Меню сайта
Категории раздела
Все выпуски за 2007-2009 гг [183]
см. все
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 38
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2009 » Октябрь » 1 » Тарихи тағылым Қазақстанда қанша «Алтын адам» бар?
01:10
Тарихи тағылым Қазақстанда қанша «Алтын адам» бар?

Әлем жұртшылығы  тарихы деректері  мен мүраларға қашанда үлкен  қызығушылыкпен , құлшыныспен қарайды. Жаһан жұртшылығының басым бөлігі туристік сапарға шыға  қалса,  міндетті түрде тарихи бай өлкелерге ат басын тірейді. Мәселен,  Мысырдың пирамидаларын  немесе Ұлы  Қытай қорғанын кқру  кедесінде сұлулыққа деген  құштарлығы бар жандардың барлығының армны болар. Ал, жекеей заттардың да құны ,      бағасы  жылдан – жылға артып келеді. Мысалы, әйгілі суретші  Леонардо да  Винчидің «Джокондасы» әлі күнге дейін  сақтандырылмаған екен. Оның  басты себебі картина құнының  жоқтығы  екендігі  бізге  бұрыннан  мәлім.

Қазақстан жерінде  де көптеген археологиялық  қазбалар табылған. Көне қалалардың  орны  халқымыздың  бай тарихынан  сыр шерткендей. Ал,  күні  бүгінге дейін жоғалмай  келген Тараз,  Түркістан  сияқты сан ғасырлық тарихы бар қалалар бүгінде  көптеген туристердің таңдана отырып  аралайтын мекеніне айналған.

Археологиялық  қазбаларға  келетін болсақ, бұл тұрғыдан Қазақстан  жерін зерттеудің негізгі жұмыстары ХХ ғасырда жүргізілген. Қала  орындары , зираттар,  мешіт- медреселеркең байтақ   Отанымыздың түпір- түпкірінен табылған.

Ал,  Алматы облысындағы есік қорғанынан «Алтын адам» табылған кезде  алыс –жақын  елдердің барлығы елең  еткен-ді..Бұл 1970 жыл болатын.  Археологиялық олжаны тапқан  тарих ғылымдарының докторы  Кемел  Ақышев  басқа да  ғалымдармен  кеңесе отырып бұл біздің заманымызға дейінгі  IV ғасырда өмірсүрген сақ ханзадасы деген шешімге келді. «Алтын адамның» бойындағы  қаруы  да, үстіндегі  киімі де түгелдей дерлк алтыннан құйылған. Бұл ең алдымен киімнің ішіндегі  адамның, сонан соң  оның  елінің дәулетін  көрсетсе, екіншіден сол кездің өзінде-ақ түсті металлургияның  қыр- сырын меңгерген тайпалардың  өмір сүргенін куәландырғандай. Аталмыш олжаның көшірмесі  Алматыдағы  Орталық мұражайға  қойылды, кейін қазақ  елінің басты символы ретінде  басқа  елдерде қойылған көрмелерге  шығарылды.   О ңтүстік  астананың орталық алаңында (Республика алаңы) Тәуелсіздік монументінің негізгі бейнесі де  осы «Алтын адам».

Қазіргі  кезге дейін  бұдан  басқа тағы екі «Алтын адамның»  табылғаны жөнінде  екінің бірі  біле бермейтіні анық. Бұл сөзіміздің растығын  дәлелдеу үшін олар  жайлы   да  мәлімет  бере кетейік. Екінші «Алтын адам» 1999 жылы  Атырау облысының  Аралтөбе қорғанынан табылған. Олжаны  қазу  жұмыстарын тарих  ғылымдарының  кандидаты Зейнолла Самашев жүргізген. Біздің  дәуірімізге  дейінгі III  ғасырға  жататын  осынау  алтынмен көмкерілген жанды  оның болат семсеріне  қарап, ғалымдар сарматттардың  көсемі  деген  қорытындыға  келген екен.

Ал, үшінші «Алтын адам»  2003  жылы  табылған. Профессор,  тарих ғылымдарының докторы Әбдеш Төлеубаев бастаған  археологтар  қауымы  бұл  олжаны  Шығыс Қазақстан облысының  Шілікті  жазығынан қазып  алған.  Ғалымдардың  паймдауынша, бұл «Алтын адам» біздің дәуірімізге дейінгі VII-VIII ғасырларда өмір сүрген. Мекен еткен жеріне  және үстіндегі құйма алтыннан жасалған  аң- құс белгілеріне  қарағанда сақ патшасына  келетін бұл  олжа әлі де  зерттелу үстінде.

Міне, сонымен күні бүгінге дейін  бір емес үш « Алтын адам»  табылғанынан хабардар  болдыңыздар. Ұлан байтақ  жері  бар  Қазақстан  жерінде  әлі  қанша «Алтын адам»  жатқаны белгісіз. Оны зерттеу уақыттың  еншісінде.

 

Зейінжамал Досжанова

 

 

 

Категория: Все выпуски за 2007-2009 гг | Просмотров: 17120 | Добавил: gazeta_KO | Рейтинг: 1.8/10
Всего комментариев: 0
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Архив записей
Друзья сайта
  • Интернет компания