- Мектебіңізде мектептің бетке ұстар оқушыларыңыз бар ма?
- Еңбек етіп жүрген ұстаздарымыздың еңбек нәтижелері жақсы. Мектебімізде жақсы оқитын оқушылармен қатар үздік оқушыларымыз да
бар. Бұл оқушылардың ынталарының жоғарлылығы соншалықты, тіпті, ұстаздарының жинақталған
папкаларымен күні бұрын танысып алатын көрінеді. Олар: Рақымбеков Нұрсұлтан, Жанпейісов Ризабек. Міне, Нұрсұлтан мен Ризабектей неге
көп болмасқа?! Атам қазақ айтады: «Болар бала жасынан» - деп...
- Уақыт деген сағым сияқты. Жарты жыл да зымырап өте шыққан
екен.Оқу жылының жарты жылдығын тәмамдап қалған екенсіздер. Ұлберген Рамазанқызы білім көрсеткіштері қандай деңгейде екен?
- Білім жағынан көрсеткіштеріміз
қанағаттандарлық.. Бірінші сыныпта
бірінші жарты жылдықта баға қойылмайды, екінші жарты
жылдықтан бастап білімдері бағаланабастайды.
Екінші сыныптың білім көрсеткіштері – 75% - ға көтерілді. Үшінші сыныптың білім көрсеткіштері – 85% - ға көтеріліп отыр.
Алдағы уақытта оқу жылын жақсы көрсеткіштермен
тәмамдасақ деп отырмыз. «Жақсы десе, жан семіреді»десе емес
пе?!
Осы киелі шаңырақта тәжірибелі ұстаз, өз маманының хас шебері – Шакирова Ұмсынай Әлімжанқызы.
Ұлттық мектепте оқу - тәрбие жұмысында халықтық педагогиканы қолдану өте орынды
Ұлттық мектеп болғасын, балалар өздерінің тілін, ділің, тарихын,
ата-бабаларының салт- дәстүрлерін білуге тиіс,
танысып – білісіп, оны өз орнымен қолдана білуге дағдыландыру.
Мектеп ұжымы оқу бөлімінің меңгерушісімен кеңесіп, ақылдаса отырып, таңдап алынған қосымша сабақтар.Олар: «Қызықты
математика», «Тіл дамыту», «Қазақтың салт-дәстүрлері», «Қазақтыңұлттық ойындары». Осы қосымша сабақтарға оқушылардың ынталары, қызығушылықтары өте жақсы. Қуана-қуана қатысып, өздерінің көз- қарастарын ортаға салады.
Талпыныстары қуантарлық.. Білгім келеді, үйренгім келеді деген қарқынды құштарлықтары мұғалімдерді
қуанышқа бөлеп жүр.
Жас ұрпақтарды тәрбиелеуде, білім беруде, бір ғана ұстаздыңүйретуі жеткіліксіз. Бір 45
минотте мұғалім түгелдей білім беріп, ол баланы жан-жақты тәрбиелеп жетісе алмайды. Әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, әр балаға көңіл бөлінсе де, бастан – аяққамту мүмкін емес. Бұл жерде Ұстаз – оқушы – ата-ана
деген ажырамас тәрбиелеуші бағыттар ұдайы қарым – қатынаста болу
керек.
- Ата-аналардың білім ошағына,
балалардың тәрбиеленуіндегі көз қарастары қандай?
- Балалар мектептен кейінгі уақытта ата-аналардың бақылауында болуы керек қой. Баласының жақсы оқуына, өнерлі болса, өнер жолында
демеп жіберуге, жан-жақты қазіргі заман талабына сай азамат пен азаматша тәрбиелеп, бағыттау - әрбір ата-ананың міндеті.
Ата-аналарымыз мектепке жиі келіп, балалардың сабақтарына кіріп,
ұстазынан ақыл – кеңес алып, бағыт – бағдар алып жатқандары. Ұстаздарымыздың ерен еңбектеріне ата
– аналар дән риза. Мектебіміз ұстаз-оқушы- ата-ана
осы үш пирамида арқылы үздіксіз, ұдайы тығыз қарым – қатынаста
болашақ жас ұрпақты тәрбиелеудеміз.
-Ұлберген Рамазанқызы сұхбатыңызғарахмет! Келешек ұрпақтарға сапалы білім, саналы тәлім – тәрбие беруде
шығармашылық табыстар тілеймін.