Меню сайта
Категории раздела
Все выпуски за 2007-2009 гг [183]
см. все
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 38
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2009 » Сентябрь » 15 » Білгеннің зияны жоқ
01:39
Білгеннің зияны жоқ

Жыл  ішіндегі   қауіпті  ай                                                                      Әр адам  үшін  әрбір  жылдың қауіпті  айы  болады. Сол кездерлде  ол қатты сырқаттануы  немесе қалыпты  жағдайдың  бұзылуы іспетті  құбылыстарға  тап болуы мүмкін. Бұл  хақында  энергетик  мамандардың  өмірлік тәжірибеге  негізделген  түйіндеулері  былай.

Әдетте жаңа жылды  қаңтардың  1- жұлдызынан ( мұсылмандарда  наурыз  айы) басталады дейміз. Шын  мәнінде  ол  кім-кімнің  де  өмірге  келген  күнінен  есептелуі лазым.  Себебі,  әр  адамның  өзіне тән  жылдық  энергетика лық  ырғағы  дәл  сол  туылған  күнмен  тығыз  байланысты. Соған  орай,  туған  күннің  алдындғы бір  ай ( денсаулық  тұрғысынан ) қауіпті  деп саналады. Мәселен, егер  сіз  маусым  айында  туылған болсаңыз,  мамыр  ауыр  өтуі  мүмкін. Туған  күннен  кейінгі  жетінші  ай да  солай: алда  сан  алуан  шырғалаңдар  күтіп  тұруы  мүмкін.

Ал енді  бұлардың  себебі  қайсы, неге олай? Ондай  сәттерден  пәле- жалаға  ұрынбай , аман- есен өтуге  бола ма?

Болады.Мұның  бәрі  өз  басымыз  бен айналамыздағы  энергетикалық  өзгерістерге  қатысты,  сондықтан  энергияның  қорлануы мен  сақталуына  жіті  мән берген  мақұл.  Ауру- сырқау дегендер қашанда  энергияның  кемшіндігі, жетіспеуі  салдарынан  туындайды.

Әрбір  пенде  ешқандай  себеп- салдарсыз  қорқыныш-үрей,  өзін  орынсыз  жазықты   сезінуі секілділерден  арылуға, біреу-міреуге  тіс  қайрап,  ашу-ызаға  бой  алдырмауға,  уақ-түйектерді елемеуге,  жеке  басын  кінәлай беруден  сақ  болуға  борышты. Ағзаның  энергетикалық  қалқанын  нақ  сондай  іс-әрекеттер  мен  жанды  жегідей  жейтін  құрғақ  ой-қиялдар әлсіретуі  мүмкін екенін әсте  ұмытпаған  абзал. Есесіне,  адам  қандай  жағдай  да  өзін  емін-еркін  сезініп, қуаныш-шаттыққа  бөленіп, өзінің  де, өзгелердің де кемшілік-қателіктерін  кешіруге  бейім жүргені оңды.

Жыл ішіндегі  қауіпті ай басталарда біреулерге  аутотренинг, біреулерге  демалыс  алу немесе  оған  керісінше, жұмысты еселеген қарқынмен істеп, жан  тыныштығын  табу, енді  біреулерге уақытты жүрегі ұнатқан  адаммен бірге  өткізу  пайдалы  болмақ. Әркімнің  қалауы  білсін.

Отбасы  мүшелерінің  қас- қабағына қарау,  оларға  жылдың  қай  мезгілінде  ауыртпалық  түсетінін  алдын- ала  анықтап білу, қиын  шақта  сүйеніш, пана, қорған  болуды  да  үнемі  ескеру  парыз. Әйтеуір,  жанұяларыңызда  әрдайым  жадыраңқы  көңіл-күй,  жарастық  болғай. Қамшының  сабындай  қысқа  өмірде  бір- бірімізбен сыйласып  өтелік.

 

Жамал Жолмұхамедова

Категория: Все выпуски за 2007-2009 гг | Просмотров: 1040 | Добавил: gazeta_KO | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Поиск
Календарь
«  Сентябрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Интернет компания