Меню сайта
Категории раздела
Все выпуски за 2007-2009 гг [183]
см. все
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 38
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2009 » Октябрь » 1 » Прогресс ауылдық округінің жандануы
01:11
Прогресс ауылдық округінің жандануы

«Ауылдарымыз бен селоларымыздың өмір сапасын жақсарту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді»

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтің жолдауынан.

Тәрбие – тал бесіктен басталады

«Әзірге халықты мектепке дейінгі балалар мекемелерімен қамтамасыз етуде «бетбұрыс» жасала қойған жоқ. Үкімет пен әкімдер барлық жерде бұл мәселені терең зерделеп, осы негіздебұл мәселенің шешімін әзірлеуі тиіс.

Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге аса назар аударған жөн. Және бұл сатыны олардың шығармашылық және интелектуалдық қабілеттілігін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет.

Әрі балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым - қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек.»

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтің жолдауынан.

 

 Бүгін біз көрші ауылдардың өмір сүру жағдайын білу мақсатында Целинны, Прогресс, Октябрь ауылдарын араладық. Бұл ауыл - аймақтарда басқа ауыл – аймақтарға тән өз мектептері, өз шағын орталықтары, өз шығармашылық үйлері және де жоғарғы жағдайда дамып келе жатқан ауруханалары бар екен. Соның ішінде Прогресс ауылына тоқталсақ бұл ауылдың мектебін, балабақшасын және де шығармашылық үйін ерекше атап өтуге болады. Прогресс ауылына барғанда, ең бірінші ауылдық «Бөбек» шағын орталығында болдық. Шағын орталық жайлы айтар болсақ «көргендерде арманда, көрмегенде арманда», «жүзірет естігенше, бір рет көр» демекші,  «Бөбек» шағын орталығының мақтанышын сөзбен жазсақ газет бетінде тауысар едік. Бірақ бұл шағын орталығы туралы жазбауымыз да қате болар. Олай болса «Бөбек» шағын орталығының мақтанышы жайында аздап айтып өтсек, шағын орталық осы айдың тоғызыншы жұлдызында ашылды. Шағын орталықта өткен күрделі жөндеу жұмысына сөз жоқ, кірсең шыққысыз, ұядай, керекті жабдықтар мен ойыншықтардың бәрі бар. Температурасы 25 с◦ - 26 с◦ та тұрақты болып тұрады. Бәрін айтта, бірін айт демекші, айтып кеткенім жөн болар, тіпті еден астында жылытқышы да бар. Балалардың жекеленген кйім ілгіші, сонымен қатар санитарлық тазалығыда сөз айтқызбайды. «Бөбек» шағын орталығындағы асханада бөбектер төрт мезгіл тамақтанады. Шағын орталықтың бөбектерін көрсеңіз, езулерінен күлкі, жүздерінен қуанышты көре аласыз. Бөбектердің қунышына қарап өзіңнің де көңіл күйің көтеріліп, бір шама марқайып қаласың. «Отан отбасынан басталады демекші» бала тәрбиесі ең бірінші отбасынан, содан кейін бала бақша, мектептен басталады.

Шағын орталықта он төрт бала тәрбиеленуде. Он төрт балаға екі топ жұмыс жасайды: кіші топ және шағын орталық тобы. Ауылда мұндай шағын орталықтың ашылуына ата – аналар дән риза. Балалардың саны аз болуына байланысты әзірше шағын орталықта екі қызметші ғана жұмыс атқарады. Оның бірі Сәкенова Мейрам Сүндетқызы кіші топтың бағушысы, Кұрбанбаева Алуаш Нұрымқызы шағын орталық тобының тәрбиешісі болып қызмет атқарады. Қазіргі уақытта «Бөбек» шағын орталығында он төрт бала тәрбиеленеді, келесі жылдары балаларын әкелем деуші бір неше ата – аналар бар, балалар саны алдағы уақытта көбейет деген үмітте. Әзірше шағын орталықтың бөбектері орыс тілінде тәрбие алу үстінде, бір – ақ алдағы уақытта өзіміздің мемлекет тілінде тәрбиелеуді мақса қылып алдыға қойып отыр. Бұл шағын орталықтың салынуына бірден – бір демеуші болып отырған Халматов Шәкір Ерматұлына ата – аналардың алғысы шексіз. Бала тілі бал демекші, шағын орталықта тәрбие алып жүрген  Насиридинов Жасұр  үш жаста. Өзі кішкентай болсада, өзіміздің үлкен азамат, азаматшаларымыз әлі күнге дейін жатқа білмейтін мемлекетіміздің ән ұранын жатқа айтып, орысша тәрбиеленіп жатса да қазақ тілінде кідірмей сөйлейді. «Бөбек» шағын орталығының бөбектері мен тәрбишілері қазіргі уақытта жаңа жыл мерекесіне қызу дайындық үстінде.

 

Білім алу ордасы

«Білім беру саласының басты міндеті – 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту»

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаев

 

Қандай қалада, ауыл – аймақта болмасын мектеп бірінші сатыда тұрады. Себебі бүлдіршіннен бастап, жас балалардың ең бірінші әріп үйреніп, қолына қалам алып жазу үйренетін, өтіп кеткен өмір жайлы біліп, жақсылық пен жамандықты, өмірдің ақ - қарасын ажыратуды үйрететін алтын ұя, мектеп. Қолтығынан демеп, аяғынан нық тұрғызып үлкен сапарға шығарып салатын да алтын ұя, мектеп. Алтын ұя мектептің еңбектері жайында айтар болсақ әңгімеміз бүгін ертеңдері аяқталмас.

Мектеп демекші Прогрес аулдық округінің мектеп жайына келер болсақ, мектеп бастан - аяқ  күрделі жөндеу жұмысынан өтіп, барлық жихаздары түгелдей жаңартылып, көптеген өзгерістер енгізілген.

Мектептің әр сыныптарын арлап, сонымен қатар мұғалімдер бөлмесі мен мектеп басшысының бөлмесін қарап таңдандық. Мектептің күрделі жұмысы туралы мақтап, ауыз толтырып айтғуа болады. 

Мектеп жайында толығырақ жазу мақсатында осы мектепте қазақ тілі пәнінен сабақ беретін ұстаздар Жұмағалиева Айған Әуесханқызы, Қожахметова Ботагөз Қуанышқызы және Мұстафина Аңсаған Мұратқызымен тілдестім.

- Ботагөз Қуанышқызы ең бірінші сұрағым бұл мектеп қай жылы тұрғызылды және мектептің жалпы жағдайы?

- Бұл мектептің қабырғасы осыдан он төрт жыл бұрын яғни 1994 жылы қаланды. 1994 жылдан бастап мектепте жыл сайын ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Міне қазір өздеріңіз көріп отырғандай  мектеп түгелдей күрделі жөндеу жұмысынан өтті. Мектепке кірсеңіз шыққысыз температурасы 20 с◦ - 23 с◦, күн ұзаққа осында жұмыс істеп жүре бергің келеді. Мектептің осындай әдемілігі оқушыларды өзіне шақырып, білім алу қабілеттілігін дамытады. Асханада ыстық тамақпен тегін тамақтандырады. Сондай – ақ өзіміздің медбикемізде күніне сегіз сағат қызмет көрсетеді.

- Мектептеріңізде білім алушылардың саны жағынан айтып кетсеңіз.

- Шағын ауыл болғандықтан мектепте білім алушылар саны әзірге қырық жеті ғана. Бір – ақ алдағы уақытта балалар саны көбейіп, мектебімізде бос орын болмайды деген үміттеміз. Оқушылардың осындай барлық жағынан жағдайлары қамтылып отырса, білімді шәкірт шығару біздің қолымызда. Сондықтанда біз оқушыларға жоғары деңгейде тәрбиелеп, білім беруге әр қашанда тырысамыз. Мектебімізде жыл сайын уақытылы апталықтар жүргізіледі. Мерекелік кештеріміз міндетті түрде екі тілде жүргізіледі, мемлекеттік және ресми тілде.

-  Мектептеріңізде ұстаздар жеткілікті ме?

- Мектебімізде мемлекеттік тілде білім беретін ұстаздарымыз жеткілікті. Жалпы айтсақ басқа пәндерден білім беретін ұстаздарымыз жеткіліксіз. Мұғалімдер саны жеткіліксіз болғандықтан бір аудиторияда екі сыныптан білім алып отыр. Қазір барлық мектеп – мекемелер сияқты бізде де жаңа жылдық мейрамға дайындалудамыз.

Сұхбат бергендеріңізге көп алғысымды білдіре отырып, мектептеріңізде оқушылар саны көбейіп ауылдарыңызда тағыда білім ордалары тұрғызыла берсін демекпін.   

Шығармашылық үй  

                Прогресс ауылдық шығармашылық үйі сырттан қарағанда әсем де, тамаша көз тартарлықтай. Кірген кездегі әрленуі де жарқырап тіпті өзіңді «төрге шық» деп қарсы алып тұрғандай. Шығармашылық үйі болғандықтан мәдени іс – шаралардың өткізіліп тұратыны айтпасада белгілі. Прогресс ауылдық шығармашылық үйінде күрделі жұмысы 2008 жылдың суәірінен басталып 2008 жылдың қыркүйегіне дейін толықтай аяқталып бітті. Қазіргі уақытта мерекелік кештерде міндетті түрде осы шығармашылық үйінің акт залында екі тілде жүргізіледі. Мерекелік кешке келген көпшілік қауым  әншілер мен бйшілерді бір кісідей қошеметке бөлеп қасы алады. Мен ауылдың адамдарының мәдениеттілігін осыған қарап өте жоғары баға бере аламын.

                Осы шығармашылық үйінің екінші қабатында ауылдық кітапхана орналасқан. Осы кітапхана меңгерушісімен тілдестім.

-          Кітапхананың жалпы жағдайына тоқталып кетсеңіз.

- Кітапхана көріп отырғаныңыздай толықтай күрделі жөндеу

жұмысынан өтті. Кітапханамыз жылы темперетурасы тұрақты 18с◦ - 20с ◦. Мұнда кірер алдында кітапхана «Дом пионеров» ғимаратында болды. Ол ғимаратта болғанда да келуші оқырмандар көп болды, бір – ақ оқырман қауым жазды күндері келіп оқу залында оқыса, қысты күні ғимаратымыз салқын болуына байланысты мүлдем келмей қалып жатты. Осы ғимаратқа келгелі қазіргі қыс уақыты болсада келушілеріміз қайта жиналды. Бізде түрлі үйірмелер жүргізіледі. Үйірме болғанда балалар саны он екі, он үш, ал үлкендер саны он жеті, он сегіз қатысушыларға дейін жетеді. Жалпы бір күндік келушілер саны орта есеппен он алты, он жеті адам. 

- Кітапханаларыңызда кітаптар қоры қалай?

- Кітапханамызда кітаптар қоры жеткілікті, кітаптарға баймыз

десек те артық айтпаған болармын. Кітаптар қазіргі уақытта жеткілікті болсада жаң түсімдер келуде. Біз жаңа кітаптар келгенде ескі кітаптарды баланстан шығарып басқада филиалдарға таратып береміз.

-          Кітапханаларыңызда мемлекеттік тілдегі кітаптардың жағдайы

қандай деңгейде және мемлекеттік тілдегі кітаптарды қызығушылықпен оқитындар көп пе?

-          Мемлекеттік тілдегі кітаптардың жағдайына келер болсақ, олар да

жеткілікті, олардыңда жаңа түрлері келуде. Мемлекеттік тілдегі кітаптарды оқушылар аз емес, көбіне қазақ мектептерінде оқинын оқушылар мен мұғалімдер алады. Біреулері кітапты арнайы оқу залында оқыса, біреулері үйлеріне алып оқиды. Біз үйлеріне алып оқуға бес кітапқа шейін рұқсат береміз. Кітапхана екі топпен жұмыс атқарады: үлкен топ және кіші топ. Үлкен топқа тоғызыншы сыныптан жоғары оқушылар мен үлкен кісілер. Үнемі келушілер 17 – 18 адам, ал кіші топ бірінші сыныптан тоғызыншы сынып аралығында үнемі келушілер 15 – 16 адам.  Сонымен қатар екі топтың кітаптарын екі бөлмеге бөліп қойдық. Екінші қабатта барлығы плпстикалық терезелері қойылған. Осы шығармашылық үйдің әрі қарай жанданып, өркендеу барысында ескеретін жайттар диско залға бір компьютер және спорт залына спорттық құралдар болса нұр үстіне нұр болар еді.

 

-          Райхан Серікбайқызы сұхбат бергеніңізге бың да бір алғыс, алға қойған мақсаттарыңыз орындала берсін.          

Дастан Нөпіров

Категория: Все выпуски за 2007-2009 гг | Просмотров: 1789 | Добавил: gazeta_KO | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Архив записей
Друзья сайта
  • Интернет компания