Меню сайта
Категории раздела
Все выпуски за 2007-2009 гг [183]
см. все
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 38
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2009 » Сентябрь » 15 » Ғибратнама Ата – анаңның қадірін біліп жүрмісің?
01:39
Ғибратнама Ата – анаңның қадірін біліп жүрмісің?

Кішкентайым!  Сенің ата- анаңды өте  жақсы  көретініңе және оларды сыйлай білетініңе мен шүбәсіз  сенемін. Олар да сен үшін  от пен суға  түсуге  дайын, Соған  Алладан денсаулық, өмір, иман

тілейді. Сені жүректеріндегі  мейірім  нұрына  бөлеп, сүйіспеншілік 

сазымен  әлдилейді. Есіңе түсіріп көрші, әкеңнің  немесе анаңның тілін  алмай, ренжітіп қойған кездерің болды ма?  Егер болса, олардың сені  тез  кешіре  салғанын ұмытпаған шығарсың? Сондықтан  мұндай  әбестікті  қайталамауға  тырыс.Өйткені, Алла тағалаға ғибадат  етуден кейінгі  біздің  міндетіміз – ата-анамызға  қызмет епту, жақсылық  жасау. Оларды  қартайған ,әлсіреген, қорғансыз кезінде ерекше  бағып, қағуымыз  керек. Өйткені, олар да бізді  кішкентай, әлсіз, қорғансыз сәби күнімізде  күтіп, өсірді ғой! Ал Хасан есімді  баланың  қылығы  дұрыс па, бұрыс па,өзің бағалап  көр.

                                                                             

                                                                              Хасанның  есебі

Әкесінің әлденені есептеп, жазып отырғанын көрген Хасан есімді бала  өз бөлмесіне  жүгіріп кеп, ойына алған  нәрсені  орындауға кіріседі. Анасына көрсеткен  азын- аулақ  көмегі үшін  ақша сұрамақшы болады.Келесі күні анасы ас  үйдегі  үстелдің үстінен  бір қағаз  тауып алады. Ондағы жазу мынау  екен. «Анасының ұлы  Хасанға  қарызы. Дүкеннен  сөмке  тасығаны үшін – 550 теңге,  хаттарды  поштаға  салғаны  үшін- 300 теңге, тәртіпті  бала болып,  жақсы оқығаны  үшін – 1500 теңге, гүлдерге  су құйғаны  үшін- 900 теңге, барлығы- 3250 теңге».

                       Анасы  столдың  үстіне  3250 теңгені  қалдырып кетеді. Кешке  Хасан  ақшаны көргенде  қатты қуанады. Алайда ақшаның  жанындағы  тағы  бір қағаз  жатқан  еді. Онда  былай  деп  жазылыпты: «Хасанның  анасына  қарызы: Үйде  өткізген  10 жыл  бақытты  өмірі  үшін – ештеңе, ауырған  кездегі  бағым- күтімі  үшін – ештеңе,  жақсы  ана  болғаны үшін- ештеңе, Барлығы – ештеңе».Қағазды  оқыған  Хасан қызарып  кетіпті. Сонан соң  жүгіріп келіп анасын құшақтап,  кешірім сұрап, ақшаны  анасына  қайтып беріпті.

                          

 

                                                                              Баланы   бастан ... 

Бір мұсылман отбасының  отағасына  көршісі  келіп,  сол  үйдің 5- 6  жасар баласының  үстінен шағым  айтады.

                       -Сіздің  балаңыз  күнде  үйімізге келіп, айран  құюлы месті  бізбен тесіп, ұрлап  ішіп жүр,- дейді. Мұны  естіген  отағасы қатты ұялады. Баласына  айтып  қойғыза  алмайды.Әйелі  екеуі: «Баламызды тәрбиелеуде  қай  жерден  қате  жібердік?»- деп  ойлана  бастайды.Ойлана  келе  әйелі:

                       -Мен  баяғыда  екі  қабат  кезімде  көршінің үйіне  барып,  дастарқанда тұрған  апелсинді  көріп, жеуге  қатты құмартып  едім.

Бірақ  ол  өзі «же»  деп  айтпағандықтан, сұрауға  ұялдым. Көршім  сыртқа  шығып  кеткенде , түйреуішіммен  тесіп-тесіп, екі-үш рет сорып  алдым. Баламызда пайда болған әдет- соның  салдары  болса керек,- дейді. Сонда  күйеуі.

                       -Е,міне, мәселе  қайда жатыр?!

Тез барып көршіден  сол ісін  үшін  кешірім сұра да , Алла  тағаладан  тәубе  етіп,  екі рәкәт намаз  оқы. Бәлкім,  сонда  баламыз  түзелер,- депті. Айтқанындай- ақ   аз  уақытта  бала  жаман  әдетін тастап,  ата- анасының  көңілі орнына  түсіпті.

 

                                                                             

Ағаш  тостақ

Бір кісі  қартайып, көзі көруден, құлағы естуден, аяғы жүруден  қалыпты.Дастарқан  басында  қолы  қалтырап, тамақты  төгіп-шашып  ішіп, ыдыстарды сындырып  қоя  беретін  болыпты. Бұған  баласы мен келіні  ызаланып,  оны дастарқан  басына  отырғызбай, пеш түбіндегі  қуысқа  отырғызып,  қолына  ағаш  тостақ  ұстатқызып  қойыптты.

Қария дастарқанға  жанары  суланып , мұңая  қарап отырып, ағаш тостақтағы тамағын  жейді екен. Бір күні  олардың  он жасар баласы үйге  ағаш  алып келіп жона  бастайды.

Әкесі.

                       -Мұны не істейсің, балам?- деп  сұрайды.

                       -Ағаш  тостақ жасаймын, әке. Қартайғанда  сіз де  осы тостақтан  тамақ  жейтін  боласыз. Баласының  мына сөзінен соң  әкесі мен  шешесі көздеріне  жас  толып, жасаған  істеріне қатты ұялады. Аталарын  қайтадан  дастарқан  басына, төрге  отырғызып, ешбір қылығына  қабақ  шытпайтын  болыпты.

 

 

 

                                                                              Қасапшы  жігіт

Мұса пайғамбар (с.ғ.с.)  Алла  тағаладан:

                       -Мен  жәннатқа барамын ба?

Барсам онда кіммен көрші  болар  екенмін?- деп  сұрапты.

            -Барасың.  Онда бір  қасапшы  жігітпен  көрші боласың.

Мұса (с.ғ.с.)  қасапшы  қандай  қасиетімен  пайғамбардың  қатарына лайық болды  екен  деп  қатты таң  қалады. Ақыры  сол  жігітті  іздеп келеді. Жігіт өте көркем  мінезді, адал еңбегімен  күнелтіп жүрген  жан екен. Жұмыстан  қайтарда  жігіт  жаңа  танысын  үйіне  қонаққа  шақырады. Пайғамбар бұл  шақыруға  қуана  келіседі. Жігіттің  отбасы тіршілігін  көргісі  келеді.

Екеуі шәйға  жайғасқанда жігіт  нанға қаймақ  жағып алып,  түпкі бөлмеге  жүгіріп кетеді. Қараса шүйкедей  ғана  кемпір  жатыр екен. Жігіт өзі  әрбір  дәмді өзі  бір  тістесе, сол  кемпірге  екі рет апарып  беріп  тұрады. Кемпір  тамақ ішіп  болады да жігіттің  құлағына  әлдене деп  сыбырлайды. Қайтып  келген соң  одан Мұса:

                       -Анау кісі кім  еді?- деп  сұрайды.

                       -Ол менің  шешем. Аяқ-қолы  жоқ,- деп жауап   береді.

                       -Ол саған  не деді  әлгінде?

                       Жігіт анасының:

                       -Сендей  баламның  болғанына  ризамын. Сені тоғыз  ай  он күн  көтеріп  жүргеніме  өкінбеймін. Сен барда  өзімді мүгедекпін деп  есептемеймін.- дегенін  айтады. Пайғамбар  жігітке   қатты риза  болып  аттаныпты.

 

                                               Жақсы  жар -  діннің  жартысы

 

Ибраһим  пайғамбардың ұлы  Ысмайыл  алыста жүріп үйленіпті. Әкесі  мұны  естіп, ұлын іздеп  кліпті. Келсе, үйде ұлы жоқ, келіні атасын есік  алдынан  қарсы  алады. Келіншек үйіне  келіп  тұрған  өзінің  қайын атасы екенін  білмейді. Ыстық  күнде  жолдан шаршап, шөлдеп келіп  отырған  қарияға  үйге кіріңіз,  сусын ішіңіз деген  сынды ізет  білдірмейді. Пайғамбар  одан  тұрмыс  жағдайын сұрайды. Сол кезде  келіншек тұрмыстың  ауыр екенін , күйеуінің  көл- көсір дүние  таппайтынын «жыр» қып айтады. Жағдайдың  баршасын  ұққан қария аттанарда.

-Күйеуің  келгенде оған айт.Үйдің  босағасын  ауыстырсын,  сол  кезде  тұрмысы  түзеледі.- депті. Сөз мәнін  түсінбейтін  ақылсыз  әйел  күйеуіне көрген- білгенін  түк қалдырмай  айтып  береді. Ысмайыл келіп кеткен  өзінің  әкесі  екенін,  оның келініне  көңілі  толмай ,ренжіп  қайтқанын  түсінеді. Үйдің босағасын  ауыстыр  дегені - әйеліңді  ауыстыр дегені  екені де  біледі ...

                       Келесі  жылы Ибраһим  пайғамбар баласын  қайта  іздеп келеді. Баласы  тағы да үйден  жоқ екен.  Бұл  жолы  үйден  басқа  келіншек шығады. Жол соғып  қалжырап келген  қарияны төріне  шығарып, дәмін  сыйлап  күтеді. Тұрмыс-тіршілігі  жайлы  сұрақтарына « Құдайға  шүкір, Алланың бұйыртқаны  болып жатыр,- деген  сынды  жауабын  береді. Күйеуінің  қандай  адам  екенін сұрағанда,  оның  иманды  адал  азамат  екенін  айтып,  ризалығын  білдіреді. Ибраһим  пайғамбар  аттанарда:

                       - Күйеуіңе  сәлем  айт,  үйдің босағасын берік  ұстасын,- деп қайтып  кетеді

 

                                                                                              Жамал  Жолмұхамедова

Категория: Все выпуски за 2007-2009 гг | Просмотров: 2043 | Добавил: gazeta_KO | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 0
Поиск
Календарь
«  Сентябрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Интернет компания