Меню сайта
Категории раздела
Все выпуски за 2007-2009 гг [183]
см. все
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 38
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2009 » Сентябрь » 22 » Халық санағы- 2009
01:57
Халық санағы- 2009

Статистика  бөлімі  аса жауапкершілік  кезеңінде   

Бәрімізге  мәлім,  25 ақпан мен 6 наурыз  аралығында  Екінші Халық  санағы жүргізілді.

Енді,  осы  Халық  санағының  қалай  өткенін,  қандай  сұрақтар қамтылғанын  анықтау мақсатында  Қарасу  аудандық  статистика бөлімінің  бастығы  Қадірбеков  Бауыржан  Байкенұлымен  қысқаша  сұхбат.

-Бауыржан  Байкенұлы, облысымызда , ауданымызда  жалпы  халық саны  қанша екен?

            -Облысымызда екінші  Халық  санағы  бойынша 890 мың  халық  бар екен, ал  Қарасу  ауданы бойынша  29532  халық  тұрады

Олардың  ішінде  ерлері – 14526,  әйелдер саны -15006, қазақ  ұлты- 8650, 29,2 % көрсетіп  отыр. Санақ  барысында  өзге ұлт  өкілдері анықталмады.

-Санақтың  жүргізілуі аяқталды. Қазіргі  күні  қандай  жұмыстармен  айналысып  жатырсыздар?

            -Жалпы,  санақ  жұмысы  аяқталғанымен  аудандық  статистика бөлімінің  маңызды да, жауапты да  жұмысы , енді  басталып  жатыр десек, артық  айтқандық  емес. Санақшыларымыздың  99 портфельдері бар. Портфельдегі  толтырылған  бланктердің   әр  парағын  қарап  шығып,  олардың  дұрысын , дұрыс деп,  бұрысын  бұрыс  деп  ескертулер жасаймыз. Бір  үйге  3-4 бланктен  келеді. Ілеспе  бланк  бойынша  санақ  толтыру  жұмыстары  тексеріліп  жатыр. Бланкті  толтыру шрифтпен таңбаланады.

-Бауыржан Байкенұлы, осы  Халық  санағын  жүргізуде қандай  ерекшеліктер болды?

            -Әрине, бар. Осы санақтың  алдындағы  өткен  санаққа 10 жыл болды. «50 жылда  ел  жаңа» демекші, бұл  санақтың  өзіндік  жаңа  ерекшеліктері бар. Ол- жаңа  инновациялық үдерістерді  қолдана  отырып, алынған  деректердің  сапасын  көтеру. Осы  Екінші  Халық санағында  техниканың  жаңа  түрлерін  пайдалаып , әлдеқайда  жұмыс қарқынды  екпінде  өтті. Санақ  бланкілерін оптимистік  сканирлеу үшін, бланктерді  жүргізуде  автоматтандырылған  сканер.

-Санақ кезінде қалып  қойған  үйлер  болды ма?

            -Жоқ,  бұндай  келеңсіз  жағдайлар  байқалмады. Қайта  наурыздың  9 мен  17 аралығында  қосымша  аралау жұмыстары жүргізіліп өтті. Есепшілеріміз  санаққа  жауапты түрде  қарады. Бірде- бір  үй қалып  қойған жоқ. Ал , санақ кезінде  үйінде  болмағандардан  қосымша аралау санағы алынды. Бланкті  толтыру жай  емес,  өзіне  тән  ерекшеліктері  бар, толтыруда  қателіктер  жібермеуге  тырысып,  санақшыларымыз  мұқияттылық көрсетті.

 Бауыржан  мырза, Халық  санағының  толыққанды  жағдайларына  кімдер жауапты?

            -Санақ  бөлімінің  меңгерушілері  есепшілер мен нұсқаушы-бақылаушыларды оқытып- үйретуде  міндетті болатын. Санақ бөлімінің  меңгерушілері  өз  жұмыстарын 5 қаңтардан  бастап  10 сәуірге  дейін  жалғасуда.

Өкілдіктер санақ бойынша өз  міндеттерін 5 қаңтардан  30 сәуірге  дейін жалғастыруда. Сәуір айынан  бастап , санақ бойынша  өкілдіктер бақылау  фишкаларын  тексеріп, қарауда. Халық санағының  толыққанды жұмыстарын облыстық  статистика бөліміне жіберіледі.

                        Материалды әзірлеген  Жамал  Жолмұхамед  

Категория: Все выпуски за 2007-2009 гг | Просмотров: 1294 | Добавил: gazeta_KO | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Поиск
Календарь
«  Сентябрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Интернет компания