Меню сайта
Категории раздела
Все выпуски за 2007-2009 гг [183]
см. все
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 38
Статистика

Онлайн всего: 9
Гостей: 9
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2009 » Сентябрь » 26 » ойтамшы Асыл мұрамызды ардақтайық
02:05
ойтамшы Асыл мұрамызды ардақтайық
Қазақ тілім өз тілім, ана тілім,

                                                               Абай, Мұхтар сөйлеген  дана тілім.

                                                         Қастерлейді ұл, қызың мәңгі сені,

                                                        Болашағым, бақытым, дара тілім. 

 

Тіл – атадан қалған асыл мұра. Ол өзге жұртқа елдігімізді танытатын, өткенімізді өшірмейтін, қанмен жазылған бай тарихымызды бүгінгі күнге жеткізетін шежіреміз. 

Адам баласы дүниеге келген сәттен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды, табиғат құбылыстарын ана тілінде ұғына бастайды. Бесік жырларынан бастап сан ғасырлар бойы халқымыз дәріптеп, дамытып келген қоғамдық, саяси - әлеуметтік мәдени, рухани байлықтарды адам ана сүтімен бойына енген туған тіл арқылы игеріп, игілігіне айналдырады.  Өткеніне көз жіберіп, ой елегінен өткізіп таразылайды, ғылым көкжиегіне шығарып самғатады, келешегіне жол сілтейді.

  Ана тілі арқылы адамдар бір – бірімен сөйлесіп, ойын жеткізеді., пікір алысады. Өзінің ана тілі арқылы оқып, білім алады, өз ортасында тәрбиеленеді.  Ана тіліміз  арқылы  халқымыздың өресін көрсететін, ұлы – ұлы әдеби, мәдени туындылар жасалды. Ана тілі – халқымыздың өмір сүріп, қоғамдық өмірде дамып отыруының көрінісі, әрі кепілі.  Біріншіден  ана тілі халқымыздың  дүниеге келіп, өмір сүруімен тікелей байланысты, екіншіден, ана тілін ұмытып, ана тілінде сөйлемеген, ана тілінде тәлім – тәрбие бере алмаған халықтың келешегі жоқ, тағдыры мүшкіл болып, тарих сахнасынан өшеді.

Ана тілін білмеген, қадірлемеген адам өзін жарық дүниеге әкелген, мәпелеп өсірген анасын да, ел – жұртын да, Отанын да сүйе де, қадірлей де  алмайды.Жастайынан қиялыңды қияға өрлеткен қиял – ғажайып ертегілер, сүйсініп тыңдайтын шыншыл да сыршыл  аңыз - әңгімелер, ерлікті, елдікті ту еткен батырлар жырлары, шынайы махаббатты мұрат еткен әсем де әсерліғашықтық, лиро – эпикалық жырлар, шешендік сөздер әрбір адамға сол ана тілінде жетіп отыр. Ана тілінде жырланған халық мұрасынан ғибрат аласың, өміріңе өнеге тұтасың, білім бұлағынан сусындайсың, сезіміңе әсер етіп,, білім – ғылым әлеміне  құлаш ұрасың. Абайдың даналығын, Махамбеттің батылдығын, Бұқардың ақылмандығы мен жанашырлығын, Абылайдың данышпандығын, Бөгенбай мен Қабанбайдың батырлығын түйісініп, рухани өміріңе азық етесің. Сондықтан да ана тіліңнің тағдыры үшін күйесің де, күйінесің де, шаттанасың да, шалдығасың да. Ана тіліңнің келешегі, тағдыры үшін неге болса да дайын бол!

Тіл арқылы оқып білім аламыз, мамандықты игереміз. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет – ғұрыптары, дәстүрлері тіл арқылы жетеді, тіл арқылы кейінгі ұрпаққа жалғасады. Ұлы Абайдың әсем де әсерлі, мәнді де мағыналы шығармаларын тек тіл арқылы оқып білеміз, үйренеміз, ғибрат аламыз. Сондықтан да халқымыз «Өнер алды – қызыл тіл» деп тегін айтпаған.

Тіл – қоғамдық құбылыс. Тенк қоғам бар жерде, ұжым бар жерде ғана тіл болады. Қоғамнан тыс жерде тіл болмайды. Тіл халықпен байланысты, сол халықтың өкілдері арасындағы қатынас құралы болып табылады. Тіл өзі қызмет етіп отырған халықпен, қоғаммен, бірге туады, бірге дамиды, өседі өркендейді, тіпті бірге құриды, өледі.

Тіл оймен, ойлаумен тікелей байланысты. Адам ойын тіл арқылы жеткізеді, жүзеге асырады.  Өзінің білген, ойлаған, түсінген, таныған ұғымдарын, ойларын екінші біреуге тіл арқылы баяндайды, хабарлайды. Сондықтан да тіл ойдың тікелей шындығы, көрінісі десек те артық болмас.

Тіл – күрделі құбылыс.

Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден – ақ бағдарлап, әрқайсысымыздың жетмізге жеткізіп, түйсігімізге түйіндіріп, түсіндіріп келді. «Өнер алды – қызыл тіл», «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады»; «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би»; т.б. халқысмыздың орынды сөзге қандай мән бергенін көрсетеді. Біз де ана тілімізді, ділімізді қадірлей, қастерлей білейік, таза болуына, дауына, өрлей өркендей түсуінет ат салысайық!Ол үшін бір – бірімізбен далада да, үйде де таза ана тілінде сөйлесейік, ана тілінде жазылған, айтылғаната – бабаларымыздың асыл мұраларын аялап, ардақтайық, жаттап алып айтып жүрейік, өмірімізге үлгі тұтайық. Қолымыздан келгенше ана тілімізде өлең, жыр, әңгіме жазайық. Ерінбейік, сәтсіздіктен мойымайық.

Елінің, халқының  адал ұл – қызы болам деген адам имандылыққа толы игі қасиеттерді қалыптастыратын әдептілікті, ізгілік пен ізеттілікке толы халықтың нұрлы, асыл сөздерін, тілдің жан тербетер құдіретін ана тілінде ұғып үйренеді. Яғни ғасырлар бойы жинақталған саф күмістейтіл  қазынасын, оның сөз байлығын адам жаны мен жадына  мысқалдап енгізу анадан басталады. Ал ананың ақ сүтімен бойымызға қоса даритын тіл мұрасын бар байлығымен, көркемдік қуатымен ұрпақтан – ұрпаққа жеткізуші, сөз жасап, дамытушы, тілді мейлінше қастерлеуші халық – тіл анасы, тіл бұлағы. Сондықтан да халқымыз тілін басқаша емес, ана тілі деп атаған.

Ана тіліміздің маңызы мен қоғамдық қызметі аса өор. Біріншіден, ол – қатынас құралы. Әр халық өкілдері бір – бірінің ойын ең алдымен ана ілі арқылы түсінеді, бір – бірімен ана тілінде сөйлеседі. Сондықтан В.И.Ленин: «Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы» – деген. Екіншіден, әр адам ана тілінде оқып, білім алады, тәрбиеленеді, өнер үйренеді, халықтың тарихымен, әдет – ғұрпымен танысып, тұрмыс – тіршілігін танып біледі. Үшіншіден, ана тілі – халықтың рухани, мәдени байлығының, экономикалық және тарихи  дамуының құралы.

Қазақ тілі – қазақ халқы үшін әдебиет,, мәдениет, ғылым мен білім тілі,

оқу – ағарту тілі түрлі іс қағаздарының тілі.   

         Мемлекеттік тілге көшу мәселесі  барысы тек сөз жүзінде қалып жатқандай көрінеді. Бұл мәселе көптеген мекеме мен жұмыс орындарында іс жүзінде қолына алына қойған жоқ, құжаттар мен іс қағаздары әлі күнге орыс тілінде жүргізіледі.

         Қандастарымыздың бойына ана тіліне деген сүйіспеншілік сезімін терең сіңіретін білімді де білікті мамандар еңбегінің арқасында өзге ұлт өкілдерінің де қазақ тіліне деген қызығушылығы күн өткен сайын артып келеді.

         «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, атадан мұра болып қалған асыл сөзімізді қадірлей білейік. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге әрқайсымыз ат салысайық.

                        Қайрат Балабаев 

Категория: Все выпуски за 2007-2009 гг | Просмотров: 9363 | Добавил: gazeta_KO | Рейтинг: 5.0/2
Всего комментариев: 0
Поиск
Календарь
«  Сентябрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Интернет компания