Меню сайта
Категории раздела
Все выпуски за 2007-2009 гг [183]
см. все
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 38
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2009 » Октябрь » 1 » Тіл мәселесінің қолданылуы мен дамуы қандай деңгейде?
00:48
Тіл мәселесінің қолданылуы мен дамуы қандай деңгейде?

«Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобаны іске асыруды жеделдетуі тиіс. Бүкіл қоғамды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттілігіне  ерекше назар аударғым келеді»

Қазақстан Республикасының президенті

 Н.Ә.Назарбаевтың жолдауынан.

 

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 – 2010 жылдарға арналған бағдарламасын орындау баршамыздың міндетіміз.Осыған орай тіл мәселесін қолға алып, мекемелерде тіл - туралы көптеген іс шаралар жүргізілуде. Осы іс шаралардың арқасында ауданымызда мемлекеттік тіліміздің қолдану аясы күнен күнге кеңеюде.

                Осы сөзді жандандыру «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» қызметкері Аубакирова Ғалия Қалиоллақызымен сұхбат жүргіздім.

- Ғалия Қалиоллақызы Тіл мәселесінің қолданылуы мен дамуы қандай деңгейде?                                                                                                                                                                      

- Тіл - адамзат ғаламындағы қарым - қатынас құралы. Тіл мәселесін қолға алып, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеріп, тілімізді дәріптеп.құрметтеп ұстау әркімнің міндетті парызы.

- Ауданымызда мемлекеттік тіл саясатына байланысты қандай іс - шаралар жүргізілуде?

- Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған бағдарламамен жұмыс істеп келеміз. Аудан бойынша мекемелік іс - қағаздар мемлекеттік тілге ауысып жатыр. Жыл басындағы көрсеткішпен салыстырғанда жыл аяғындағы көрсеткіш 75 % ға өсіп отыр. Бұл көрсеткішке қарағанда, алдағы жылдарымемлекеттік іс - қағазда толыққанды түгелдей мемлекеттік тілде жүргізілетіні айдан - анық болып отыр.

- Тілді үйрену және оның барысы қандай?

- 2007 жылғы қарасу аудандық әкімдігінде тілдерді дамыту бөлімі ашылды. Орталықта 2 деңгейлік үйрену курстары жүргізіледі. Ортаық 4 топқа бөлінеде.1 деңгейде 1 топ 16 адам

               2 деңгейде 3 топ 44 адам

Мемлекеттік тілді үйренуге әкімдік тарапынан қаржы а бөлінген.

- Қызмет барысындағы алға қойған мақсаттарыңыз қандай?

- Алға қойған мақсаттарымыз көп. Бірден бәрін оқып - үйрену мүмкін емес. Ата - бабамыз айтқандай «Көш жүре түзелмейді»-, дегендей тілімізді мәртебелә, дінімізді бйік ұстап жүрелік.

- Құрметті Ғалия Қалиоллақызы алға қойған мақсаттарыңыз жүзеге асып, тіліміздің қуаты күшейсін дей отырып сұхбатыңызға көп алғыс.

 

Зейінжамал Досжанова
Категория: Все выпуски за 2007-2009 гг | Просмотров: 1469 | Добавил: gazeta_KO | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Архив записей
Друзья сайта
  • Интернет компания