Меню сайта
Категории раздела
Все выпуски за 2007-2009 гг [183]
см. все
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 38
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2009 » Сентябрь » 17 » Халық Санағы - 2009
00:59
Халық Санағы - 2009

Халықтың Екінші   Ұлттық    Санағы

 

БҰҰ- ның Статистикалық  комиссияның  анықтамасы  бойынша :

«Халық  санағы – белгілі  бір  уақытта  елдің  барлық  азаматтарына   немесе  елдің   нақты  шектелген бөлігіне қатысты демографиялық,  әлеуметтік  және  экономикалық  деректерді бірыңғай жинау, қорытындылау,  бағалау, талдау және   жариялау немесе басқаша  жолдармен  тарату процесі».

Ұлттық  санақ  2009 жылдың  25  ақпаны  мен   6  наурызы  аралығында  өтеді.

Осы  маңызды  Халық  санағын  өткізудің  мән- жайын  білу   барысында  Қарасу  аудандық  статистика  бөлімінің  бастығы  Қадірбеков  Бауыржан Байкенұлына жолықтым

Сәлемдескеннен  кейін, қандай мақсатпен  келг

енімді  айтып,  сұхбат  ала  бастадым.

-

Бауыржан Байкенұлы,  сіздің  халық  санағына  деген  көз қарасыңыз  қандай?

 

Халық санағын жүргізу  ісі -  заман  қажеттілігі . 1999 жылы халық санағы  жүріп  өткен –ді. Содан бері  10 жыл өтіпті. Әрі  1997 жылы  біздің  ауданымызға  Октябрь  селосы  қосылды. Миграция  деңгейі  кең  ауқымда  болды. Санақ  алу барысында  барлық  нақты , толыққанды  мәліметтер алынып,  белгіленеді.  Халықтың шынайы  саны  анықталады. Халықтың  Екінші  Ұлттық  Санағын  бір  кісідей  жұмылып,  белгіленген уақыт аралығында  аса   жауапкершілікпен  қарап, қызметімізді жақсы  қарқынмен  атқарып  шығамыз  деген   ойдамыз. .

 

-Бауыржан  Байкенұлы,  статистика  бөлімінің  санақты  жүргізудегі  дайындықтары  жайлы  айтып  кетсеңіз.

 

-Ауданымызда  санақ  жүргізудің  бекітілген  ұйымдастырушылық жоспарлары  негізінде жұмысқа  тартылатын  санақ  кадрлары:  санақ  бөлімдерінің  меңгерушілері,  нұсқаушы- бақылаушылар, есепшілер.Осындай  кадрларға  қажеттілік  анықталып,  олар  кесте  бойынша  қызметтерін  бастағалы  отыр  Санақ  бөлімінің  меңгерушілері  5- ақпаннан бастап 3- сәуірге дейін, нұсқаушы- бақылаушылар  2- ақпаннан 3- сәуірге  дейін, есепшілер 16-  ақпаннан бастап 18-  наурызға дейін. Санақтың  өзі  арнайы  оқытылған  есепшілердің  халықтан  жауап  алу  әдісі   арқылы  жүргізіледі.  Маман  ретінде  олар  барлық  қажет  жабдықтармен ,  атап айтқанда: портфельдермен , санақ  парақтарымен,  халықты  аралауға  арналған нұсқаулықтармен  қамтамасыз етіледі.  Алыс елді   мекендерге  бару  үшін  бөлімге   арнайы  автокөлік беріліп  отыр. Есепшілердің  жұмыстарын  жеңілдетуге  көп  септігін  тигізеді.Санақ  жүргізуде  25 нұсқаушылар,  99  есепшілер жұмыстарын атқарады.Санақ  бөлімінің меңгерушілері- 3 адам. Олардың  екеуі   ауданда  қызмет  атқарады, біреуі  Октябрь  селосында  қызмет  атқарады.

 

 

-Халық  санағын  жүргізудің әлеуметік- экономикалық  мәні  қандай?

 

-Санақ нәтижелері  бойынша  ауылдық  жерлердегі орналасуы, жасы, неке және  отбасы жағдайы, ұлттық  құрамы, дінге  кірушілердің  құрамы, тілдерді меңгеру  нәтижесі, білім  деңгейі, оқумен  қамтылуы, үй шаруашылығының  саны мен  көлемі,  күнкөріс табысының көзі, еңбекпен  айналысуы,  жеке кәсіпкерлікпен айналысуы, қоғамдық  транспортпен қамтылуы, тұрғын үй жағдайы  сияқты көптеген  мәліметтерді  білуге  болады.         

 

 

Бауыржан  Байкенұлы,  санақ  ауқымындағы  экономиканың  инновациялық  сипатындағы  мақсат?

 

Санақ - ауқымы  кең  іс- шара, нәтижелері  ел  тұрғындарының тұрмыс –тіршілігі  туралы  толыққанды  ақпарат алуға мүмкіндік  береді. Санақ  парағына  стандартты  сұрақтардан  басқа, қазіргі  күнде  қанша  қазақстандық  компьютерлік тұрғыдан  сауатты  деген  сияқты  жаңа  сұрақтар  енгізіледі. Мемлекет  өз азаматтарының  дамуына  мүдделі,  бұл  экономиканың  инновациялық  сипатындағы   мақсатқа  сай. Білім  сапалы  болса,  еліміздің  әрбір  азаматы  соғұрлым     еңбек  нарығында  бәсекеге  қабілетті ,  өмір  сүру  деңгейі  жоғары болады.

 

-Әңгімеңізге  рахмет! Осы  кең  ауқымды  іс – шараны  жүргізуде  санақ  қызметкерлеріне қажырлы  табандылық  тілеймін.  Іске  сәт!

 

                                                                                                                             Жамал  Жолмухамедова

Категория: Все выпуски за 2007-2009 гг | Просмотров: 3116 | Добавил: gazeta_KO | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Поиск
Календарь
«  Сентябрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Интернет компания