Меню сайта
Категории раздела
Газета "Карасу Оniri" [40]
наши статьи
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 38
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » Статьи » Газета "Карасу Оniri"

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 16 наурыздағы №53 қаулысы

«Қарасу    ауданының    2009     жылға арналған  аудандық бюджеті туралы»  Қарасу     аудандық      мәслихатының

2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 100 шешімін іске асыру туралы

 

 

         Қазақстан  Республикасының  2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 242-бабына, «Ұлы Отан соғысының қатысушалары мен мүгедектеріне  және  соларға  теңестірілген  адамдарға  берілетін  жеңілдіктер мен   оларды   әлеуметтік   қорғау   туралы»   Қазақстан   Республикасының   1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді   әлеуметтік   қорғау   туралы»   Қазақстан   Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан   Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, «Қарасу   ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Қарасу аудандық мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 100 шешіміне сәйкес және «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. Аудандық бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер белгіленсін:

         1) тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерде қайтыс болған кәмілет жасқа толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек;

         2) тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерде қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек;

         3) мүгедек-балаларды компьютерлік томографта қаралуымен байланысты есеп айырысу құжаттары негізінде қаралу бағасынан жүз пайыз мөлшерінде шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек; 

         4) тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерде туберкулезбен ауыратын азаматтарды емханалық емделу кезеңінде қосымша тамаққа жыл сайындық бір жолғы әлеуметтік көмек;

         5) Жеңіс күніне Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 5000 теңгеден және соларға теңестірілген адамдарға – 1000 теңгеден жыл сайындық бір жолғы әлеуметтік көмек;

         6) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне тұрмыстық мұқтаждықтарына (моншалар және шаштараздар) 500 теңгеден ай сайындық  әлеуметтiк көмек;

         7) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне және соларға теңестірілген адамдарға «Костанайские новости» немесе «Қостанай таңы» газеттерiне жазылуын ресiмдеуге, телефонды орнатуға әлеуметтiк көмек;

         8) Ұлы Отан соғысы, еңбек ардагерлерінің Туған күнінің мерейтойына 3000 теңгеден 10000 теңгеге дейін әлеуметтік көмек;

         9) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне отынды (көмір, отын) сатып алуға және коммуналдық қызметтерді (электрэнергия) төлеуге 30000 теңгеге дейін бір жолғы әлеуметтік көмек;

         10) тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген үйде тәрбиелеп және оқып жатқан мүгедек-балаларға айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерде әлеуметтік көмек;

         11) шұғыл әлеуметтік қолдауда мұқтаж еткен (емделу, тұрмыстық мұқтаждықтар, апатты кесапаттар және басқалар) отбасыларға жылына бір реттен көп емес, ерекше жағдайларда емделуге – жылына екі рет 30000 теңгеге дейін бір жолғы әлеуметтік көмек;

         12) аудандық бюджет қаражаттар есебінен Қарт адамдардың күніне және Мүгедектер күніне 1000 теңгеден бір жолғы әлеуметтік көмек;

         13) аудан мұқтаж ететін мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының жоғары және орта-арнайы оқу орындарында оқуын төлеу үшін орта жалпы білім беретін мектептердің түлектеріне әлеуметтік көмек;

         14) республикалық және жергілікті маңыздағы дербес зейнеткерлерге және еңбек сіңірген қызметкері атағы бар зейнеткерлерге 30000 теңге мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек;

         15) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектерiне, тыл еңбекшілеріне, мүгедектеріне айлық есептік көрсеткіштің он бес еселенген мөлшерде санаторлық-курорттық емделуге бір жолғы әлеуметтік көмек;

         16) «Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен наградталған ардагерлерге 20000 теңге мөлшерінде және соғыс жылдарында 6 айдан және одан астам жұмыс істеген тыл ардагерлерге 10000 теңге мөлшерінде коммуналдық қызметтерге бір жолғы әлеуметтік көмек;

         17) фенилкетонуриямен ауыратын мүгедек-балаларға 90130 теңге мөлшерінде ай сайындық әлеуметтік көмек.

         2. «Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті органы болып белгіленсін.

         3. Мыналар белгіленсін:

         1) құжаттар 1-тармағының 5, 6) тармақшаларды қоспағанда әлеуметтік көмекті     көрсету     жөніндегі     аудандық    комиссиясымен,     1-тармағының  7, 8) тармақшалар аудандық Ардагерлер кеңесінің қолдаухаты бойынша қаралады;

         2) кәмілет жасқа толмаған балаларды жерлеуге ата-ананың біреуіне немесе өзге де заңды өкілге егер еңбекке қабілеттілігі бар ата-анасы (бала асырап алушы) бала қайтқан күніне уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда әлеуметтік көмек тағайындалады;

         3) өлердің алдында уәкілетті органда жұмыссыз ретінде ресми тіркелген қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындалады;

         4) мүгедек-балаларды компьютерлік томографта тексеруімен байланысты шығындарды өтеуге мүгедек-баланың ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне отбасының табыстарына қарамастан әлеуметтік көмек тағайындалады және төленеді;

         5) уәкілетті органымен берілген тізімдерге сәйкес екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың сәйкестік түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар болған ұйымдар арқылы әлеуметтік көмекті алушылардың жеке есепшоттарына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен әлеуметтік көмектің төлемдері жүзеге асырылады.

         Аудан аумағында тұрақты тұратын тұлғалар бір жолғы әлеуметтік көмектің алушылары болып табылады. 

         4. Тағайындалған әлеуметтік көмектің төлемі алушының қайтыс болған немесе ауданның шегінен тұрақты тұрғын орынға көшіп кеткен сәттен бастап тоқтатылады.

         5. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі уәкілетті органымен бекітіледі.

         6. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарлама бойынша әлеуметтік көмектің қаржыландырылуы жүргізіледі.

         7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің орынбасары Б.Қ.Бекеновке жүктелсін.

8. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қарасу ауданының

    әкімі                                                                        Қ.Ахметов                  

                           

Нормативтік   құқықтық   актілердің   мемлекеттік   тізілімінде    2009   жылғы    30 наурыздағы  № 9-13-81  болып  тіркелді.

Категория: Газета "Карасу Оniri" | Добавил: gazeta_KO (25.09.2009)
Просмотров: 975 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Поиск
Друзья сайта
  • Интернет компания