Меню сайта
Категории раздела
Все выпуски за 2007-2009 гг [183]
см. все
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 38
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2009 » Сентябрь » 30 » БАЙЫРҒЫ ЗАМАН
02:18
БАЙЫРҒЫ ЗАМАН

     Бір ақиқаттың басы ашық. Ол  - Қазақ даласында ежелгі заманнан бастап, бүгінгі күнге дейін ұрпақтар сабақтастығының үзілмей жалғасып келе жатқаны. Қазақ халқа қазіргі атамекеннің автохтонды тұрғыны, яғни қазақтар Қазақстанның бірден-бір тұрғылықты халқы. Археологиялық  олжалар адам әулетінің Қазақстан жерінде ежелгі тас дәуірінен (палеолоит) бері қарай жалғасқан тіршілік іздеріне куә ондаған - жүздеген айғақты көлденең тартады. Қазақ даласында щамамен, осыдан 10 – 15 мың жылдай бұрын қазіргі географиялық ортаға ұқсас жағдай қалыптасып үлгерді. Яғни шығысын Алтай, оңтүстігін Тянь - Шань сілемдері көмкеріп, солтүстігін Батыс Сібір жазығы шендеп, батысын Еділ - Каспий ойпаты орап жатқанымен, Қазақ даласының басым бөлігі қуаң, жартылай қуаң болып келеді. Алайда, бұл даланың  өсімдігі шүйгін, жан - жануарға  айрйқша жұғымды. Алғашқыда терімшілік, содан кейін егіншілік кәсіппен айналысқан сахара тұрғындары бірте-бірте мал щаруашылығына ауысып, экожүйенің ткабиғи бітіміне бейімделді. Ұлы Дала төсінде шырқай көшіп, жыл құсы сияқты қатал табиғат құрсауынан сытылып шығуға мүмкіндік беретін көш-қон үрдісін қалыптастырады. Ұзақ уақыт тәжірибе шыңдайды. Нәтижесінде, жаңаша жыл санауға дейінгі II-I мыңжылдықтараясында адамзат тарихындағытүбірлі өзгерістердің себепшісі ьолған көшпелі өмір салт қалыптасты. Мұны ғылым тілінде салт атты көшпелілер өркениет деп атайды.

    Еуразияның далалық алқабында  қалыптасқан көшпелілер парсының сына жазуларында сақтар деп аталса, грек афторлары азиялық скифтер деп, қытай жылнамалары ғұн, хүн (сиуңну) деп атады. Есіктен, Берелден, Үстірттен табылған әйгілі археологиялық олжалар, ондағы «Алтын адамдар» атанып кеткен сән - салтанатқа малынған айғақтар сол көшпелі тайпалардың әлеуметтік - саяси негізінің тегерінін танытады. Яғни, Жетісу алабын қоныс еткен қаңлылар, Арал мен Каспийдің төңірегіндегі алаңдар тайпалық одақтарға ұйысып, көшпелі мал шаруашылығына қоса  темір қорту, егін егу сияқты кәсіптерді де дамыта білді.Атқа тақым басқан көшпелілер Ұлы Жібек жолының ұшталуына бірден бір себепші болып, төңірегіндегі іргелі елдермен экономикалық, саяси және мәдени байланыстар орната бастады. Мемлекеттіктің өзіндік үлгісі қалыптасып, тайпа көсемінің өкімет билігін атадан балаға мирас ету үрдісі орнықты.

    Табиғи ортаға тез бейімделіп, мал шаруашылығын күрт дамыту көшпелі тайпаларды әлеуметтік жағынан да, саяси тұрғыдан да кемелдендіріп, қуатты күшке айналдырды. Әсіресе Алтай алабындағы көшпелілердің шарасынан асып төгілгендей батысқа қарай лықсуы Еуразия көшпелілерін бұрынғыдан да шыңдап ширықтыра түсті. Сол бір алыс кезеңде қалыптасан көшпелі тайпалар, олар құрған мемлекеттік бірлестіктер қашан отты қару пайда болғанға дейінгі ұзақ уақыт аясында адамзат тарихындағы ең куатты да құдіретті күштердің бірі болып қалды. Бұл орайда, Шығыстан салынған Ұлы Қытай қорғаны, Александр Македонскийдің осы даладан сансырап шегінуі, Бабылға (Вавилон) тізе бүктірген Дарийдің бұл даладан тауы шағылып қайтуы, әйгілі Кирдіңосы далада қанға тұншығып өлуі, қуатты Рим империясының көшпелілер (Еділ – Атилла) шапқыншылығынан соң құлауы сияқты кесек – кесек мысалдармен шектеуге болады. Ахемен әулеттің аузынан жалын шашқан ұлдары да, ұлтарағына дейін темір құрсанған македрндық гректер де, Қытай империясын жер қайыстырған жауынгерлер де діни сенім жолында басын бәйгеге тіккен жөйттер мен арабтар да ұдайы Ұлы Дала көшпелілерімен санасып, Ключевкийдің сөзімен айтқанда, оларды тәңірдің дырауына балады.

     Ең бастысы, Ұлы Дала төсінде қалыптасқан көшпелі өмірге сай мәдениет қалыптасты, саф таза өнер туындады. Құндылықтарды парықтайтын салт-дәстүр орнықты. Бұлардың бәрі қосылып өзіндік  болмыс-бітімі бар көшпелілер мемлекеттігінің берік негіздерін құрды.

      Тарих табалдырығынан аттағалы келе жатқан орта ғасырлар қарсаңында Еуразия көшпелілерінің құрсағында түркінің тәңір тектес ұрпағы жарық дүниеге әмірін жүргізу үшін асыға бұлқынып жатты.

 

Дастан Нөпіров

«Елтұтқа» кітабынан     

Категория: Все выпуски за 2007-2009 гг | Просмотров: 1155 | Добавил: gazeta_KO | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Поиск
Календарь
«  Сентябрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Интернет компания