Главная » 2009»Октябрь»1 » Тіл мәселесінің қолданылуы мен дамуы қандай деңгейде?
00:48
Тіл мәселесінің қолданылуы мен дамуы қандай деңгейде?
«Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобаны іске асыруды жеделдетуі тиіс.
Бүкіл қоғамды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту
сапасын арттыру қажеттілігінеерекше
назар аударғым келеді»
Қазақстан Республикасының президенті
Н.Ә.Назарбаевтың жолдауынан.
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 –
2010 жылдарға арналған бағдарламасын орындау баршамыздың міндетіміз.Осыған орай
тіл мәселесін қолға алып, мекемелерде тіл - туралы көптеген іс шаралар
жүргізілуде. Осы іс шаралардың арқасында ауданымызда мемлекеттік тіліміздің
қолдану аясы күнен күнге кеңеюде.
Осы
сөзді жандандыру «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» қызметкері Аубакирова
Ғалия Қалиоллақызымен сұхбат жүргіздім.
- Ғалия Қалиоллақызы Тіл мәселесінің қолданылуы мен дамуы қандай
деңгейде?
- Тіл - адамзат ғаламындағы қарым -
қатынас құралы. Тіл мәселесін қолға алып, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеріп,
тілімізді дәріптеп.құрметтеп ұстау әркімнің міндетті парызы.
- Ауданымызда
мемлекеттік тіл саясатына байланысты қандай іс - шараларжүргізілуде?
- Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 -
2010 жылдарға арналған бағдарламамен жұмыс істеп келеміз. Аудан бойынша
мекемелік іс - қағаздар мемлекеттік тілге ауысып жатыр. Жыл басындағы
көрсеткішпен салыстырғанда жыл аяғындағы көрсеткіш 75 % ға өсіп отыр. Бұл көрсеткішке
қарағанда, алдағы жылдарымемлекеттік іс - қағазда толыққанды түгелдей
мемлекеттік тілде жүргізілетіні айдан - анық болып отыр.
- Тілді үйрену және оның барысы қандай?
- 2007 жылғы қарасу аудандық
әкімдігінде тілдерді дамыту бөлімі ашылды. Орталықта 2 деңгейлік үйрену
курстары жүргізіледі. Ортаық 4 топқа бөлінеде.1 деңгейде 1 топ 16 адам
2 деңгейде 3 топ 44 адам
Мемлекеттік тілді үйренуге әкімдік
тарапынан қаржы а бөлінген.
- Қызмет барысындағы алға қойған мақсаттарыңыз қандай?
- Алға қойған мақсаттарымыз көп. Бірден бәрін оқып - үйрену мүмкін емес. Ата
- бабамыз айтқандай «Көш жүре түзелмейді»-, дегендей тілімізді мәртебелә,
дінімізді бйік ұстап жүрелік.
- Құрметті Ғалия Қалиоллақызы алға қойған мақсаттарыңыз жүзеге асып, тіліміздің
қуаты күшейсін дей отырыпсұхбатыңызға
көп алғыс.