Меню сайта
Категории раздела
Все выпуски за 2007-2009 гг [183]
см. все
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 38
Статистика

Онлайн всего: 7
Гостей: 7
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2009 » Сентябрь » 26 » Екі жұлдыз
02:04
Екі жұлдыз

Аудан орталығындағы мәдениет үйінің сахнасында өз өнерін көрермендерге паш етіп жүрген жастар аз емес. Солардың ішінде көрермендердің қошеметіне бөленіп, алғыстарын алған Данияр мен Сабинадан сұхбат алдық.

-         Данияр, Сабина өздерің жайлы айтып кетсеңдер.  

-   Мен 1994 жылы 28 мамырда Қостанай облысы Қарасу ауданында Даутов Марал Көбейұлының әулетінде дүниеге келдім. 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін Май ауылында оқып, білім алдым. 6 сыныпта Қостанай қаласының №1 мектебінде оқыдым. Ал 7 сыныптан кіндік қаным тамған жер Қарасу аудандық орта мектебінде оқып жатырмын.

-   Мен де Сабина секілді 1994 жылы 6 мамырда Қостанай облысы Қарасу ауданында Мұрат шаңырағында дүниеге келдім. 1 сыныптан бастап аудандық мектепте білім алып жатырмын. Алғаш ұстазым Шаптур Светлана Владимировна. 6 сыныпта оқып жүргенімде анам мені домбыра үйірмесіне оқуға берген болатын. Домбыра үйірмесіне небары 1 жыл барып, тастап кетуге мәжбүр болдым. Себебі мектептің оқу бағдарламасы  жылдан – жылға қиындап, мен көңілімді оқуға бөлдім.

-   Бос уақыттырыңда немен айналысасыңдар?

-   Сабина: Бос уақытымда  ән айтып, кітап оқумен, өлең тыңдаумен және үй жұмыстарымен айналысамын.

-   Данияр: «Достық» мәдениет үйіне барып бойымдағы ән айту қабілетімді әрі қарай дамытамын. Достарыммен кездесіп қыдырамыз. Анама үй жұмыстарын істеуге көмектесемін.

-         Ән айтуға қызығушылықты оятқан кім?

-         Сабина: Менің өнерге қызығышулығымды анам оятты. Ән айту қабілеті анамның ақ сүтінен дарыған.

-         Данияр: Ән айтға қызығушылығымды анам оятты.Мені домбыра үйірмесіне берген де нам. Сахнада өлең айтып, өнерімді көрерменге паш етіп жүргенімнің анамның еңбегі деп білемін.

-         Қазіргі кезде жас әншілер көбінесе орыс әндерін айтуға тырысады.Соған сендердің көзқарастарың қандай?

-         Сабина: Мен көбінесе қазақша әндерді айтқанды ұнатамын. Ал орыс әндерін қолым бос кезімде тыңдаймын. Ең бірінші рет қазақша әнлді мәдениет үйіне барып айтқанмын. Содан кейін қазақша ән орындау маған ұнап күні бүгінге дейін қазақ әндерін ғана орындап келемін. Өйткені ана тіліміздегі әндер жаныма жақын.

-         Данияр: Менің таңдауым қазақ әндері. Өйткені әуені әсем, сөздері әсерлі, мазмұны терең әндер. Ал орыс әндері болса, мазмұны жоқ, құлаққа жағымсыз болып келеді. Жас әншілердің орысша әндер таңдайтын себебі өйткені олар қазақ әндеріндегі сөздердің мағынасын  түсінбейді деп ойлаймын. Сол себепті де олар орыс әндерін айтуға тырысады.

-         Құрған дуэттерің неліктен «Құрдастар» деп аталады. Осы жайлы айтып кетсеңдер.

-         Әуел баста екеуіміз  құрған дуэтімізді «Арман» деп атағымыз келген болатын. Екеуіміз ақылдасып бір жылда, бір айда туғанымызды ескере отырып, «Құрдастар» дуэті деп атадық.

-         Қандай өлеңдер айтқанды ұнатасыңдар? Халық әндері ме, әлде эстрадалық ән бе?

-         Екеуіміздің таңдайтынымыз эстрадалық ән. Өйткені сахнада ән айтып тұрған кезде көрермен қауымды жалықтырмас үшін құлаққа жағымды әндер айтуға тырысамыз.  Жақсы, әсерлі әндер айтқанда  көрермен көңілінде жақсы әсер қалады.

-         Қазақша әндер айтқанда ең басты мәтініне немесе мағынасына назар аударып таңдайсыңдар ма? Өлең айтқанда мағынасын түсінесіңдер ме?

-         Өлең таңдағанда екеуіміз өлеңнің мағынасына басты назар аударамыз. Өйткені біз әлі оқушымыз махаббат тақырыбына арналған өлеңдер айту бізге әлі тым ерте. Сондықтан да біз табиғат, өнер, туған жер тақырыптарына арналған өлеңдер айтуға тырысамыз. Әр, ақын, композитор Отанының сұлулығын, табиғатын жырлауға тырысады. Біз де ағаларымыз бен апаларымыз секілді туған жеріміздің сұлулығын жырлауға тырысамыз. Әнді орындаушы өлең таңдағанда ең бірінші көрерменге ал сосын барып өзіне ұнайтын әнді таңдауы керек деп ойлаймыз. Біңз қазақша ән айтқанда иағынасын түсінінеміз. Мағынасын түсінбеген әнші өлеңді нақышына келтіріп айта алмайды. Біздің пайымдауымызша өлең айтқанда әр сөздің мағынасына мән беріп, оны түсініп айтқанда ғана нақышына келтіріп көрерменге әсерлі де түсінікті жеткізе аласың.

-         Жаңа ғана бастап келе жатқан жас әншілер болғандықтан сендерге қазақ эстрадасының жұлдыздары ұнай ма?

-         Қазақстанның эстрадасында жұлдыздар өте көп. Бірақ соның ішінде дауысымен, әнді орындау ерекшелігімен Р.Рымбаева, Бүркт, Н.Есқалиева, К.Абдулина, Д.Ахмадиева, А.Кішкенбаев  секілді әншілер ұнайды.  

          Данияр, Сабина әңгімеңізге рахмет. Сендерге алдағы уақытта зор денсаулық, оқуда бестік, өнердің толқынында әрдайым жүзіп, биіктерден көріне берулеріңе тілекстеспін.

Категория: Все выпуски за 2007-2009 гг | Просмотров: 1913 | Добавил: gazeta_KO | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Поиск
Календарь
«  Сентябрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Интернет компания