Қазақтың ұлы ақыны
Абай Құнанбайұлының асыл, данышпан сөздері өнерлі азаматтарға арналған.
Өздеріңіз осы «Қарасу өңірі» газетін оқи жүріп Балабаев Болат Қабланұлының
еңбегінің куәгерісіздер. Уақыт өтер сағымдай демекші көзді ашып жұмғанша Болат
Қабыланұлы редакцияда қызмет атқарып жүргенінеде желтоқсанның оныншы жұлдызында
бір жыл толып отыр. Бұлда өміріндегі бірден-бір жетістік қой. Сол себепті Болат
Қабланұлы туралы газет бетіне мақала түсіруді шештік.
Болат Қабланұлының
кішкене өмірінен хабардар, біздің жаңадан келген қызметші Досжанова Зейінжамал
Ақмәдиқызымен сұхбаттастым. Зейінжамал Ахмадиқызы Болат Қабыланұлының мектеп
жасындағы ұстазы. Оның айтуы бойынша Болат Қабыланұлы бала жастан алғыр,
тәрбиелі әрі жан–жақты дамыған екен. Болат Қабланұлының жанұясы білім қуған,
өнерлі жандар. Осы аз уақыт ішінде аудандық газетіміздің тасы өрге қарай
біршама домалап қалды. Болат Қабланұлы келер алдында газеттің тиражы 670 дана
болса, қазіргі уақытта 3703 данаға да жетті. Бұл да алға қарай жылжығанның
белгісі емеспе. Сіздің жан–жақты біліміңіздің арқаңызда газетіміздің мазмұны
өте ауқымды, оқырман қауымның көңілінен шығуда.
«Халыққа ісіңнің де, сөзіңнің де ұнауы оңай іс
емес» деген екен қазақ атамыз. Әрине бұл сөз бекер айтылмаған ғой.
Сондықтандажігерлілігіңізбен тынымсыз
ізденпаздығыңызға алғыс айта отырып, мына өлең жолдарын арнаймыз: