Меню сайта
Категории раздела
Все выпуски за 2007-2009 гг [183]
см. все
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 38
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2009 » Октябрь » 1 » Құрбан айт қаыл болсын
00:46
Құрбан айт қаыл болсын

Мұсылман қауымның үлкен мерекесі «Құрбан айт». Бұл күндері барша мұсылман қауым жақсы тілектерін тілеп, бір - біріне деген ізеттілігі мен инабаттылығын, ықласын білдіреді. Бұл мерекенің бастауы сонау ораза айынан басталады. Ең алдымен Қасиетті рамазан айы, яғни отыз күндік ораза. Оразандан кейін кіші айт мейрамы аталып өтеді, осыдан жетпіс күн өткеннен кейін үлкен мейрам Құрбан айт келеді екен. Құрбан айтта мұсылман пенденің жағдайы келсе құрбандық шалып, жағдайы келмесе жеңіл - желпі атап өтеді. Құрбандыққа шалуға жағдайы келмесе Алла тағала бұл пенделерге кешірімін береді екен. Бұл мейрамда төрт түліктің ішінде жылқыдан басқа малдарды құрбандыққа шалады. Құрбандыққа шалынатын малдың аяғы ақсақ не болмаса құлағы кесілген, жетім болмауы тиіс. Құрбандыққа шалынған малдардың еті кедей - кемшілермен, жетім - жесірлерге түгелдей таратылып беріледі.

Биыл құрбан айт мерекесі желтоқсан айының сегізінші жұлдызына келіп тұр. Бұл күні ауданымыздағы мешітте Құрбан айт намазы оқылды. Намазға қатысушылар көп болды. Құрбан айт намазына аудан әкімі Ахметов Қайрат Жұмашұлыда қатысып, жерлестерімізді Құрбан айт мерекесімен құттықтады. 

Құрбан айттың бірінші күнін Елбасы Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев қасиетті мереке деп жариялады. Сонымен қатар барша қазақстандықтар мен мұсылмандарға құттықтау сөзін жолдады.

Қасиетті Құрбан айтта халайық бірін - бірі шақырысып, ашуларын тыйып, кешіріммен қарап жанұяларына бірлікпен - ынтымақ, құт – береке тілейді.

 

Дастан Нөпіров

Категория: Все выпуски за 2007-2009 гг | Просмотров: 1438 | Добавил: gazeta_KO | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Архив записей
Друзья сайта
  • Интернет компания