Меню сайта
Категории раздела
Все выпуски за 2007-2009 гг [183]
см. все
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 38
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2009 » Октябрь » 1 » Арақтың ақыры
00:57
Арақтың ақыры

Әлия жұмыстан ерте шықса да, үйіне баруға асықпады. Жүрегі ауызына тығылып әдебір жамандықты сезгендей, көшеде жүре беруді жөн санады. Әншейінде жатақхананың қапырық бөлмесінде қамалып отыратын ол бүгін құрбылары мен кафеге барып, көңіл көтеруге қарсы болмады. Өмірінде сайтанның суын ауызына алып көрмеген Әлия, бұл жолы қызыл жүзім шарабынан да, ағынанда бас тартпады. «Таң атқанша сол көзімнің асты тартып, мазам қашып тұр»,- деген сөзіне жолдастары мен құрбылары бір күліп алды. Ауылдық жерде туып өскен соң ба, қасындағылардай емес қасындағылардай емес ырымға қатты сенетін.

                Күнді әрең батырып, жатақханасына әрең жеткен Әлияны вахтер келіншек түрі өрт сөндіргендей қабақ шытып қарсы алды. Әлденелерді айтып ұрысып жатыр ма, қолдарын сермеп қояды. «Жинал да, бірінші кездескен көлікпен үйіңе кет, анаң әл үстінде»,- дегенді естігенде барып есін жиып ала қойды...

                Әлия жастайынан жасық болып өсті. Өзінің бір жас кіші інісінен де көп таяқ жейтін. Өзінің ойынша бұған себеп - өмірі таусылмайтын себеп ата – анасының кикілжіңі мен Құдайдың құтты күні ішіп келетін әкесінің кесірінен болатын ұрыс – төбелес. Арақта қай құны қалғанын бұл қайдан білсін, әйтеуір, әкесінің түбіне арақ жететінін Әлия жақсы білетін. Әкесі дүние салар жылы Әлия тоғызыншы сыныпқа көшкен еді. Қыркүйектің қоңыр салқын кешінде шыбын жаны мұрынының ұшына тіреліп  жан тапсыра алмай қиналған әкесін көргенде құдайдан өлімнің жеңілін тілеп жылаған. Өлместей болған адамның демі үзілгенде Әлия іштей шүкір деген. Қалған өмірінің тыныштықпен өтетініне қуанғандықтан ба, әлде маскүнемнің қызы деген аттан құтылғанына көзі жетті ме, әйтеуір әке өліміне аса қиналған жоқ.

                Тоғызыншы сыныпты бітірген соң шешесі Әлияны қалаға  жіберген. Ондағы ойы ауылда жасқанып өскен жалтақ қызының ауылда жүре берсе біреу жетектеп кетіп, өзінің күйін кеше ме қауіп еді. Ананың үлбіреген үміті лаулап жанбаса да, өшкен жоқ.

Училищені үздік бітірген Әлия жоғарғы білм ордасына үшінші курстан қабылданды. Жиырма бестің дәурені жақындағанда інісі үйленді. Анасына үй тірлігіне көмекші болар деп, ана арманының орындалғанына қыз – тілекші қатты қуанды. Жұмыстың реті қаладан болған соң, ауылға тек анасы мен бауырларын көріп кетуге ғана келетін.

                Сондай бір кезекті демалысында таң ертеңгі автобуспен ауылға тартып еді. Ол кезде інісінің екі балалы болып үлгерген кезі. Төрт сағаттық жолға бес жарым сағатта жеткізіп, жолаушыларға жол азабын түсіндірген автобус ауылға түс ауғанда жетті. Қора жақтан әйелдің күйбеңдеген сұрбасын байқады. Бұны келінім деп қабылдаған Әлия жасының улкендігін ескеріп бұрылмастан үйге енді. Кіре беріс жылан жалағандай жарқырап тұр, бәрі қаз – қалпында, үй ішін бұрқырап жаңа піскен таба нанның иісі алып тұр. «Өсіп -өн, жаным, анамды, шаңырақты силағаныңа Алла риза болсын»,- деп іштей келініне мадақ айтып, төргі бөлмеге өтті. Қақ төрде інісі мен келіні мамық төсекте ұйықтап жатыр, шамасы түннен бәрі әлі тұрмаған, «Құдайым – ау, бұнысы несі, бұл қалай болғаны?»

                Анасы екеуі үнсіз шайға отырды. Айтпасада түсінікті, анасының жүрегін ауыртып несіне сұрайды, бәрін өзі көріп байқап отыр емес пе?

-          Балалар қайда кеткен? – деді келген алғаш тіл қатып.

-          Ұлмекен Қайындыға төркініне апарып тастады – деген ана                          

дауысында бір түрлі діріл бар еді, бір – ақ қызына білдіргісі келмегендей жанарына тығылған жасты сүртіп, ақырын езу тартты. Анасы мен келіннің орнын ауыстырып қойғандай – ақ. Ертемен сиыр сауып, өріске жіберу, үйдің майда – шүйте тірлігінен басқа қора - қопсыны тазалау да анасының мойынында екенін білді. Інісімен оңаша сөйлеспек болып еді, келіні байлаулы иттей бағындырып алған ба, қайта соның сөзін сөйлеп шап берді.

-          біді жөнге салғанша өз жайыңды білсенші, отыздан асқанша

орныңды таппай, көрінгенге жылы төсек болып жүргеніңді жақсы білеміз, - деп жылатып жіберген еді.

                Мұндай сұмдықты көрген қызы, анасын өзімен бірге алып кететін ойы болады. Қанша тырысса да ойын жүзеге асра алмады.

                .... Үлкен үйдің алдында жиналған көпшіліктің көзі жылай – жылай құр сүлдері қалған, әрі бойындағы ащы уыттың айыға алмай, масаң қалпы тәлтәректеп келе жатқан Әлия түсті. Шетте тұрған екі еркектің бірі: «Марқұм әкелері араққұмар еді, енді қызының жүрісі мынау, әйтеуір шешесі көрмей кетті бұл сұмдықты», - деп күбірлеп қалды.

 

Дастан Нөпіров

 

Категория: Все выпуски за 2007-2009 гг | Просмотров: 946 | Добавил: gazeta_KO | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Архив записей
Друзья сайта
  • Интернет компания