Меню сайта
Категории раздела
Все выпуски за 2007-2009 гг [183]
см. все
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 38
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2009 » Октябрь » 1 » АУЫЛ ЖАҒДАЙЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ?
01:29
АУЫЛ ЖАҒДАЙЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ?

«...Ауылдарымыз бен селоларымыздың өмір сапасын жақсарту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді....».

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  

Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауынан

 

Ауылдарымызға кейіңгі жылдары бөлінген көңілдер мен қаржылардың кең етек алғаны баршаға мәлім. Ауылдарымыз бен селоларымыз жылдан-жылға өркендеп абаттандырылуда. Осыған орай ауыл жағдайы қандай деңгейде? деген сұраққа жауап іздеу барысында Жалғызхан ауылының әкімі Тамара Әбілғазықызы Тасболатовамен сұхбат жүргіздік.

- Тамара Әбілғазықызы ауылдың жалпы деңгейі қандай жағдайда?  

- Ауыл алтын бесік демекші Қарасу ауданымыздың Жалғызхан атты ауылында соңғы екі жылда көптеген өзгерістер еніп, көркейіп келеді. Ауылды көркейтуге ауылдың алты аузы, яғни сол ауылдың тұрғындары еш қарсылық білдірмей, бәріде бір кісідей атсалысты. Ауылымызды күл-қоқыстан тазартып, ауылдың жақсысы ағашынан дегендей бес жүз түп қайың мен қарағай отырғызып, алты мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, әркім өз шарбақтарын сырлап, «Үлгілі аула» атты конкурсқа қатысып өз аулаларын тазартты. Ал қарияларымызбен жағдайы нашар жанұяларға керекті заттарын беріп өзіміз барып көмектестік.

- Ауылдағы күрделі жөндеуден өткен мектеп жайында айтып кетсеңіз?

- Ауылымыздың бірден-бір көркі – мектеп, биылғы жылы күрделі жөндеуден өткен. Ұстаздардың айтуынша мектепке кірсең шыққысыз, ішінде күні-түні жұмыс істеп жүре бергің келеді, тіптен мұндай жағдайда балалардың да оқуға деген ынтасы одан әрі жақсара түседі. Күрделі жөндеу емес, мектепті қайтадан салған сияқты. Ішіндегі жиһаздар түгелдей жаңартылды. Мектепті бастан аяқ күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізу үшін жиырма алты миллион теңге бөлініп, артынан жиһаздарға бес миллион бөлінді, сонымен барлығы отыз бір миллион теңгеге  шықты. Мектепте барлық  жағдайлар қамтамасыз етіліп, спорт залы мен мәжіліс залын, сонымен қатар шатыры да жөнделді. Бұл мектебіміздің күрделі жұмыстан өткеннен кейінгі ашылуына аудан әкімі Ахметов Қайрат Жұмашұлы қатысты. Мектептің ашылуы ауылға үлкен бір мейрам болды десек артық болмас.

-Ауылдың жастарының мәдениеті қандай?

- Жастардың жағдайына келер болсақ олардың мәдениеті ауыз толтырып айтарлықтай мәз емес. Бірақта қазіргі жастарды салыстырмалы түрде айтар болсақ, олар ішімдік темекі дегенді доғарып спортқа көшкен сыңайлы. Осындай жағдайларды көргенде жастарымыздың алға қойған мақсаттары зор екендігі байқалады. Жастардың бұл жағдайларын одан әрі ынталандыру үшін арнайы спорт залдары болса тіптен жақсы болар еді. Ауылымызға тағыда бірден-бір жетіспейтін ол жастар отырып демалатын шатхана. Осы көңіл көтеру орны болса, ауылымыздың жастары біраз жағдайға өзгерер еді.

- Тіршілік көзі ауылдағы ауыз судың жағдайы қалай?   

- Ауылымыз ауыз сумен түгелдей қамтамасыз етілген. Ауыз суға айтатын еш қарсылық жоқ: ауыз су әр көшеге тартылып, күн ұзаққа ағып тұрады.

- Жұмыс барысындағы алдағы мақсаттарыңыз?

- Алға қойған мақсаттар көп, оның бәрін іске асыру әрине бірден қолдан келмес. Бір-ақ бұл мақсаттарды біртіңдеп іске асыратын ойымыз бар. Солардың бірі ауылымызды одан әрі көркейтіп, үнемі таза ұстап, ағаш отырғызуды көбейтпек ойымыз бар.

Құрметті Тамара Әбілғазықызы, сұхбатыңызға көп рахмет. Алға қойған мақсаттарыңыз жүзеге асып, ауылдарыңыз көркейе беруіне тілектеспіз.

 

        Дастан Нөпіров

Категория: Все выпуски за 2007-2009 гг | Просмотров: 2664 | Добавил: gazeta_KO | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Архив записей
Друзья сайта
  • Интернет компания