Меню сайта
Категории раздела
Все выпуски за 2007-2009 гг [183]
см. все
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 38
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2009 » Октябрь » 1 » Мектебім - болашақ бастауым
00:59
Мектебім - болашақ бастауым

Егеменді еліміздің келешегі білімді жастар. Өткен жылғы Президент жолдауында ел болашағы білімді ұрпақтың қолында екені жақсы айтылған. «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей, қазақ жастарын білімге бағыттау бүгінде аса маңызды. Қай елдің болсын ұлттық ерекшеліктерінің сақталып, дамуына жағдай жасайтын және оны ертеңімен жалғастырар алтын көпір - мектеп. Жастар еліміздің ертеңі, қоғамымыздың болашағы емес пе? Онда да кез - келген мектеп емес, шынайы ұлттық мектеп. Ұстаздар ұрпақтар сабақтастығының алтын тамырына айналып, өткенді ертеңмен жалғастырар болса, келешекке деген сеніміміз нық болатыны айқын. Ұлтымыздың сондай құтты ұяларының бірі - Қарасу ауданында ашылған қазақ мектебі. Әр оқушының тыныс - тіршілігі, іс - әрекеттері мен сабаққа үлгерімдерінен бастап олардың азаматтық тұлғасының қалыптасуына жағдай туғызып, жанашырлық танытатын ұстаз - мектептің алтын діңгегі. Ұлы педагок А.Макаренко: «Тәрбиешінің әрбір қимылы, жүріс - тұрысының өзі балаларға өнеге, тәлім - тәрбие берерліктей болуын аңғарған адам ғана тәрбиеші бола алады» дегендей осы қазақ мектебінің ұстаздары, айтылған кемеңгерлік пікірдегідей десек, артық болмас. Дана халқымыз «білекті бірді, білімді мыңды жығады» демей ме, өркениетті елдер қатарына қосылу армандаған біз үшін өрелі мақсаттың басты кілті - білім. Сондай қазақ білім ордасына күрделі жөндеу жұмысын жүргізіп, желтоқсанның тоғызыншы жұлдызында Қарасу ауданымызда ашылды. Негізінен қазақша оқыту бұдан үш жыл бұрын басталып – ақ кеткен болатын. Бір – ақ арнайы қазақ мектебі болмағаннан кейін, сол мектепте оқытыла берді. Жаңа ашылған қазақ мектебі жайында газет бетіне мақала түсіру мақсатында мектеп директоры Құсайнова Ұлберген Рамазанқызымен сұхбаттастым.

-          Ұлберген Рамазанқызы жаңа ашылған қазақ мектебі жайында не айтасыз.

-          Барлық мектептерге тән бұндада мәжіліс залы, спорт залы, асхана

және де мұғалімдер бөлмесі бар. Мүндағы барлық залдарға, сыныптарға көріп отырғандай көңілден шығар жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мектептегі оқушыларға арналған арнайы асханадағы тағамдардың құны, аудандық бюджеттен төленеді.

-          Қазақ мектебінде қанша оқушы білім алыу үстінде?

-   Жаңа ашылған қазақ мектебінде әзірге үш сынып. Мұнда барлығы отыз оқушы білім алып отыр. Нақтырақ айтқанда бірінші сыныпта он төрт оқушы, екінші - үшінші сыныптарда сегіз оқушыдан. Бір - ақ бұл басы ғана. Алдағы уақытта оқушылар саны көбейіп, ауданымызға тағыда қазақ мектебі тұрғызылады деген үміттеміз. Мектепке даярлық топтарында да оқушылар саны аз емес. Біздің  қазақ мектебімізде өзге де ұлт өкілдері білім алып жатыр.

-  Үлберген Рамазанқызы сұхбатңызға көп алғыс, ашылған қазақ мектебінің білім алушылары көбейіп, ауданымызда қазақ мектептері бой көтере беруіне тілектеспін.

 Дастан Нөпіров

Категория: Все выпуски за 2007-2009 гг | Просмотров: 2154 | Добавил: gazeta_KO | Рейтинг: 2.0/2
Всего комментариев: 0
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Архив записей
Друзья сайта
  • Интернет компания