Ауданымызға
домбырашы жас ұстаздар келді. Рудный музыкалық колледжін тәмәмдаған ағайынды
Мейір және Мәди Нұрмұхамедовтер. Ағайынды Мейір және Мәди жастайынан домбыраға
бейім болған. Мектепте оқып жүріп сонымен қатар музыкалық мектепте де оқыды.
Мектепті бітіргеннен кейін кімге болсын алдына бір үлкен сұрақ келеді. Ол “Кім
болам” деген сұрақ. Өмірде ең қйыны мамандық пен жар таңдау. Кейбіреулер
мамандықты жастайынан таңдайды, ал кейбіреулер еш мақсатсыз кез-келген
мамандықты оқисалады. Бір-ақ бұл екі ағайынды жігіттің жастайынан қалаған
мамандығы. сондықтанда ешбір мамандыққа қарамастан Рудный музыкалық колледжіне
түскен. Колледжде жақсы өнерлерімен көзге түсіп, көптеген жетістіктерге жетіп
оқуда жүріп өздерінен төмен курстың балаларына домбырадан сабақ берген. Сонымен
қатар орыс оркестірінің мүшесі боғлан. Қазіргі уақытта Мейір мен Мәди Қостанай
әлеуметтік техникалық жоғарғы оқу орнында музыка фокультетінде сырттай оқиды.
Ауданымызда домбырашы ұстаз жалғыз
еді, қазір енді үшеу болды. Қарасу ауданымызға келген ағайынды Нұрмұхамбетовтер
Балалар өнер мектебінде жұмыс істеп жатыр. Жас ұстаздардың айтуынша алдағы
жылдарға қарғанда бұл жылы домбырашы шәкірттер көп келуде. Ағайынды екі
жігіттің өнеріне қарасақ олар домбырада ғана емес сонымен қатар түрлі
аспаптарда ойнайдйы. Осы өнерлеріне қарап бұл жігіттерді “Сегіз қырлы, бір
сырлы” деп айтсақ дұрыс болады. Мейір және Мәди ағайынды екі жігіттің
мақсаттары бір. “Нағыз қазақ қазақ емес нағыз қазақдомбыра” демекші қазақтың қасиетті аспабы
домбырада ойнайтын нағыз қазақтарды көбейту. Сонымен қатар ауданымыздың
қазақоркестірін одан әрі дамытып,
шәкірттерін биік шыңдардан көру. Ағайынды Мейір мен Мәди бос уақыттарында
өздері білмейтін басқа ұлт аспаптарын үйреніп, спортпен айналысып, және де
түрлі романдарды оқиды екен. Тоқсан сөздің тобықтай түйініне келгенде олардың
алға қойған мақсаты Қарасу ауданындағы жас таланттарды одан әрі дамытып биік
шыңдарға шығару.