Меню сайта
Категории раздела
Все выпуски за 2007-2009 гг [183]
см. все
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 38
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2009 » Сентябрь » 17 » Сөз тапқанға қолқа жоқ
00:57
Сөз тапқанға қолқа жоқ

Шоқай  бидің баласына  айтқаны

 

Бидің бір баласы  бай болса да сараң  болыпты Шоқай  биге қонақ  жиі  келеді. Ал  малын  соя- соя тауысып  алады. Ендігі  келген  кісіге  соятын  қой  таппай ,  баласынан  сұратса , ол сылтау айтып  бермей қояды.

Үндердің  күні  болғанда  би қатты ауырып, төсек тартып  жатып  қалады.  Сонда  әлгі  баласы  келіп:

«Уа,  әке! Қандай өсиет айтасыз?Көңілдегіңізді  айтып кетіңіз», - десе керек.

Сонда би :

«Уа, балам!

Санның  сауабын  алдым,

Көптің  обалына  қалдым.

Сауап жеңсе,  жоғалдым.

Тіріде  бір қой  беріп

сыйламаған әкеңді

Өлгенде  өтірік айтып

қинамасаң  қайтеді» ,- деген  екен.

 

 

                                               Шындәулеттің   Жәнібекті   сөзден   тосуы

 

Қазақ орысқа  бағынышты  болатын  кезде  орыс  патшасына  Әбілқайыр  хан мен  Жәнібек  Қошқарүлы   бастаған   41 кісі  барған  екен.  Олар  орыс  патшасы  Аннадан үш  тілек сұрап  алады. Бірінші .жер –су  өзіміздікі  болсын, екінші:дін өзіміздікі болсын,  үшінші.қазақ баласы әскерге  алынбасын. Қазақтар шаңырақ  басы үш  сомнан  сбор төлемекші болып келіседі. Патша  олардың  тілектерін  қабылдап, екі  жақ та  ырза  болып  тарқайды. Елшілер қыс болып  қалған  соң қыстап,  қар кеткен  соң шен-  шекпен, алтын  табақ,  алтын  кесе ,  алтын қасық алып  елге  қайтады. Троицк   қаласынан өтіп, ағаш  арасына  кіріп келе  жатса жылқы  қайырып  жүрген екі  балаға  кездеседі.Олардың  ьіреуі  жылқысын  айдап  кетеді де,   екіншісі  тосып, келе жатқан  көп адамға  сәлем береді.Әбілқайыр қырық  кісі мен  қайырылмай  жүре  береді.

Жәнібек баланың  сәлемін  алып, сөйлесіп тұрып:»Бала , бір білмегенің  болды-ау?»- депті. «Не  нәрсені  білмедім,  айтыңыз!»- депді бала. Жәнібек :» Біз  патшаға  барып,  шен – шекпен, сый алып келеміз,  ағаларыңнан сыралғы   сұрамадың  ғой»,-дейді. Сонда  бала .»Ой, аға, қара  қазан,  сары бала мен жер- суды  сатып  әкеле  жатқан  қымбат  олжаларыңды қайтейін»,- депті.

Жәнібек  бір  құлағын қолымен  басып,  атының  тізгіні  қолынан түсіп кетіп, теңселіп,  ыңыранып, бөлек  өскен ағаш  арасына кіріп  кетеді. Мүны артына  қараған Әбілқайыр көріп,  бір жігітін  жіберіп, шақыртып  алып .»Жәнібек, саған не болды?»- деп  сұрайды.»Ана баланың  айтқан сөзі  құлағым  түгіл  миымнан  өтіп  кетті»,-дейді Жәнібек.

                Олар баланы  қайта  шақыртып. «Бұл  қай  ауыл?»- деп  сұрайды. Бала «Мезгілдінің ауылы»- депті. «Біз қонсақ , мал  соя ма?»- депті. Бала.»Тапса біреуін, таппаса  екеуін  сояды»- дейді.  «Алдымызда басқа   ауыл  бар маэ?»- деп  сұраса , «неге  болмасын ,  «әттегеннің»  ауылы бар, одан  әрі барсаңыз, «ер  жастанардың»  ауылы  бар»,- дейді.

Сүйтіп , жолаушылар сөзден  тосылады.

Бұл  Шындәулет  бидің  бала  кезі  екен.

 

                                                               Әйтеке   бидің   сөздері

Әйтеке  би бір жылдары  құн  даулап,  ұлы  жүзге  келеді.  Төлде  би Әйтеке  биді қарсы  алып  тұрып.

-Биеке, жол  болсын,- дейді.

-Айтқаныңыз  келсін, би! Жол  болмақ сізден  болсын! Тірімен  танысқалы  елдік, өліге  болысқалы  келдік,- дейді Әйтеке.

-Бұйрығыңызға  құлдық,  қылышыңыз  болса  мойнымызға ,  құшағымызға,  құшағыңыз болса  қойнымиызға,-  деп  Төле  би  орнынан  тұрады.

-Биеке, мойын бұра тұрыңыз,- дейді  Әйтеке  би.

-Жарлық сізден  болған  соң жабдық  бізден,- дейді  Төле.

Төле сыртқа шығып  кеткен соң ,  Әйтеке  бірге  келген  жолдастарына қарап:

-«Ердің құны  екі  ауыз  сөз» деген осы.

Төле  би  отау  тігіп,  қыз  беретін  болды,- дейді  Әйтеке.

-Оны  қайдан  білдіңіз?дейді жолдастары. «Қылышыңыз  болса мойнымызға»-дегені айыбымызды  мойындаймыз, «Құшағыңыз болса  қойнымызда»- дегені өлген кісінің құнына  жасаулап  қыз береміз дегені  еді,  мен  тұспалдап айнып қалмайсыз ба  деп  едім,  сіз келіссеңіз біз  қамына  кірістік деп шығып  кетеді.Айтқшандай,  Төле би құн  даулап  келген қонақтарына  отаулап  қыз  беріп,  екі-үш  күнде разы  етіп қайтарыпты

 

                                                               *   *   *

Әйтеке қой жайып  жүрген жас бала  екен. Үш- төрт  атты келіп,  балаға  жолығады. Жолыққан кісілерге бала «Ассалаумағаләйкум, ағалар!» деп  таныс кісілердей  сәлем  береді. Балаға  риза  болған жолаушылар»Ауылда ойнап жүрген баламызды  осы  елдің жолаушы  адамының  аты  теуіп өлтіріп  кеткен еді. Соған бітім қылайық  деп  келеміз. Қосуақ  бидің  үйі  қайсы?- дейді

Балаңызды  босағада тепсе  бүтін  құн,  жабдықтан  тепсе жарты  құн,  төрден  тепсе төрттің  бірін аласыңдар. Сырттан тепсе құр  қайтасыңдар.Қосуақ би де  осыны айтар,кем десе  қосып айтар, шамаларыңды  байқаса, бөгеп тосып  айтар.Бидің ауылы анау, жолдарыңыз болсын!- дейді.Қосуақ  биде осыны  айтып, төрге  байлап қойған  аты  екен,  төрттің  бірін  төлеп қайтарыпты.

 

 

*    *   *

              

Ол заманда  елдің  дау-шары көп  болған.Орта жүздің  бір қызы  айттырып қойған жігітіне бармай , өз елінің бір  жігітімен қашып кетеді.

Соған ашу тұтқан  ұлы  жүздің  жігіттері. Орта  жүз  ауыл  жарына  арып, барымталап жылқы айдап алып отырады.Ақыры  ұлы  жүздің  биі Төле мен  орта жүздің биі  Қазыбек

айтысып  қалады.

-Аға болып  алдымен туасың,

Алдымнан  жылқымды  неге қуасың?- дейді  Қазыбек.

Сонда  Төле  би  кідірместен.

Артымнан ерген  еркемсің,

Ағаңның  көзінің тірісінде

Жеңгеңді  неге  ерітесің?- дейді.

Екі  ағасының  да сөзін  тыңдап отырған  Әйтеке би.-Сабыр етіңіздер, билер! Ашу  бар жерде  ақыл  тұрмайды.

Ашу деген  ағын су,

Алдын  ашсаң  арқырар,

Ақыл деген  дария-

Алдын  тоссаң тоқырар.

Кісі  бірге  туыспау  керек,

Туысқан  соң  қуыспау керек.

Сөз  қуған  пәлеге жолығады,

Опасыз күнде  құбылады.

Төле, сен жылқыны  қайтар,

Қазыбек, сен  жесі рін  қайтар!- депті.

Әйтекенің төрелігін  екі жағы да қабыл алып ,  ауысқан  адамын,  малдарын бір- біріне  қайтарып,  ел ішін  тыныштандырады.

 

                                                                              *   *   *

 

Суалмайтын  суат   жоқ,

Тартылмайтын бұлақ жоқ.

Құйрығы  суда  тұрса да,

Қурамайтын  құрақ  жоқ.

Дүние  деген  фәни  бұл-

Баласы жоқта  мият жоқ.

Бәрінен қиын  сол  екен,

Артында қалған  шырақ  жоқ,- деп  нақыл  да  айтқан.

 

 

                              

                                                               Тұралы  ақынның  Абайды  түсіндіруі

 

Бір отырыста  ауыл  ақсақалдарының  бірі: «Тұралы, жұрт  сені  ақын деседі   Ақын ақынды  жақсы  түсінуі керек  қой, Осы  Абайдың «Үш- ақ  нәрсе адамның  қасиеті,  ыстық  қайрат,  нұрлы  ақыл, жылы жүрек» дегенін  қалай түсінесің?- деп сұрапты.

Сонда Тұралы ақын:

«Адамға  үш бірдей  қуат керек,

Ақыл қуат, жүрек қуат,  тіл қуат.

Біреуі  кем болса,

                               жігітке кемдік  қылады

Үшеуі  тең болса,

                ер  жігіт  ерлік қылады.

Ал  жүрегі мен  ақылы,

                немесе тілі  кем  болса,

                                               не болады?!

Жүрек кем болса,

                топта сөз  айта  алмайды,

Ақыл  кем  болса,

                жөн жауап қайтармайды.

Ақыл мен  жүрек  тең  боып,

                               тілі кем  болса,

Ақылының  бар- жоғы байқалмайды.

Жігітке  әуелі   білім керек,

Екінші  ғылым  керек,

Үшінші   ұғым  керек!

Тағы  не керек  десеңіз, күтім  керек!

Сонда  жігіт  түгел   болады.

Абай да  осыны  меңзеген  болуы  керек»,- депті.                                                                                             

 

                                                                                                                                             Жамал  Жолмухамедова

Категория: Все выпуски за 2007-2009 гг | Просмотров: 11217 | Добавил: gazeta_KO | Рейтинг: 2.8/5
Всего комментариев: 0
Поиск
Календарь
«  Сентябрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Интернет компания