Меню сайта
Категории раздела
Все выпуски за 2007-2009 гг [183]
см. все
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 38
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2009 » Октябрь » 1 » Домбырашы ұстаз
01:17
Домбырашы ұстаз

Нөсерова Раушан Бөпетайқызы 2003 жылдан бастап Балалар өнер мектебінде жұмыс жасауда. Бөпетайқызы Раушан өзінің атқарып жатқан қызметіне өте тиянақты қарап, жауапты жұмыс атқаратындығы жайында сөзін бастады. Өткен жылдарға қарағанда Раушанның айтуы бойынша өзгерістер көп екен. Ең басында келгенде оған оқушылар саны көбейіп тіптен орын болмай қалған жағдайлар осыған шейін қайталанып отырды. Міне қазір Раушанмен қатар тағы екі домбырашы жас ұстаздар келгенін естідіңіздер. Енді өнер мектебінің есігі өткен уақыттағыдай айқара ашық және домбыра үйренем деушілерге орын жеткілікті. Тағыда атйа кететін жағдай ұстаз болу үшін ең бірінші баланы психология жағынан  түсіне білу керек. Раушан өзі сияқты домбырашы ұстаздардың келгеніне қуанып, алдағы уақыттағыдай емес, қазір домбыра үйренем деушілерге әліде орын бар,- дейді. Раушан Бөпетайқызының жетістіктеріне келер болсақ, ол ауыз толтырып айтатын жағдай. Мектеп жасынан көптеген сайыстарға қатысып еш уақытта марапаттаусыз қалған емес. Раушанның ең бірінші есте қалған сайысы ол 1995 жылы мектепті тәмәмдағалы жүргенде “Қыз сыны” атты үлкен аудан аралық сайысқа қатысып жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Әрине жетістіктерін жаза берсек газет беті жетпей қалар. Раушанның әзірге соңғы жүлдесі Қостанай қаласында өткен “Оралхан Бөкейдің” шығармашылық кешінде Алғыс хатпен марапатталды. Бөпетайқызы Раушанның шәкірттеріне келер болсақ оларда аз емес. Соның бірі Көбейова Мөлдірді ерекше атап өткеннің еш артықшылығы жоқ. Мөлдір өзінің ұстазына ұқсағысы келіп көптеген жетістіктерде көрінгісі келеді. Раушанның шәкірті Мөлдірдің үлкен бір жүлдесін “Қарасу жұлдызы” байқауынан білесіздер. Одан кейінгі тағыда бір үлкен жүлдесі Қостанай қаласында өткен “Бабалар сазы” атты үлкен байқауда қазақтың қасиетті аспабы домбыраны қолына алып өз өнерін ортаға салып жүлделі бірінші орынды иеленді. Қазіргі уақытта Мөлдір Көбетаева Рудный музыкалық колледжінде оқып жатыр. Сонымен қатар Раушанның тағыда бір шәкірті Бекежанова Әсем. Олда бірден-бір талантты шәкірт. Биыл Балалар өнер мектебінде алтыншы жыл оқып жатыр. Раушан ол шәкіртінде Рудный музыкалық колледжіне дайындау үстінде. Әр адамның өз арманы болады. Сол секілді Раушанның да өз арманы бар. Ол арманы шәкірттерін үлкен жетістіктерден көріп, кішкетай ұлы тек менің ғана ұлым болмай елдіңде сыйлы азаматы болса деп армандайды. Раушанның ораза тұтып ауыз бекіткеніне биыл үшінші жыл. Жыл сайын ауыз бекітіп жүрген Раушан да оразаның үлкен пайдасы бар екендігін айтып кетті. Ауыз бекіткенде Құдай алдындағы күнәләрдан арылу ғана емес сонымен қатар өз бойындағы түрлі жаман қылықтар мен жаман қасиеттерден арыласың,- дейді. Раушан өзінің бос уақытында теледидардан түрлі концеттерді көріп, өлең жазады екен, драмаларды оқығанды ұнатады. Сонымен қатар кешкісн ұлымен кешкі серуенге шығып демалады.       

Дастан Нөпіров      

Категория: Все выпуски за 2007-2009 гг | Просмотров: 1339 | Добавил: gazeta_KO | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Архив записей
Друзья сайта
  • Интернет компания