Меню сайта
Категории раздела
Газета "Карасу Оniri" [40]
наши статьи
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 38
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » Статьи » Газета "Карасу Оniri"

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 16 наурыздағы №52 қаулысы

Қарасу  ауданында  2009  жылға арналған  халықтың  нысаналы

топтарының      тiзбесiн     бекiту   туралы

 

 

 

         «Қазақстан   Республикасындағы   жергілікті   мемлекеттік   басқару   және  өзін-өзі   басқару   туралы»   Қазақстан   Республикасының   2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының   1-тармағының   13) тармақшасына,   «Халықты жұмыспен  қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

                1. 2009 жылға арналған халықтың нысаналы топтарының тiзбесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

         2. «Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуды жәрдемдесу жөнiндегі шараларды қамтамасыз етсiн.

         3. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімi                                                                          Қ.Ахметов

        

 

 

 

Нормативтік   құқықтық   актілердің   мемлекеттік   тізілімінде    2009   жылғы    30 наурыздағы  № 9-13-80 болып  тіркелді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әкімдіктің

2009 жылғы 16 наурыздағы

№ 52 қаулысына қосымша

 

 

2009 жылға арналған халықтың нысаналы топтарының тiзбесi

 

 

         1. Табысы аз адамдар;

         2. Жиырма бip жасқа дейінгі жастар;

3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

         6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалғанда);

         7. Мүгедектер;

8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9. Бас бостандығынан айыру және мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

         10. Оралмандар.

         11. Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім оқу орындарының түлектері.

         12. Бес жасқа дейінгі баласы бар ана.

         13. Елу жастан үлкен адамдар.

         14. Уәкілетті органының бағдары бойынша кәсіптік оқуды аяқтаған жұмыссыздар.  

15. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін адамдар (он екі және одан астам ай).

16. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастағы жастар.

Категория: Газета "Карасу Оniri" | Добавил: gazeta_KO (25.09.2009)
Просмотров: 755 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Поиск
Друзья сайта
  • Интернет компания