Меню сайта
Категории раздела
Все выпуски за 2007-2009 гг [183]
см. все
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 38
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2009 » Сентябрь » 15 » Халық банк жаһандық дағдарыстан шығу жолында
02:23
Халық банк жаһандық дағдарыстан шығу жолында

Халық  банк  қай кезде болмасын, қандай да экономикалық  жағдайлар да  болмасын  өз тұрақтылығын сақтап қалады.

Нарықта  банктің  халыққа  қызмет  көрсетіп келе  жатқанына 86 жыл болады. Бүгінгі күні Қостанай облысы бойынша 13 аудандық  басқармалары мен 2 дербес  сервис орталығы  табысты іс-қимылдар жасайды.  

Қарасу ауданында тек  банк  бөлімшесі  бар. Ең негізгі  басы- Сарыкөл  ауданында. «Қазақстан  Халық Банк» АҚ ҚОФ- ның

Сарыкөл басқармасы  екі  ауданға  қызмет көрсетеді. Банк бюджеттік және  бюджеттік емес  ұйымдарға  қызмет  көрсетіп келеді. Сарыкөлдегі  клиенттер саны – 6000 нан астам, Қарасу бөлімшесінде  2000 ға  жақын. Бұл  аймақтағы  банктік  үлестер 99,9% ті құрайды. Көрсеткіш  банк ұжымының бірігіп, қызиет  көрсетуінің  нәтижесі.

  Қарасу ауданынындағы  Банк бөлімшесінің бастығы Егзекова  Әлия  Айтқалиқызы.

 

-Әлия ханым, банк халыққа  қандай қызмет көрсетеді? Осыған  тоқтала  кетсеңіз

-Қарасу  ауданы  өзіне екі   аудан  орталығын  қосып отыр. Қарасу мен  Октябрь аймағы. Аудандық  банк  бөлімшесінің     

  жұмысы  тұрғындардың  көңілінен  шығып  жүр. Сапалы  банктік  сервис енді  өзімізде де  жүргізіледі, қалаға  барудың  қажеті  жоқ.

Қазіргі  кезде  адамдар  жалақысын  алу  үшін  пластикалық карточканы көптен-көн қолданып жүр. Осындай  сервисті қызметті Сарыкөл  ауданында 3000 дай  қызметкерлер пайдаланады. Біздің  Қарасуда да осы қызмет түрін пайдаланатын мекемелерді   атап  кетуге  болады.

Жергілікті  әкімият, АIIБ,  аурухана, білім  мекемелері, байланыс қызметі, электрэнергия жүйесінің  қызметкерлері.

Күн сайын  жаңа клиенттер саны  көбеюде.

                2008 жылы Сарыкөл басқармасында  және Қарасу банк бөлімшесінде жаңа банкоматтар орнатылды.  Тұрғындарымыз  пластикалық  карточкамен  жалақысын алып  қана  қоймайды, сонымен қатар  ақша жіберу, ұялы  телефонға  ақша салу, «Тұрғынқұрылысжинақбанктегі» есеп—шотына  ақша салу, ұялы  банкингке  қосылуға және  де  тағысы- тағылар. 

Банкомат  арқылы  көрсетілетін  қызмет  түрлері  үнемі  ұлғаюда. Халық  банк  ҚР-ның  карточкалық  жүйесінің көшбасшысы.

Экономикамыздың  ең  ірі  саласының  бірі- агроөнеркәсіп  шаруашылығы . Аудан  өңірінде осы шаруашылық  төңірегінде  орта  және шағын  кәсіпкерліктер бар.

-Әлия Айтқалиқызы, дағдарысқа  қарсы бағдарлама  бойынша сіздердің  қолдауларыңыз қалай?

-Банкте  несиелік бағдарлама  қарастырылып  отыр. Ауыл шаруашылық  өнім  өндірушілеріне (3 жыл  уақыт  шамасына)  несие беріледі. Олар: Халық-Агро және  Халық-Агро Техника ауыл шаруашылық техникалар мен  ауыл шаруашылық  құрал- жабдықтар. Орта  және шағын кәсіптің  айналым құралдарына, негізгі құралдарды  алуға, жөндеу жұмыстарын, қайтадан  жөндеуге т.б.

Халық банкінің несиелік  бағдарламасы  бойынша  халыққа  мынадай кең спектрлі  ұсыныстар  жасайды. Егер, сіз автокөлік алғыңыз келсе, тұрғын  үй  сатып  алғыңыз  келсе, жиһаз, тұрмыстық  техниканы, шетелде дем  алғыңыз  келді ме,  салтанатты  куанышты  тойларыңызды  өткізгіңіз  келсе және  де  зейнетақыларын  Халық  банк  арқылы алатын  зейнеткерлерге  де  несие  беріледі.

 

                2009 жылы 30  қаңтарда АҚ  Халық  банкке  2 жедел  депозит  келіп  түскен-ді. Оның  бірі- «Самырұқ- Қазына» ұлттық  қорынан 120 миллиард  теңге  бөлініп  отыр. Бұл  депозиттың  60 миллиарды  Халық банкінің  капиталын  ұлғайтуға  жұмсалады.

Ал, екінші депозит 60 миллиард  қаржы көлемінде  ұзақ мерзімді  несиелеуді  Қазақстан экономиикасының  шынайы секторына, сондай-ақ  маңызды стратегиялық  салаларда- өндіріс орындарына,  әлеуметтік инфрақұрылымдарына,  энергетикаға, ауыл шаруашылық  және  азық- түлік өнеркәсібіне,  транспорт пен  байланысқа, машина құрылыс саласына  мұнай  мен газға  жұмсау көзделіп отыр. Сонымен  қатар Халық  банк «Даму» қорының  серіктестігі бола  алады, орташа  және  шағын  кәсіптің өкілдіктерін жеңілдік түрінде несиелеуді, ипотекалық  несиелеуді қайта  қаржыландыруды жүзеге  асыруды  қарастырылған.

 

Халық  банк уақыт беріктілігі  мен  қаржы қиыншылықтарының  сынағынан өткен және еліміздің  дамыған  тұрақты  банкісі болады.

 

Өткен жылдың  20 ақпанында Алматыда  жыл сайынғы «Деловар года»-2008 сыйлығын тапсыру рәсімінде Халық  банк «2008 жылдың  ең үздік  банкісі» деп  аталды.

 

                                               Материалды дайындаған  Жамал  Жолмұхамед

 

                 Алғашқы мереке- жарқын  мереке

 

Көктем қандай тамаша, шұғылалы

мың  құлпыртып далаға  нұр жауады

                Қарасу ауданының  өнер мектебінде  көктем айымен ілесіп  келетін  әсем де , шуақты мерекелердің бірі- 8 наурыз  аналар мерекесіне  әсем сазды  концерт  берілді Сахна  әсем безендірілген.

Көңілді  шартарапта қазағымның күмбірлеген  күйі мен  сезімдердің  әрі болатын  әуендер ойнап тұрды. Жадыраған                       көңіл-күймен бір- біріне жылы  лебіздер  білдіріп жатты.

                Концертке  ардақты  ана-өжелер мен аяулы да,  сүйкімді қыз-келіншектер шақырылған

Жүргізушілеріміз  жүрек  жарды  сөздерімен  нәзік  жандыларды құттықтап, мерекелік  концертті бастап –ақ  жөнелді.

Құттықтау сөзі аудан  әкімінің  орынбасары  Бекенов  Болат Қажыбайұлына  берілді.

Өнер  мектебінде өз  өнерімен  көзге  түсіп жүрген өнерлі жігіттердің бірі- Мәди  Нұрмұхамбетов. Күміс көмей, жез таңдай әнші жарқын мерекенің бет ашарын «Анаға сәлем» әнімен  ашты. Өн бойынан өнер тамған талантты жігітке  қауым  ризашылықтарын  білдіріп, шашбауын бір көтеріп  тастады.

Құрметті  әйел- аналарға  ән шашумен  қатар қоғамдағы  ерен еңбектері  үшін сыйлықтар  табыс етілді. Бұл ізетті мерекеге  келешек  буындар да өздерінің  пәк  сезімді  өлеңдерін арнап,  жолдап  жатты.

Жарқын мерекеміздің  жақсылықтың  белгісі  ретінде  сол күні Алланың нұры жауып, табиғат-анамыз да қоштағандай  болып  тұрды.Мінеки, «Алланың нұры жаусын!»- деген осы. Мерекелік концерт тартымды өтті.

 

Жамал Жолмухамед

Категория: Все выпуски за 2007-2009 гг | Просмотров: 1979 | Добавил: gazeta_KO | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Поиск
Календарь
«  Сентябрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Интернет компания