Меню сайта
Категории раздела
Все выпуски за 2007-2009 гг [183]
см. все
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 38
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2009 » Октябрь » 1 » Ауылдық аурухана - жанға шипа. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын,» демекші бар емес пе ?
01:11
Ауылдық аурухана - жанға шипа. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын,» демекші бар емес пе ?

Октябрь селолық  аймақтың ел тұрғандарының қамын  ойлайтын , жаны жайсаң , халықтың  қалаулысы, елінің елеулі  азаматы  Серікбай  Махмұтұлы  Төкебаев.  Ел ағасы осы  селолық аурухананың білікті бас дәрігері . Медицина саласының  қыры мен сырларын жатқа білетін , өзінің  жан дүниесінің кең  пейілдігімен  де , ел  тұрғындарының  баға жетпес  құрметіне  бөленіп  жүрген  абзал жан  десек артық емес.

Аурухана айналасы көз тартарлықтай  жақсы әрленген тазалық – санитарлық жағдайлар  өте  қатаң  сақталады.. Көгалдандыру  жұмыстары ойдағыдай  жүргізілген.

- Серікбай  Махмұтұлы,  аурухана  жанынан  жеке бөлініп шыққан хирургиялық бөлімшесі халыққа  медициналық  қызмет  көрсетуде екен, осы бөлім туралы  бір –екі ауыз  айтсаңыз.

- Биылғы  жылы  аталмыш бөлім  үлкен күрделі жөндеуден  өтті. Осы игі ісіміз – халық үшін. Бөлімде 20 орын  бар. Өз істерінің жанашыры білікті  мамандар жұмыс істейді.  Бәрі де жоғарғы  санаттағы дәрігерлер. В. Львов. Оспанова. Р. С. Кабылов. Ж.  А. , анестизолог  Қабылов  Жақсыбай  Аңсағанұлы ,  балалар дәрігері – Қабылова. М. Қ. Хирургиялық бөлімде  тәжірибелі  дәрігерлер жұмыс  істейді. Дәрігерлерміз  өздері –ақ  операцияларды жеңіл түрде жасай  береді. Науқастарымыз тез  айығып  кетеді. Қатар күрделі жөндеу жұмысынан өткен хирургиялық бөліміміз бар. Хирургия бөлімімен мақтана аламыз. Онда барлық жағдай қамтамасыздандырылған. Барлық жихаздарды түгелдей жаңартып, жаңадан төсеніштер берілді.

Хирургия бөліміне арнайы барып медбекелер мен емделіп жатқан науқастан сұхбат алдым. «Тазалық – денсаулық кепілі» демекші ең бірінші басты назар санитарлық тазалыққа түседі. Тазалықты ең бірінші орынға қойыпты. Әрине бұл дұрыс. Жүнісов Исахмед Ахмедианұлы осы ауруханада ем алып жатыр. Оның айтуы бойынша әр медбекенің сөйлеген сөзі өте мәдениетті, әр палата тап – таза, ауруханаға керектінің бәрі бар. Күнделікті жұмыс жасап тұратын арнайы жабдықталған душында ерекше айтып кеткім келеді. 

- Серікбай Махмұтұлы  медициналық  препараттармен  қамтамасыз  етілу  деңгейі  қандай?

- Медициналық  дәрі – дәрмектерді  шектеулі кепілдеме көлеміндегі рұқсат бойынша  сатып аламыз. Медициналық  препараттар жеткілікті. Аудан, облыс орталықтарына  науқастарымызды жібермей, дер  кезінде  шұғыл көмек  көрсетеміз. Міне, халықтың  қамын  ойлап,  дені сау ұлт үшін жоғарғы  деңгейдегі  медициналық  қызмет.

- Серікбай  Махмұтұлы науқастардың жағдайларын  жақсарту  мақсатында  не  айтар едіңіз?

- Ас – адамның арқауы , - дегендей,  тамақтандыру жағына да   көп  көңіл бөлеміз. Бөлімде төрт  мезгіл  тамақ  беріледі. Бірінші, екінші,  үшіншіге табиғи шырындар , сусындар беріледі. Күнделікті әкелінген тағамдардан  дайындалып  отырылады. Асханада  асты  дәмімен ғана  лісіре алатын  аспазшылар  жұмыс істейді. Науқастардың  ризашылығы  соншалықты -әрқашанда көңілдерін  білдіріп  жатқандары.

- Сіз  Елбасы Н.Назарбаевтың жолдауының  Денсаулық сақтау  саласындағы  осы заманғы  Қазақстан азаматтарының  талаптарын  орындап  келе  жатырсыз.Өзіңіздің  қолдағы бар мүмкіншіліктерімен,  қаржы көзінің  барлығымен медицина  нысандарын  күрделі  жөндеуден өткізіп  келесіз. Медициналық  қызметтің  сапасы  да  әрі  қызмет көрсетуді  ұйымдастыру  жоғары деңгейде деп  айтсақ,  жаңылмағанымыз.

- Осы участкелік медицина нысаны күрделі жөндеуден өткізуіне күндіз түні тыным таппай, тез қарқынды жұмыс істеп, жанашырлық ерен еңбекпен бас дәрігердің шаруашылық бөлімнің орынбасары Шәкаров Зейнолла Саматұлы біріншіден, материалдық техникалық базасының ауқымды жақсы болса, бүкіл жөндеулерді қолға алуға болады.

Аурухана біріншіден жедел көмек көрсететін машина керек, медицина қызметкерлерінің көліктерін қоюға, тағы басқа техника суық аяздарда далада тұрып қалмас үшін гараж болуы керек. Бұндай мүмкіндік осы участкеден табылады.

- Жылумен қамтамасыз етуде кейбір нысандарды қаражат жетіспегендіктен алып тастадық.

- Жатақхананы қолға, ағымдық жөндеуден өткізіп, оны медицина қызметкерлеріне бердік. Ішіне су өткізілген, барлық жағдайлар жасалған, тегін тұрады. Жете бермейтін жағдайлар десеңізші! Халықтың әлеуметтік хал – ахуалын жақсартуға зор көңіл бөлінген.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл», - деген мақал текке айтылмаса керек.

Сізз басқарып отырған ұжымның қомақты, ауқымды істелген жұмыстары ұлан – ғайыр екен әрине жаңа игіліктер.

-          Серікбай Махмұтұлы алға қойған қандай мақсаттарыңыз бар?

- Медицина саласының мемлекеттік талаптарын орындау. Өткен жылғы міндеттелгені 100 пайызда орындадық. әйелдердің босанатын бөлімін жөндеуден өткізу, жылу құбырларын өзгерту, өңдеу. Күрделі жөндеу жұмыстарын 2009 – 2010 жылдар аралығында толығымен аяқтаймыз ба деген жоспарлық міндеттеріміз бар.

                - Сұхбатыңызға рахмет! Қаншама шаруашылықтың басын қайырып тастаған екенсіз. Көңіл толып қуантарлық жағдайлар. Алға қойған мақсаттарыңызға табыспен жете беріңіз. Келе жатқан Жаңа жыл сізге, ұжымыңызға жаңа жақсы жаңалық келсін, құт – береке, толағай табыстар әкелсін.

Категория: Все выпуски за 2007-2009 гг | Просмотров: 1778 | Добавил: gazeta_KO | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Архив записей
Друзья сайта
  • Интернет компания