Меню сайта
Категории раздела
Все выпуски за 2007-2009 гг [183]
см. все
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 38
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2009 » Сентябрь » 15 » Өзекті мәселе
01:41
Өзекті мәселе

Тәртіп  сақтау  органында  мемлекеттік  тілдің қолданылуы  және  оның  жүзеге  асырылуы  қандай 

                                               деңгейде?

Қазақ  тілі – небір  күрделі  ойды, стильдік тармақтары  сараланған,  сөз  байлығы  аса  мол, ұлттық  тіл  деңгейіне  көтерілген  қазақ халқының  ұлттық тілі, Қазақстан Республикасының  мемлекеттік  тілі.

 

 

 

Осы туындалған  сұрақ  төңірегінде  Қарасу  аудандық ішкі істер бөлімінің  мемлекеттік тілді  дамыту тобының  инспекторы, полиция  аға  лейтенанты  Мырзаболатов  Бақытжан  Жұмабайұлынан  сұхбат алуды жөн көрдім.

-Бақытжан  Жұмабайұлы, ішкі істер бөлімінде  мемлекеттік  тілді қай уақыттан  бастап  қолға алдыңыздар?

            Мемлекеттік  тіл  дамыту  тобы  Қарасу  ішкі істер  бөлімінде 2008 жылдан  бері қолға  алып, үйреніп  іс  жүзінде  асырудамыз.

Дамыту тобының  мақсаты- тек  қана сабаққа  қатынасып қоймай, сонымен  қатар қызмет  бабында  таза  сөйлеп,  іс қағаздарын  сауатты  толтыру. Күнделікті  қызмет  барысында  кездесіп  жататын  құжаттардың  рәсімделуінде  ұқыпты  болу.

 

-Осы  мемлекеттік тілдің  жүргізу  жоспары  жергілікті органның  басшыларымен  келісімді  түрде  ме?

            Органға  оқыту жоспары Қазақстан  ішкі  істер министрлігімен  бекітіліп  келеді. Арнайы бекітілген  жоспарлармен  мемлекеттік  тілді үйреніп,  сабақ  алудамыз.

Мемлекеттік  тілді  дамытуда,  тілдің  қыр- сырын  терең  түсіндіре  білетін, Қарасу  орта мектебінің   тәжірибелі  ұстазы Сауытпаева  Ақбілек  Әбдіхалыққызы  дәріс  жүргізеді.

 

-Бақытжан мырза, ішкі  істер бөлімі қызметкерлерінің қазақ тіліне бет- бұрыстары  қалай?

 

            Жалпы алғанда,  қазіргі  таңда  тілге  деген   ынталары  анағұрлым  жоғары,  патриоттық  рухтары  күннен-күнге  артуда.

Ел  басының  ілгеріректе  айтқан  мына сөздеріін  тілге  тиек  етіп  отырмын, «қазақ  қазақпен  қазақша  сөйлессін»  деген  сөзі бізге «отбасыңда, қызметте, жұмыста  қазақша  сөйле»  деген  сөздерін  неге  ұмытып  жүрміз. Оқыған, білген  адамға  бұдан  артық ұран жоқ.

 

-Ішкі  органда  мемлекеттік тілден  сабақтар  бекітілген  кесте  бойынша  жүргізіліп  тұрады  екен, енді,  осы  игі  істің  нәтижесі  туралы  не  айтар  едіңіз?

            Қарасу  аудандық ішкі  істер  бөлімінде   мемлекеттік  тілді дамыту жөнінде  жұмыстар  жүйелі  жүргізілуде, Көптеген  азаматтарымыз бен  азаматшаларымыз   күнделікті қарым – қатынаста  өз  біліктіліктерін  көрсетіп жүр. Қызметкерлеріміз  тәртіп  сақтау  органдарының  құжаттарын  жоғарыдан қазақша  қабылдап,  іскерлік  құжаттарды мемлекеттік тілде  жіберіп  жүрміз

Келіп  түскен құжаттарды  компьютерде  мемлекеттік  тілде рәсімдейді.

Ең  бастысы- ынта мен   жігер бар. «Көш жүре-жүре  түзіледі» емес пе?

 

Сіздер  қарым- қатынаста  келіп- түсіп  жатқан  іс  қағаздарын, құжаттарды  екі  тілде  рәсімдеп  жүрсіздер. Тіл  мәселесіне  орай  жалпы  барлық  органдарда,  барлық  салаларда  таза  мемлекеттік  тілде  болуы  шарт  деп  айтамыз.

 

Тіліміздің  жанашары, маманы  ретінде  сіздің  көзқарасыңыз:

            Әрине, тіл  саясаты- бүкілхалықтық   саясат. Елдер біріге  отырып, бір- біріне  терең  түсіністікпен  қарап  шешілетін  жағдай. 70 жыл  бойы  бұғаулықта  болып  келген  тілімізде  дәл  қазір  сайрап  кетеміз  деп  айту  оңай  шаруа  емес. Сол  себепті  әр қайсымыздың  міндетті  борышымыз- нақты, нәтижелі  қадам  жасау.

Бүгінгі күні  қай жерде  болмасын  таза мемлекеттік  тілде  сөйлеп,  құжаттарды, іс  қағаздарын  қазақ  тілінде  рәсімдеу  жеңіл- желпі жұмыс емес.Әзірге  іс қағаздары  екі  тілде,  алдағы уақытта мемлекетттік  тілді  меңгеріп, тіл тағдыры  мәсәлесі  шешіледі. Тіл тағдыры – ел  тағдыры – демекші, өркениетті  елдер қатарындамыз деп , ел  болып  қолға  алсақ , шешілмейтін  мәселе  бар ма?

 

             Өзекті  мәселеге  орай берген  маңызды  сұхбатыңызға  көп  рахмет.

   Құрметті Қарасу  ішкі  істер  бөлімінің  полиция қызметкерлері!

Тілімізді  дәріптеп, тілдік  орта  құрып,  мемлекеттік  тіліміздің  мәртебесін биік  ұстайық!

Категория: Все выпуски за 2007-2009 гг | Просмотров: 1323 | Добавил: gazeta_KO | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Поиск
Календарь
«  Сентябрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Интернет компания