Меню сайта
Категории раздела
Все выпуски за 2007-2009 гг [183]
см. все
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 38
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2009 » Октябрь » 1 » Бауыржанның қанатты сөздері
00:57
Бауыржанның қанатты сөздері

Еліміздің дара ұлдарының бірі, бірегейі Бауыржан Момышұлының мұздай құрсаулы  қаруын қаламға айырбастаған айбынды жазушы екенін де білеміз. Ол қайда жүрсе де өз  ортасына орасан беделді, артына жігерлі де қайратты, өнегелі де өрелі сөздер қалдырған, ешкімнен беті қайтпаған, көргенін көңілге түйіп, өскелең ұрпаққа мұра етіп қалдырған.  Баукеңнің сол қанатты сөздерінің бір бөлігін оқырман назарына ұсына отырып, жастардың санасына отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттер ұялатуда көп себі тиер деген ойдамыз.

 

Орынды зіркілдеу - сабақ, орынсыз зіркілдеу – азап. Орынды зіркілдеу жастарды дұрыс жолға, орынсыз зіркілдеу бұрыс жолға салады.

 

Алтын басты болсаң да, ардан  артық  емессің.

 

Анамыздың ақ сүтімен  бойымызға дарыған ана тілімізді ұмыту – бүкіл ата - бабамызды,  тарихымызды ұмыту.

 

Тізе бүгіп, тірі жүргеннен, тіке тұрып, өлген артық.

 

Ана үшін аянба – ант ұрады, бала үшін аянба – бетін күйеді, елің үшін аянба – ерлігіңе  сын, жұртың үшін аянба – жігіттігіңе сын.

 

Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып істе.

 

Азаматқа өмірден де ар қымбат, өлімнен де ұят күшті.

 

Тексізден тезек артық,

Арсыздан айуан артық.

 

Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, әдісіңе ақылыңды жолдас ет.

 

Отанда опасызға орын  жоқ.

 

Ақылды кісінің сөзі де, өзі де сүйкімді.

 

Сын ерді шыңдайды, қорқақты қинайды.

 

Ашуыңа ақылыңды жеңдірме, өз сабаңнан шығып кетпе.

 

Кішіпейілдік – адамгершілік көркі.

 

Таяқтан тайсалмасаң, семсерден сескенбесең, жеңдім дей бер.

 

Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы.

 

Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп, қызмет етуден аянба

 

Ежелден ер тілегі - ел тілегі, адал ұл ер боп туса – ел тірегі.

 

Ерлік – тәрбие жемісі.

 

Айқаймен ала алмайсың, ақылмен, айламен басқар.

 

Мақтау қауіпті нәрсе.

 

Мақтаудың екі түрі бар: біріншісі – қара ниетті мақтау, екіншісі – ақ ниетті мақтау.

Категория: Все выпуски за 2007-2009 гг | Просмотров: 10056 | Добавил: gazeta_KO | Рейтинг: 2.3/9
Всего комментариев: 0
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Архив записей
Друзья сайта
  • Интернет компания