Меню сайта
Категории раздела
Все выпуски за 2007-2009 гг [183]
см. все
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 38
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2009 » Октябрь » 1 » «Өткен күнде белгі жоқ» дейді қазақ. Көрген бейнет, төккен тер тарихқа енгеннен кейін ұмытыла бастайды. Өйткені бейнеттен кейін – зейнет, ад
00:52
«Өткен күнде белгі жоқ» дейді қазақ. Көрген бейнет, төккен тер тарихқа енгеннен кейін ұмытыла бастайды. Өйткені бейнеттен кейін – зейнет, ад

«Өткен күнде белгі жоқ» дейді қазақ. Көрген бейнет, төккен тер тарихқа енгеннен кейін ұмытыла бастайды. Өйткені бейнеттен кейін – зейнет, адамның жақсылыққа тез үйреніп, тез бауыр басатыны белгілі.

Алайда, зер салып қарайтын болсақ, бүгінгі қол жеткен табыстардың өзінен өзі келмегеніне, ол үшін қыруар еңбек, жігер-қайрат, тынымсыз ізденіс, нар тәуекел қажет болғанына көз жеткізер едік. Кеңестер одағынан бізге қалған мұра – күйзелген шаруашылық, күйреген экономика, тоқтаған өндіріс, тоқыраған ғылым, қысқасы, барлық саладағы дағдарыс болғанын өздеріңіз де жақсы білесіздер. Дағдарыстан шығу қашанда оңай шаруа болған емес. Экономиканы мүлде басқа жүйеге ауыстыру, нарық заңдылығын игеру, кадр мәселелерін шешу, ескі дағды, ескіше ойлаудан арылу біз үшін оңайға түсті деп айта алмаймыз.

Көп ойландық, көп іздендік, шетелден консультанттар шақырдық. Қалайда аз уақыттың ішінде тығырықтан шығу қажет болды. Мінеки, осындай ұлы мақсат, қауырт қажеттіліктен барып «Қазақстан-2030» Стратегиясы дүниеге келді.

Одан бері он жыл өтті. Он жылда өзге елдер бірнеше он жылда жетпеген биіктерге қол жеткіздік. Стратегия бізге жарқын жеңістер мен тамаша табыстар әкелді. Қазақстан тәуелсіздік тарихын қатар бастаған өзге ТМД елдерінің алдына шықты. Әлемдік деңгейдегі өркениетті елдермен бой теңестіре бастадық.

Біздің экономикалық жетістіктеріміз бен саяси реформаларымызды шетел сарапшылары да жоғары бағалауда.

Ендеше «Қазақстан-2030» Стратегиясының өткен 10 жылдығы біз үшін шын мәнінде тарихи кезең болып табылмақ.

Нақ осы құжатта алғаш рет Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді мақсаттары тұжырымдалып, оларға қол жеткізудің нақты жолдары анықталды.

Стратегиямен жұмыс елдің ішіндегі де, сол секілді әлемдік экономикадағы да дағдарыс үрдістерінің аса күрделі жылдарында басталды.

«Қуып жетуші» дамудың шектерін еңсере отырып, біз табысты, осы заманғы және серпінді дамушы мемлекет болып, посткеңестік кеңістікте көшбасшы ұстанымын алудың өршіл міндетін қойдық.

Бұл үшін біз Қазақстан жиырма-отыз жылдан кейін қандай болатынын «көруге» тиіс едік. Мәртебелі мақсаттарға қол жеткізу үшін бізге стратегиялық іс-қимыл жоспары, өзіндік бір «жол картасы» қажет болды.
                Стратегияны әзірлеу кезеңінде елдің экономикалық, ішкі және сыртқы саясатын бұдан әрі қалай құру керектігін, Қазақстан тәуелсіз және егемен мемлекет ретінде орнығуы үшін не қажет еке
ні туралы Елбасымыз көп ойландым. Бұл біз үшін басты мәселе еді.

Өз дамуының дағдарысты кезеңдерін ойдағыдай еңсерген басқа елдердің тарихымен танысқанда бір ерекшелік байқалады: олардың бәрі өз ілгерілеуінің барысын мұқият жоспарлаған; өздерінің шектеулі ресурстарын айқын бөлген; өздерінің әлсіз және күшті жақтарын объективті түрде бағалай отырып, түпкілікті мақсаттарын айшықты тұжырымдаған. Әрине, әлемдік тәжірибе болған. Бұл – Малайзияның «Перспектива 2020», Қытай мен Оңтүстік Кореяның стратегиялық жоспары, 30-шы жылдардың экономикалық депрессиясынан шығуға мүмкіндік берген Рузвельттің экономикалық жолы.

Бірақ та біздің стратегия олардан экономикалық міндеттер ғана емес, басқаларының да анықталуымен ерекшеленеді. Біз барлық проблемаларды шешуге кешенді түрде келдік. Осынау даму бағдарламаларын терең зерттей отырып Қазақстанға кешенді стратегия қажет деген тұжырым қабылданды.

Сонымен, негізгі ресурстарды шоғырландыру жөн болатын басымдықтардың шектеулі санын анықтау керек еді.

Бұл ретте біз Қазақстанның алға қойған мақсаттарға қол жеткізуі үшін артық уақыты жоқ екенін ескеруге тиіс болдық. 20-шы ғасырдың аяғы әлем үшін экономикалық, саяси, технологиялық – зор өзгерістердің уақытына айналды. Бұл кезеңнің өзіне тән белгісі тарихи уақытты сапалы «сығымдау» болды. Бұрын ғасырларға созылатын үдерістер бүгінде онжылдықтарға сығымдалатын тәрізді. Уақытты жинақтауға, көбейтуге болмайды. Оны кері бұруға болмайды. Алайда дамудың айқын мақсаттары анықталса, уақытты іскерлікпен жұмсауға болады.

Бұдан 10 жыл бұрын, 1997 жылы болашақ қоғамымызды және мемлекетіміздің міндеттерін көз алдымызға келтіргенде нақ осындай қағидаттық көзқарас басшылыққа алынды. Бұл “Қазақстан-2030” Стратегиясы болатын.

Осынау он жылда Стратегияның негізінде біз өз дамуымызда сапалы секіріс жасай алдық. Көптеген елдер бірнеше онжылдық арнаған жұмыс көлемін атқардық. Бүгінде біз толық негізде «Қазақстан-2030» Стратегиясы өзінің өмірге қабілеттілігі мен тиімділігін толық қуаттай алды деп мәлімдей аламыз. Ол біздің дамуымыздың – аман қалу моделінен озық даму моделіне дейтін парадигмасын біржолата өзгертті. Бұл тұрғыда біз әзірлеген және бүкіл соңғы 10 жылда іс жүзіне асырып жатқан жеті ұзақ мерзімді басымдық өзекті болып табылады.

І. Бірінші ұзақ мерзімді басымдық: ұлттық қауіпсіздікті іске асыру

Естеріңізде болар, өзіміздің бірінші ұзақ мерзімді басымдығымызды біз ұлттық қауіпсіздік және, ең алдымен, мемлекеттік тәуелсіздік пен аумақтық тұтастықты сақтауды анықтадық.

Бұл – біздің іргелі құндылықтарымыз. Бұл – біздің басты ұлттық байлығымыз, біз оны сақтауға және болашақ ұрпақтарға жеткізуге міндеттіміз. Бүгінде, «Қазақстан-2030» Стратегиясын іске асыра бастағалы бері 10 жылдан астам уақыт өткенде қазақстандық мемлекеттілік орнықты деп нық сеніммен айта аламыз.

Біз халықаралық практика мен нормаларға сәйкес мемлекеттік шекарамызды толық қаттадық.

Біз ел Қарулы Күштерінің реформасын жүзеге асырдық, осы заманғы армияны жасақтадық, оны қайта жарақтандыруды жүргізудеміз. Елдің Қарулы Күштерін қаржыландыруды елеулі түрде арттырдық. Біз құқық қорғау органдарын, арнаулы қызметтерді қоса алғанда іс жүзінде мемлекет қауіпсіздігінің инфрақұрылымын қайта құрдық. «Қазақстан-2030» Стратегиясының бір бөлігі ретінде қауіпсіздікке төнетін қатерлерді алдын ала бейтараптандыруға бағдарланған Ұлттық мемлекет қауіпсіздігінің стратегиясы әзірленіп, бекітілді. 

Қазақстанның бастамасы бойынша құрылған мемлекетаралық бірлестіктер өзінің қажеттігін дәлелдеп шықты. Өңірлік бірлестіктер – АӨСШК, ШЫҰ, ҰҚШҰ-ның қызметі өңірдегі тұрақтылық пен өзара ықпалдастық үшін берік негіз қалады.

Біздің бүкіл шекарамыздың бойындағы көрші мемлекеттермен Қазақстанның достық қатынастары орныққан.

Сонымен қатар 21 ғасырдың басы көбірек тұрақтылық пен қауіпсіздік әкеле қойған жоқ. Керісінше, халықаралық лаңкестік, экстремизм, есірткі саудасы, қару-жарақ пен ядролық материалдардың заңсыз айналымы секілді қатерлерге қарсы күрес ұзаққа созылатыны айқын болды. Сондықтан алдағы жылдары біздің ұлттық қауіпсіздік жүйемізді нығайтып, оны жаһандық және өңірлік жүйелерге кіріктіретін боламыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесіне осы заманғы технологияларды ендіреміз.

Қазақстан жаңа қатерлер мен сынақтарға қарсы күреске бағытталған халықаралық қызметтің белсенді қатысушысы болып қала береді. Біз сондай-ақ Орталық Азия өңірінде тұрақтылық пен қауіпсіздіктің кепілі ретіндегі өз рөлімізді нығайту ниетіндеміз.

ІІ. Екінші басымдық: ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын іске асыру

Қазақстан қоғамында бейбітшілік пен келісімді нығайту жөніндегі міндеттер ұлттық дамудың ұзақ мерзімді стратегиясының келесі аса маңызды басымдығы болды.

Егер елде бүкіл осы жылдары тыныштық пен бейбітшілік болмағанда, біздің барлық стратегияларымыз әдемі ниет болып қалар еді.

Тәуелсіздік жылдары біз ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайтудың өз моделімізді іске асырдық, ол «Қазақстан жолы» деп аталады. Қазақстандық демократияның негізгі институттарының бірі және этносаралық келісімге қол жеткізудің тиімді құралы Қазақстан халқының Ассамблеясы болды, ол консультативтік-кеңесші органнан конституциялық органға дейінгі эволюциядан өтті.

Біздің болашаққа арналған стратегиямыз – қоғамды одан әрі топтастыру және бәсекеге қабілетті біртұтас қазақстандық ұлтты қалыптастыру.

Қазақстан бүгінде мәдениетаралық және конфессияаралық үнқатысудың маңызды халықаралық орталықтары бірінің міндетін атқарады. Біз әлемдік және дәстүрлі діндер съездерін өткізудеміз. Сондықтан Қазақстанның бұл миссиясы басқа елдер мен халықаралық ұйымдардың, атап айтқанда Біріккен Ұлттар Ұйымының тарапынан кең қолдау тауып отыр.

Еліміздің саяси жүйесін реформалау жөніндегі дәйекті жұмыссыз да ілгерілеушілікпен даму мүмкін болмас еді. Әлемдік практиканы зерттеп, талдап және арқа сүйей отырып, біз саяси дамудың нақ осы эволюциялық жолын таңдадық. Және біз бұл таңдауда қателескен жоқпыз. Президенттік республика моделін таңдай отырып біз елді посткеңестік экономикалық және саяси бейберекеттіктен шығардық.

Осы жылы біз демократиялық саяси жүйені дамытуда сапалы қадам жасадық. Әңгіме біздің республиканың моделін президенттіктен президенттік-парламенттік жүйеге көшіру туралы болып отыр. Еліміз Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар осыны білдіреді.

Өкілетті билік органдарының өкілеттіктері кеңейтіліп, саяси партиялардың рөлі мен жауапкершілігі арттырылуда. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі, сот жүйесі, азаматтық қоғам институттары дамудың жаңа серпініне ие болды. Біздің Парламент жаңа Конституцияға сәйкес жұмыс істеуді бастады.

Бұл ретте біз Қазақстанды жаңғырту аясында өз алдымызға қойып отырған сондайлық ауқымды міндеттерді шешуге теңдестірілген және демократиялық саяси жүйе ғана қабілетті дегенді негізге алдық.

ІІІ. Үшінші басымдық: ашық нарықтық экономика қағидаттарына негізделген тұрлаулы экономикалық өсуді қамтамасыз етуді іске асыру

Біздің басты стратегиялық басымдықтарымыздың қатарында Қазақстанда тұрлаулы экономикалық өсуді қамтамасыз ету әрдайым болған және болып отыр. Барлық өткен жылдарда біз экономикалық өсудің айтарлықтай жоғары қарқынын ұстанып, бұл көрсеткіш бойынша Қытай, Үндістан, АСЕАН елдері секілді жұрттармен қатар келеміз.

Біздің экономикалық өсудің негізінде жеке бастамалар мен кәсіпкерлікке жол ашу, белсенді сыртқы сауда, инвестициялар тарту жатыр.

Өткен онжылдықта ел ІЖӨ-сі 22 млрд. АҚШ долларынан 100 млрд. долларға дейін, бес есе дерлік ұлғайды. Жан басына келетін ІЖӨ осы кезеңде 3,7 есеге өсті және үстіміздегі жылы Орталық және Шығыс Еуропаның бірқатар мемлекеттерінің көрсеткіштерімен теңесіп, 7 мың АҚШ долларына жақындайды. Негізгі капиталға инвестициялар көлемі ұлғая түсуде. Қазақстан экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі 70 миллиард АҚШ долларынан астамға жетті. Бұл – Орталық Азияға тартылған барлық инвестициялардың 80 пайызы.

Ұлттық қордың қаражатын ескергенде елдің халықаралық активтері 40 миллиард АҚШ долларынан асып түсті. Егер біздің бос қазынадан бастағанымызды еске түсірсек, біз көп нәтижеге қол жеткіздік деп айту керек.

Сыртқы сауда айналымы он жылда 6 еседен астамға ұлғайды, ал биылғы жылы ол 80 миллиард АҚШ долларына жете алады.

Жыл сайын банк, қамсыздандыру секторы және жинақтаушы зейнетақы жүйесі нығайып келеді. Осылайша, Қазақстан өз экономикалық дамуының өтпелі кезеңін ойдағыдай аяқтап, алдағы жылдары жаңа сапалы өсуге дайын және қабілетті деп сеніммен айта аламыз.

Біз «парасатты экономика» қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіспіз, ол жаһандық өзгерістер мен үрдістерге үлгеріп қана қоймай, сонымен бірге белгілі бір тауашаларда оза жұмыс істей алуы керек.

Технологиялық жаңғыртудың басым бағыты венчурлық қаржыландыру жүйесін дамыту болуы керек.

Еуропаның, Азияның, Ресейдің, Қытай мен басқа елдердің рыноктарына шыға отырып, технологияларды трансферттеу тетіктерін белсенді пайдалану керек. Экономиканы жаңғырту үшін осы заманғы өңдеу секторын құруға ірі ауқымды, ұзақ мерзімді инвестицияларды қамтамасыз ету талап етіледі. Тікелей инвестициялар қорын дамытуға белсене жәрдемдесу қажет. Біздің экономиканы, оның құрылымдық қайта құрылуын жедел жаңғырту үдерісіндегі «30 корпоративтік көшбасшы бағдарламасының» маңызды рөлін айрықша атап өткен жөн.

Алдағы жылдары мемлекет инновациялық бастамалар, өңдеу өнеркәсібін дамыту, экономиканы құрылымдық қайта құру үшін барлық заңнамалық, әкімшілік және басқа жағдайлар жасайтын болады. Біз өзіміздің минералдық ресурстардың барлық түрлерімен жұмыс істейтін әріптес-инвесторларымызды белсенді түрде осыған шақырамыз. Біздің рыноктарда қазір жұмыс істеп жатқандарды және әсіресе болашақта келетіндерді олар еліміздің индустриясын, әлбетте олардың меншігінің бір бөлігін дамытуға қаражаттың лайықты үлесін қосуын өте табандылықпен өтінетін боламыз. Бірақ та біздің барлық стратегиялық жоспарларымыз елде тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі ағымдағы жүйелі жұмыспен қуатталуы керек. Және біз мұны қамтамасыз етуге тиіспіз.

ІV. Төртінші басымдық: барлық қазақстандықтардың денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын іске асыру

Соңғы он жылда қазақстандықтардың басым санының тұрмысы елеулі түрде өзгерді. Бүкіләлемдік банктің сыныптамасы бойынша Қазақстан бүгінде орта деңгейлі табысы бар елдердің тобына кіреді. 10 жылда қазақстандықтардың ақшалай табыстары 6,5 есе өсіп, орташа айлық жалақы 5 есе дерлік ұлғайды, ең төменгі жалақы 4,5 есе өсті. Осы кезеңде зейнетақының орташа айлық мөлшері 4 есе ұлғайды. Халықты әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінің қамтуы айтарлықтай кеңейді, оның қызметі бүгінде Қазақстанның әрбір төртінші азаматын қамтып отыр. Тек соңғы 5 жылда ғана мақсатты әлеуметтік көмекке мемлекет 34 миллиард теңгедей бөлді. Орта мерзімді перспективада бізге әлеуметтік стратегиямыздың алдыңғы қатарлы елдер деңгейінде қазақстандық өмір сапасының ұлттық стандартын қамтамасыз ету жөніндегі басты идеясын іске асыруымыз керек. Бәрінен бұрын біз денсаулық сақтау саласындағы қызметтің осы заманғы қағидаттары мен стандарттарына жедел көшуді қамтамасыз етуге тиіспіз. Бұл алғашқы медициналық-санитарлық көмек, ана мен баланы қорғау, медициналық білім мен ғылым мәселелеріне қатысты.

Таяудағы жылдары 150 жаңа денсаулық сақтау нысандары мен 300 ауылдық дәрігерлік амбулатория салынуы керек. Мүгедектер мен мүгедек балаларды сауықтырудың халықаралық стандарттарға сай келетін өңірлік орталықтары желісін жасау талап етіледі, ондайлар қазірдің өзінде осында, Астанада құрылған.

Осы заманғы білім жүйесін дамыту, кадрларды даярлау мен қайта даярлауды және озық технологияларды игеруді дамыту үшін біздің халықаралық рынокқа белсендірек шыққанымыз жөн. Қазақстанға белгілі шетелдік білім орталықтарын тартып, осында олардың филиалдарын ашу керек.

Біз қазақстандық студенттерді шетелде оқытуды жалғастырып, сондай-ақ елімізге жаңадан құрылатын халықаралық деңгейдегі жаңа университеттер үшін ең жақсы шетелдік оқытушыларды тартатын боламыз. Таяудағы жылдары біз кем дегенде 250 жаңа мектеп пен 50 кәсіби-техникалық оқу орындарын саламыз.

2010 жылға қарай біз қоғамды тұрлаулы дамытудың негізгі экологиялық стандарттарын құрып, бұл саладағы мемлекеттік бақылау жүйесін нығайтуға тиіспіз.

V. Бесінші ұзақ мерзімді басымдық: энергетикалық ресурстарды дамытуды іске асыру

Өткен жылдары мұнай-газ өнеркәсібі экономиканың басқа салаларын соңынан ілестірген локомотив болды. Сондықтан энергетикалық ресурстарды дамытуды біз Стратегияның ұзақ мерзімді басымдығына дараладық. Бұл ретте біз түрлі «голланд ауруларына» ұрынбай, мұнай табыстарын ұтымды жұмсай алдық.

Еліміздің аумағында Қазақстанда мұнай елдерінің алғашқы ондығына шығаратын мұнай мен газ кен орындары бар.

2010 жылға қарай Қазақстанда болжанған мұнай өндіру 80 миллион тоннаны құрайды, 2015 жылы 25 млн. тоннадан аспайтын ішкі тұтыну жағдайында 130 миллион тоннаға жетеді. 2010 жылы шикі газды өндіру 40 миллиард текше метрге дейін, 2015 жылы 80 миллиард текше метрге дейін өседі деп күтілуде.

Біздің энергетикалық әлеуетімізді одан әрі дамыту бірқатар маңызды міндеттерді шешуді көздейді. Бәрінен бұрын мұнай-газ кешенімен тікелей байланысты терең өңдеу салаларын озық дамытуды, қосымша құн үлесі жоғары өнімдерді халықаралық рынокқа жедел шығаруды қамтамасыз ету керек.

Біздің назарымыз сондай-ақ энергия ресурстарын әлемдік рыноктарға жеткізудің тұрлаулы арналарын әртараптандыруға және қамтамасыз етуге шоғырландырылуы тиіс.

Қазақстан жаһандық энергетикалық тепе-теңдік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өз жауапкершілігін толық мәнінде түсінеді. 2017 жылға қарай біз көмірсутегін аса ірі экспорттаушылардың ондығына кіреміз. Және бұл ұстаным ХХІ ғасырдағы әлемдік шаруашылық байланысының серпінді өзгеріс үстіндегі жүйесінде Қазақстанның экономикалық рөлін көп ретте анықтап береді. Біз бұл мәселеде ЕО-мен тығыз ынтымақтастыққа үміт артамыз. Энергия ресурстарын өндірушілер мен тұтынушылардың мүдделерін жарастыру мақсатында БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-сессиясында энергия жеткізілімдері тұрақтылығының Еуразиялық пактін қабылдау ұсынылды.

VІ. Алтыншы ұзақ мерзімді басымдық: инфрақұрылымды дамытуды іске асыру

Жаһандану жағдайында Қазақстанның, атап айтқанда, көлік пен байланыстың инфрақұрылымын жан-жақты дамытуға қатысты ұзақ мерзімді басымдықты іске асыру барған сайын өзекті бола түседі.

Соған орай бұл салада көп іс атқарылды. Бірер цифрды ғана келтірсек. 1997-2006 жылдары республикалық бюджет қаражатынан 280 миллиард теңгеден астам қаржы игерілді, осының есебінен 4 мың шақырым шамасында автожолдар салынып, қайта жөнделді, 13 мың шақырымнан астам автожол күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Алға қойылған міндеттерді одан әрі іске асыру мақсатында 2006 жылы Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясы қабылданды. Оның аясында қаржыландырудың түрлі көздері есебінен 30 миллиард АҚШ доллары шамасындағы сомаға 80-ге жуық инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Біздің ұлан-байтақ аумағымыз үшін көліктің, оның үстіне транзиттік көліктің зор маңызы бар. Экономикамызды нақты дамыту Қазақстан қандай көлік жүйелеріне ие болатынына келіп тіреледі. 1600 шақырым шамасында жаңа және 2700 шақырым темір жол электрлендіріледі, 50 мың шақырым шамасында автожол салынып, қайта жөнделеді, әуежай инфрақұрылымын қайта жөндеу және жаңғырту, ұлттық теңіз-сауда флотын дамыту, теңіз порттары мен ішкі кеме жүру жолдарының инфрақұрылымын өркендету жөніндегі жұмыстар жүргізіледі.

Бұл Қазақстан аумағы арқылы өтетін трансконтиненталдық маршруттарды дамыту үшін серпін береді.

Осылайша, таяудағы болашақта Қазақстан Еуразияның ірі және заманауи жарақтандырылған тұрба құбыры, темір жол, автомобиль, теңіз және әуе көліктік “торабына” айналуы тиіс. Біз бұл жұмысқа кірістік және жыл сайын жаңа нысандар тұрғызылып жатқанын сіздер білесіздер.

Стратегияға сәйкес елде телекоммуникация саласын дамыту жөнінде кешенді жұмыстар жүргізілуде. Үстіміздегі жылдың аяғына дейін 50 адамнан астам тұрғыны бар барлық ауылдық елді мекендерге телефон жүргізіледі. Қалған 50 адамнан аз халқы бар және жалпы тұрғындары 14 мың адам болатын 200-ге жуық елді мекен келесі жылы байланыс қызметіне қол жеткізе алады. Жылдың аяғына дейін бұрынғы жылдары телефон орнатуға өтініш берген қалған адамдардың сұранысы қанағаттандырылады.

Осы жылдың аяғына қарай Қазақстанда Интернет желісін пайдаланушылар саны 1 млн. 800 мың адамды құрайды. 2010 жылға қарай Интернетті пайдаланушылар саны 3,5 миллионға дейін ұлғаяды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде қазіргі кезде республика мектептерінің 95%-ы Интернет қызметіне қол жеткізіп отыр.

VІІ. Жетінші басымдық: кәсіби үкіметті қалыптастыруды іске асыру


Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру біздің ұзақ мерзімді басымдықтарымыздың бірі болып қалып отыр.

Бұл стратегиялық міндетті іске асыру мақсатында өткен ғасырдың 90-шы жылдарының аяғынан бастап Қазақстан терең әкімшілік реформаларды жүргізуге кірісті.

Осынау жылдары Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік құрылып, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік ресімдер туралы» заңдар, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі қабылданды.

Мемлекеттік қызметке қабылдаудың конкурстық жүйесі енгізілді. Мемлекетке тән емес функциялардың бір бөлігі бәсекелестік ортаға берілді. Жуырдағы конституциялық өзгерістерге сәйкес жергілікті орындардағы билік күшейтілді, мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктеріне ие болды.

Халықаралық ұйымдар мен сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстан мемлекеттік қызметті реформалау саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, өзінің заңнамасы мен ресімдерін халықаралық стандарттарға жақындатты.

Бірақ та бұл салада әлі көп іс атқаруымыз керек. Сондықтан да Үкімет әкімшілік реформаларды жалғастыру жөнінде белсене жұмыс істеуде.

VІІІ. Астана – өсу үстіндегі елдің нышаны

Қауырт өсу үстіндегі ел қуатының, оның жоғары даму әлеуетінің басты бір нышаны жаңа елорда – Астана болды. 1997 жылғы қазанда біз «Қазақстан-2030» Стратегиясын жария еттік, сол айда мемлекеттік органдарды Астанаға көшіруді бастадық. Сол жылдың желтоқсанында шешуші мемлекеттік органдар Астанада жұмыс істеп жатты. Осылайша, Астананы көшіру іс жүзінде біздің Стратегияны іске асырудың бастауына жол салды. Қазақстан елордасы – посткеңестік кеңістіктегі жедел өсіп келе жатқан қала.

Астананың халқы соңғы сегіз жылда 3 есе көбейді. Елорда халқы 2005 жылға қарай 400 мыңнан аса қоймайды деп болжанса, бүгінде ол 700 мыңды құрап отыр.

Соңғы жылдарғы құрылыс көлемі мен мерзімдері бұрын-соңды болған емес: білім және денсаулық сақтау нысандары тұрғызылып, тұрғын үйлер, жаңа өнеркәсіптік нысандар, индустриялық парк салынуда. Елорда көшкен сәттен бастап Астананың аумағы 2,5 есе ұлғайды. Негізгі капиталға бір жарым триллион теңгеге жуық инвестиция салынып, 4,5 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Қалада 650 құрылыс алаңы жұмыс істейді. Және олар бір сәтке де толас таппайды. Таяудағы бірнеше жылда 10 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй және офистік тұрақ жайлар іске қосылады.

Құрылыс индустриясын және соған ілеспе өндірістерді дамытумен қатар Астана жаңа экономикалық кластерлердің дамуына мүмкіндік беріп отыр. Елордада қонақүй бизнесінің, қызмет саласының және, әрине, туризмнің зор әлеуеті бар.

Астана туралы айтқанда жаңа елорданы жасап, тұрғызып жатқандардың баршасының еңбегін атап өтпеуге болмайды. Бұл барлық астаналықтардың, барша қазақстандықтардың еңбегі екені сөзсіз. Қазақстанның елордасы бірлесу ордасы, егемен Қазақстан өркендеуінің нышаны болатынына сенімдіміз.

Біз Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді Стратегиясын ойдағыдай іске асырудамыз. Міндеттердің бір бөлігі қазірдің өзінде шешілді, бірқатар міндеттерді алдағы жылдары шешетін боламыз. Біз жолдың үштен бірін ғана өттік. Сондықтан да көп нәрсені әлі жасауға тура келеді.

«Қазақстан-2030» Стратегиясының шешуші мақсаты бұрынғысынша болып қала береді – біздің мемлекет 2030 жылға қарай әлемнің барынша дамыған елдерінің қатарына кіруі тиіс. Осылайша біз халқымыздың осынау ұлы мақсатына қарай дәйектілікпен ілгерілейтін боламыз.

Осы заманғы дүниеде жеңіс пен табыстарды инновациялар енгізген және инновациялық көшбасшылыққа қол жеткізген мемлекеттер күтеді. Сондықтан индустриялық Қазақстан инновациялық Қазақстанға айналуы тиіс.

Біз жоғары технологиялық өнім өндіретін, жетекші әлемдік рыноктармен бәсекеге қабілетті елге айналуға тиіспіз. Осымен бір уақытта қазақстандықтардың өмір стандарттары әлемнің озат елдерінің деңгейіне дейін көтерілуге тиіс.

Бірақ та барлық осы мақсаттарға қол жеткізу үшін біздің бүгінгі ғана емес, сонымен бірге еліміздің болашақ берекеттілігі де негізделген “үш кит” туралы есте ұстау керек. Бұл – халықтың сенімі мен сенуі. Бұл – адам капиталын дамытудың жоғары деңгейі. Бұл – ішкі саяси тұрақтылық пен ұлт бірлігі.

Сондықтан да біз бәріміз бірлесіп, ел өркендеуінің негізін құрайтын осынау шешуші құндылықтар мен ұлттық байлықты сақтауға тиіспіз.

 

Болат Балабаев

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың сөз сөйлеулері бойынша

Категория: Все выпуски за 2007-2009 гг | Просмотров: 1999 | Добавил: gazeta_KO | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Архив записей
Друзья сайта
  • Интернет компания