Меню сайта
Категории раздела
Все выпуски за 2007-2009 гг [183]
см. все
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 38
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2009 » Октябрь » 1 » Оразаларыңыз мүбәрәк болсын!
01:20
Оразаларыңыз мүбәрәк болсын!

Баршаңызға белгілі бйылғы қасиетті рамазан айы білім күні мен қатар келіп отыр. Рамазан айы айлардың патшасы қасиетті ай. Бұл айда әр мұсылман ораза тұтып ауыз бекітуге міндетті. Сонымен қатар басқа да дін өкілдерінің ораза тұтып ауыз бекітуіне шектеу қойылмайды. Негізінен мұсылман қауымның ер баласы он екі мүшел жастан, ал қыз баласы тоғыз жастан бастап ауыз бекітуге міндеттеледі. Ертеден ата-бабаларымыз ер баланы он үш те отау иесі деп, мүшел жасқа толғанда ер баласын үлкен адамдар қатарына қосып, олармен ересектерше сөйлескен. Ал қыз балларға келер болсақ  олар ер балаларға қарағанда тез жетіліп өседі екен сол себептен қыз балаларға тоғыз жастан бастап ауыз бекіту міндетеледі. Ауыз бекітпеуге кішкентай балалар мен сексен жастан асқан қарйяларға және де жол жүруші пенделерге рұқсат беріледі. Әрине оның да себептері бар. Шынай көзбен қарап дұрыс бақыласаңыз жас бала мен қарияның ұқсастығы көп екендігін байқауыңызға болады.  Ал егерде ораза ұстауға қорқам немесе тағыда басқа күмән болса? Оларға да жауап дайын. Яғыни осы қасиетті рамазан айында ауыз бекітуге дайындық айларыда бар. Ереже айы және шағбан айы. Бұл айлар ауыз бекітуші пенделердің күмәнін жоюға арналған айлар болып саналады. Бұл айда ауыз бекітуге ынтасы бар адамдар өзін- өзі тексеруіне болады. Ауыз бекітуге дайындық бір күн болуы немесе бірнеше күн болуы мүмкін. Өзін-өзі тексеріп ауыз бекітуге дайынмын дейтін болса рамазан айында ауыз бекітсін, ал егер рамазан айында өзіне-өзі сенімсіз болып ауыз бекітіп ұстай алмай жатса, бұл үлкен күнә. Сонымен қатар рамазан айында  әрбір жан бір-бірін ренжітпей кешірімділікпен қарауы керек. Келіп көмек сұрап жатқан жандардың бетін қайтару да үлкен күнә. Бұл айда алынған қарыздарды тез қайтарған абзал және жағдайы жоқтарға сәдәқа беріп ауыз бекіткен жандарға үйден дәм татқызған  үлкен сауап болып саналады. Тіпті ертеде соғыс болып жатқанда да қасиетті рамазан айы туғанда соғысты тоқтатқан екен. Құран аятынан алынған шариғат үкімінде жазылған мұсылмандарға бірден-бір шектеу ол доңыздың етін жеуге болмайды. Бұл шектеу біздің заманымыздан бұрын XIV ғ бастап айтылған. Бұның жайы медициналық түрден де дәлелденген.

      “Бүгінгі күні өткен уақыттарға қарағанда ауыз бекітушілер саны әлде қайда көбейді”- дейді Халық қажы. Бұлақ көрсең көзін аш демекші Халық қажы осы ауданнан көрген бұлағының көзін ашты десек қате болмас. Халық қажының мақсаты ауданымыздың мұсылмандарын тура жолға шақыру. Сонымен қатар халыққа мұсылман дінін одан әрі таныту. Мешітімізге нағыз мұсылмандар толып, ораза тұтып ауыз бекітушілеріміз көбейсін. Оразаларыңыз мүбәрәк болсын ағайын.

 

Дастан Нөпіров

Категория: Все выпуски за 2007-2009 гг | Просмотров: 1200 | Добавил: gazeta_KO | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Архив записей
Друзья сайта
  • Интернет компания