! Байқасаңыздар, алдымызға қойылып отырған міндеттер жылдан - жылға
артып келеді. Сондықтан еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолында халықтың және
сіздер мен біздердің істеп жатқан шаруаларымыздың барлығы мемлекетіміздің
нығаюы, тәуелсіздіктің мықтылығы, халықтың әл - ауқатының артуы үшін жасалуда.
Осы жолда біз елдің бізге деген сенімін ақтап, мақсаттарға жетеміз деп мен нық
сенемін»
Қазақстан Республикасының президенті
Н.Ә.Назарбаевтың жолдауынан.
Қазақ халқының ғасырлар бойы талпынып, аңсап келген
асыл арманы- еркіндік, бостандық, егемендік, тәуелсіздік екенін әрбір саналы
азамат жақсы білсе керек. Сондықтанда кейінгі он жеті жылда қолымыз жеткен
тәуелсіздік – мен үшінде орындалған үлкен арман.Ол кейбіреулердің ойлайтынындай
тер төгілмей, қан шашылмай аспаннан аяғы салбырап келе салған тәуелсіздік емес.
Кешегі желтоқсанға ұласқан халқымыздың 200-ден астам ұлт азаттық көтерілісінің
өтемі іспеттес, ғасырлар бойы қазақтың жүрегін сыздатып, көңілде сары дақ болып
жатып алған арман – тілектен туған тәуелсіздік емес пе бұл!
Оны
жұрттың бәрі бірдей түсіне алмаған сияқты. Біреулеріміз оның тарихи мәнін терең
сезініп, қазақ басынанкешірген ұзын
сонар ғүмыр жаңғыратын, жаңаланатын, өркениетті елдерше өмір сүреттін ең бір
сәтті кезеңі деп түсінсек, енді біреулеріміз тәуелсіздіктң қолымызға «оңай»
келгеніне қуанып, оның бақыт құсындай бір-ақ рет келетінін, оны аялау,
тұрақтандыру, қорғау міндеті мойнымызда тұрғанын ойламаймыз.
Ата
– бабаларымыз қан төгіп, қасірет кешіп, көзінің қарашығындай сақтап қалған ұлы
даланың мұрагері –қазақ қауымына, Алладан бұдан артық қандай сый болмақшы?!
«Алсаң да аласың, алмасаң да аласың!» алдымызға тастай салған «батпан құйрық»
емес бұл. Бұл «мың өліп, мың тірілген» қазақ үшін бір жағынан тағдырдың сйы
болса, екінші жағынан, «қолына берілген бағын мәпелеп, елдігін сақтай білер ма
екен?» деген сыны да шығар. Өйткені шынайы тәуелсіздік нық орнап, түбегелі
қалыптасу үшін әлі де талай нәрсе керек. Ең әуелі тәуелсіздігімізді көре
алмайтын сұқ көздерден, төзе алмайтын қаңқу сөздерден сақтау керек, елдің
елдігн танытатын береке –бірліктің қажеттігі де, міне, осы тұста байқалмақшы.
Қазақтар
бүгінгі таңда өзінің жер бетіндегі тәуелсіз біреуі ғана емес, бірегей
екендігін, басында өз шаңырағы, бауырында өз қазаны бар, өз тілі, өз діні,
өзіндік салт дәстүрі, өз жері, сонымен қатар өзін - өзі басқара алатын егеменді
ел екенін әлемге паш ете білуі қажет!
Қазақстанның
егемендік алып, өз алдында тәуелсіз мемлекет болғанына биыл он жеті жыл толып
отыр. Тарихи тұрғыдан қарағанда бұл ел есін жиып, еңсесін көтеруге жете
бермейтін бір ғана сәт. Оны тәй – тәй басқан нәрестеге ұқсатуға болады. Оның
қолынан ұстап, қолтығынан демейтін қамқор ана, аялы алақан керек. Өйткені
алысқа апаратын сапар осындай алғашқы қадамның сәтті басталуына байланысты.
Мемлекетіміздің
қауіпсіздігін , ұлттық тәуелсіздігін нығайта түсу үшін жүзеге асырар қажетті
шаралар көп – ақ. Бірақ солардың ең бастысы – менің пайымдауым бойынша, ең
алдымен мемлекетіміздің ішкі тыныштығын, бейбітшілігін сақтау. Қазақ атам
«Іштен шыққан жау жаман» дегенді бекер айтпаған. Барымызға қызыға қарамай, сұқтана
қарайтын кейбір көрші – қолаңдар болмаса, дәл бүгінгі таңда төніп тұрған,
сырттан келер жау жоқ сияқты.
Демек,
ең алдымен, өзіміз бөлшектенбей, үй ішінен үй тікпей тұтас болуымыз керек.
Бірақ дана бабаларымыз «Жау жоқ деме – жар астында, бөрі жоқ деме бөрік
астында» деп те ескертеді. Ішің бүтін, бірлігің мықты болса, сыртқы жаудан
қорқатын түкте жоқ. Өйткені ұйып отырған отбасы, шарықтап дамып, шалқая түскен
ұлы империялар да сыртқы жаудан емес, өз ішінен бүлініп,өз бауырынаніріп – шіруден тоз – тоз болып кеткендігіне,
тарихтың өзі куә.
Тәуелсіздігін
нығайтудың біз сияқты көп ұлтты мемлекет үшін ең алғашқы шарты осы. Бір ұлттың
іштей жіктеліп, ру – тайпаларға, жүздерге бөлініп бөлшектенуге дайын тұратыны
тәуелсіздігімізге кері әсерін тигізері рас.
Атамекенді
қорғау - әркімнің азаматтық, перзенттік парызы. Қажет болса оны батыр
бабаларымыздай ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен де қорғауға болады.
Бірақ ең абзалы - өз еліңді әрқашан көршіңмен бейбіт байланыс, тату – тәтті
қарым қатынастар арқылы қорғанған жөн.
Ұлы
көршілермен де, кіші көршілермен де сыйласа білу, өзара түсінісе білу – бейбіт
өмірдің қайнар бұлағы деп білемін.
Ұлттық
идеология керек деп оилаймын. Бірақ «ұлттық» деген ұлағатты сөздің мәнін
«Ұлтшылдық» деген шеңбері тар, шерлі – мұңды ұғымның ауқымында емес, өскелең
өмір пәл – сапасы тұрғысынан кең және аса игі мағынада түсінгенді қалар едім.
Адамзат баласының үздіксіз даму тарихында «ұлт болу» деген сөз дамудың барлық
сатыларынан (этнос – аталық – ру – тайпа – ұлыс – халық) біртіндеп өсіп, ең
биік шарықтау шегіне жету деген сөз. Бұл сөз алдына сөз ететін үлкен мәселе.
Мемлекеттің
қауіпсіздігіне оралар болсақ, алдымен мына мәселелерге назар аудару керек.
Тәуелсіздіктің басты – басты үш арнасы бар.
Олар: саяси
тәуелсіздік, экономикалық тәуелсіздік және рухани тәуелсіздік. Саяси
тәуелсіздікке қол жетті, оның айғағы – Қазақстан дербес мемлекет. Мемлекет
дегеніміз саяси ұйым, демек саяси тәуелсіздік бар. Экономикалық тәуелсіздік әлі
осы кезеңге дейін шешілмей тұрған өзекті мәселелердің бірі. Ұлттық қауіпсіздік
мәселесі рухани тәуелсіздікке тірелгенде , жағдай мүлдем ауырлай түседі.
Шетелдік «бұқаралық мәдениет» әсіресе жас ұрпақтың болашағын улап жатыр. Одан
шығудың жолы – ұлттық, отандықмәдениетті
насихадттау. Ол үшін халық көретін жақсы кинофильмдер, теле-радио хабарлар, еліміздің
салт - дәстүрлері туралы мәнді де мағыналы кітаптар көп болуы керек, және де
оның дені ұлт тілінде болғаны жөн. Осы мақсатта мемлекетте әрбір саналы ұлт
азаматтары өз қолдарынан келгенін жасап жатыр, бірақ «бұқаралық мәдениет»
тасқыны тым қатты.
Тәуелсіздікке
үлес қосу үшін, мән-маңызын дұрыс
түсініп, оны құндылық ретінде бағалай білу керек. Соңғы жылдары
тәуелсіздіктуралы айтқандакөпшілік оныңқиыншылықтары туралы бітпес әңгімегетүсіп кете барады. Олардың ойынша, КСРОнемесесоциализмбүгінгі күнге жетсе«солбаяғыкоммунизм» болатындай
көрінеді. Осындайадасып жүргенағайындарға айтарым, социализм бүгінгі
күнгежетсе, осыкүніміздендеауыр тұрмыс кешкенболар едік. Социализмөзқуатынсарқып тауысқан соң, нарық
заманы келгенін түсіну керек. Осыдан он жеті жыл бұрын, 70 жыл орыс отаршылдық
саясатының құзырында болған халқымыз, бүгінгі күні аяғын алға нық басып,
тізесінен тік тұрған мемлекеттердің алдында деп, ауыз толтырып айтуға болады. Дана
қазақ «Батырдың аты, ақынның хаты өлмейді» демекші осы күнді маңсап келген,
және де тәуелсіздік үшін қыршыннан қйылған жас боздақтардың армандары орындалды
және олар біз үшін мәңгі есте қалар тарих. Халқымызда осындай елі үшін жанын
қыйар Ләззаттармен Қайраттардай ұл қыздарымыз көп болса, мемлекетіміздің
болашағы жарқынды боларына сенімдімін. «Мен мынадай үлес қостым» деп санамалап
жатуды ағаттық деп білемін. Өйткені біреудің тәуелсіздікке қостым деген үлесі
біреудің тәуелсіздік үшін күресінің қасында түкке тұрмайды дей отыра, еліміз
тыныш, тұғырымыз биік болсын ағайын!