Меню сайта
Категории раздела
Все выпуски за 2007-2009 гг [183]
см. все
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 38
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2009 » Октябрь » 1 » Ажал Алладан ба? Арақтан ба? Қазақтар үшін ащы су «атадан қалған асқа» айналып барады.
00:47
Ажал Алладан ба? Арақтан ба? Қазақтар үшін ащы су «атадан қалған асқа» айналып барады.

Қазіргі күні арақ - шарапсыз ешқандай той - томалақ, ойын сауық өтпейді және де нағыз қазақы салтқа салып осы шарапсыз той өткізер болсаң, еш туыс туғаныңа, сонымен қатар дос жарандарыңның көңілінен шықпайтындығың хақ.

Осы ащы судың кесірінен қаншама отбасының шаңырағы ортаға түсіп, балалары жетім - жесір қалып, қаншама адамдар құрдымға кетіп жатса да, қазақтың ертеңгі болашағы осылар деген тепсе темір үзер және де, қара көз қарындастарымыз көз алдымызда ішімдіктің құрбаны болып бара жатқанын көре отырып, ақын ағамыз Шынболат Ділдебаевтың «Найзағайдай шындықты айтып жарқылда» деген асыл сөзін еске ала отырып, жанға батсада шындықты айтар күннің туғаны сондай. Тіпті, өмірдегі түрлі бас бұзарлық қылмыстыңда орын алуы, осы ащы судан десек, бұл ойымды ешкімде теріс шығара алмас. Ащы суды шамадан тыс қолдану - бүкіл әлемдегі өлім - жітімнің жәнеде еңбек қабілеттілігіненде айырылу негізгі себептердің бірі. Әлем бойынша еңбекке жарамсыздықпен өлім - жітімнің 4 пайызы осы ішімдіктің салдарынан туындайды. Отбасындағы, жұмыстағы түрлі түйіндердің, мәселелердің туындауына, қайғылы оқиғаларға, қылмыс жасауға, адам өлтіруге және өзіне - өзі қол жұмсауға себеп болатын осы ащы су деп толық ауыз толтырып айтуға да болады. Соның ішінде әдейі және абайсызда болған өлімнің 60 пайызға дейінгі бөлігі ащы судың кесірінен орын алатыны да мәлім. Біздің қазақтар ащы суды ішуді сонау Кеңес үкіметі кезінде көрші елден үйренген - ау, сірә!  

Сонау XVII – XVIII ғасырлардағы ата  бабаларымыздың сары қымызды сапырып, сол қымыздың қызуына мастанған ата салтымызға қашан оралады екенбіз? Демекші, қазіргі уақытта бұрынғы қазақи салтты өз дәстүрі қылмаса да, нағыз қазақтың балданда тәтті, жанға шипа сонымен қатар мыңда бір ем қымыздың қадірін басқада ұлт түсінгенінде, біздің қара қазақтың осынау асыл  сары қымыздың орнына басқа да, адам өміріне зиянды ішімдік түрлерін біле отырып қолдануы әрине жанға батар жайт. Осы құрғырды аузына алып көрмеген қаракөздеріміз қазір сол көрші елдерімізден де асып барады. Кейбір деректерге сүйенсек, Ресей елінде жыл сайын мыңдаған адам ащы судың құрбанына айналып жататын көрінеді. Мәселен, өткен жылдың өзінде ғана қырық мыңдай адам осы құрғырдың кесірінен көз жұмған. Асылы арақ Ресейліктердің ұлттық тағамы сияқты. Себебі қай киносын көрсеңде дастархан үстінде міндетті түрде арақ тұрады. Пенде өмірге келгенде ащы сумен қарсалып, ащы сумен шығарып салып жатады және де осы сайтанның суымен бізде жарық дүниеге келмей жатқан қарапайым болашақ ұрпақты улап жатқанымыз туралы ойланайық дегім келеді.....

 

Дастан Нөпіров

Категория: Все выпуски за 2007-2009 гг | Просмотров: 1347 | Добавил: gazeta_KO | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Архив записей
Друзья сайта
  • Интернет компания