Меню сайта
Категории раздела
Все выпуски за 2007-2009 гг [183]
см. все
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 38
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2009 » Сентябрь » 18 » Тың -2009 24- жазғы облыстық спартакиада
01:47
Тың -2009 24- жазғы облыстық спартакиада

Көктем  айының  бірі- сәуір айының  2- жұлдызы. Жадыраған  жарқын  күн. Жасөспірім – балалар  спорт  мектебі.

Ойын  басталар алдында  спортшыларымыз денелерін шынықтырып, іс-қимылдарын  ширатып  алып  жатты. Спортшыларымыздың  көңілін  биікке  асқақтату ретінде  спорт маршы ойналып тұрды.

Бұл  24- жазғы облыстық  спартакиадасына  облысымыздың  Қостанай , Арқалық қалаларынан, Әулиекөл, Таран, Амангелді, Қарабалық  аудандарынан  спортшылар  келді.

Салтанатты  ашылудың да   уақыты  таяп  келеді. Спорт әуесқойларының жүздері  көтеріңкі , бір-бірлерімен танысып, қауышып жатты.

Жаттықтырушылар  өз спортшыларын  топқа  жинап, стартқа дайындады. Спорт  маршы  тоқтатылды.

Спартакиада  Қазақстан Республикасының  ән ұранымен  ашылды.

Салтанатты  ашылу  мемлекеттік  тілде  және  орыс тілінде  жүргізілді.

Ашылуға  аудан әкімінің  орынбасары  Бекенов  Болат Қажыбайұлы қатысты

Құттықтау алғы сөз  Болат Қажыбайұлына беріледі.

Қайырлы күн, жиналған қауым, жас спортшылар!

Құрметті, жазғы  спартакиаданың  қатысушылары!

Сіздерді  жастық  шақ  жазғы спартакиаданың  басталу мерекесімен  құттықтаймын.Ойында  сіздерге  тілейтінім: жақсы  көңіл-күй, сергектік іс- қимыл, үлкен  жеңістер!Сәттілік секундтар, сәттілік минуттар болсын!

Қазақ  жерінде  қандай  да  мереке  әнсіз, күйсіз  өткен бе? Әрі бір қуанышты мереке екінші  қуанышты мерекеге айналып  отыр емес пе? Биылғы  жыл  тың  және тыңайған  жерлердің игеруіліне – 55 жыл. Осы 24 жазғы спартакиада мерекесі  тың  мерекесіне  сәйкес  келіп  отыр.

Спартакиаданың  салтанатты ашылуына ауданымыздың өнер мектебінің  өнерлі жігіттері – Нұрмұхамбетовтер жас жалынға  күмбірлеген  күйлерін арнап,  нәшіне келтіріп, орындап беріп, мерекелік ән шашуды бастап- ақ  кетті. Домбырасыз ән қайда, домбырасыз сән қайда?!- демекші.

24 жазғы облыстық спартакиада және Тың- 2009.

Қостанай  облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының  бастығы Суслов  Виктор Александровичке берілді.

Қайырлы күн,жиналған қауым, Қарасу ауданының  тұрғындары, жас спортшылар!

Жастық  спартакиадасына жалынды сәлем!

Тың-2009 спартакиадасына жалынды сәлем!

Спартакиадаға 150 спортшыларымыз қатысып  отыр. Жақсы жабдықталған жататын орындарымен,  дәмді дастархандарымен  құшақ жая  қарсы алды. Қарасу аудан басшыларына, жасөспірім спорт мектебінің ұжымына, аудандық  дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығына  мың да  бір рахмет!

Мерекелік ән шашуын аудандық  мәдениет үйінің  күміс көмей әншісі- Нұрбол Құдабаев «Туған жер» әнін асқатата  орындап берді. «Жақсы ән  мен тәтті күй , құлақтан кіріп, бойды алар» дегендей , жас спортшыларымызға  бойларына сергектік  күш- жігер сыйлап, алға қарай талпындырды.

Азамат Ыбыраев –«Колос» жастар ойын-сауық орталығының директоры. Екі тілде де  ән шашуын спортшыларға арнады.Мерекемен құттықтап, қомақты жеңістер тіледі.

Әнші жігіт жас спортшыларды кешкілік жастар орталығына дискотекаға шақырды. Мерекенің құрметіне байланысты дискотека тегін өткізіледі.

Жақсы шағын мерекелік ашылудан кейін ойыншыларымыз да  ойындарын бастап кетті. Әр топтың жаттықтырушысы өз спортшы- ларының жан күйерлері болды.

Баскетбол  алаңына Қостанай қаласының  баскетболистері мен Қарасу ауданының құрама тобы шықты. Ойын барысында қала тобының бірден  қарқын алғандығы байқалды. Жақсы дайындықпен  келгендері көрініп- ақ тұр. 4 дүркін ойында Қостанай автомобиль-транспорт колледжінің студенттері жеңіске жетті.42:76.

Жеңіске  жеткен студентті сөзге тартқанда:

Аты- жөнім- Молоков Алексей  Геннадиьевич. ҚАТК-нің 3- курс студентімін Жақсы оқимын. Баскетболмен 11 жыл  бойы айналысып келемін. Спорттың  бұл түрі  өзіме  ұнайды.

-Алексей, қандай  мақсатпен келдің?

         -Біріншіден, спартакиадаға қатысу, екіншіден, ойын болғасын жеңіс  те , жеңіліс те бірге  жүреді  емес пе?

Әрине. Жеңіске  жетеміз бе деп  ойлаймын, Оған  уақыт төреші

-Сізге  спартакиаданың  ашылуы  ұнады  ма?

         Бізді  Қарасу ауданының  басшылары жақсы  қарсы  алды.

         Бүгінгі спартакиаданың  салтанатты  ашылуы бойымызға  күш-қуат дарытты. Ауданның  жас спортшылармен,  әншілерімен  танысып –білісіп  жатырмыз. Осындай  сый-құрметтеріне  көп-көп  рахмет!

Келесі  кезекте  спорт алаңына Арқалық қаласынан және Қарабалық  стансасынан  келген  баскетболшы қыздар тобы  ойынға шықты. Спортшыларымыз  дайындық үстінде  алдын-ала  жаттығулар  жасау кезеңінде  Арқалық  қаласынан  келген  спортшы студенттен  «Тың 2009» спартакиадасына  қандай  мақсатпен  келдіңіздер?- деп  сұрағанда:

         -Біріншіден, өзімді  таныстырып  қояйын,  аты-жөнім-Нүриева

Зарина  Вагифқызы. Арқалық  пед  колледжінің  3 -курс  студентімін. Баскетбол ойынын  қолға  алғалы 5 жылдың  шамасы болып  тұр.

-Зарина, осы спорттың  түрімен  айналысқаннан бері  тағы  да  облысымыздың қандай  спартакиадасына  қатыстыңыз?

         2002 жылы  Қостанай, Лисаковск, Рудный  қалаларында  болып  өткен  турнирлеріне  қатысып,  ат  салысып  жүрмін.

-Жарыс- ойынының  алдындағы  көңіл –күйіңіз қалай?

         -Көңіл-күйіміз  өте  жақсы, бірақ  та ,шынын  айту керек,  қобалжу  үстіндеміз. Жеңісті  қолдан бермеуге  тырысамыз.

-Сұхбат  бергеніңізге  көп-көп рахмет! Алда  жеңіске  жете  беріңіздер.

02.04. - 05.04. аралығында  өткен  облыстық  турнир ойындарында  Қостанай қаласынан келген  спортшылар финалға  шықты.

Сонымен, қостанайлықтар ( ерлер  мен  әйелдер арасында ) жеңіске  жетіп  отыр.

                            Материалды  дайындаған  Жамал  Жолмұхамед.
Категория: Все выпуски за 2007-2009 гг | Просмотров: 2411 | Добавил: gazeta_KO | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Поиск
Календарь
«  Сентябрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Интернет компания