Меню сайта
Категории раздела
Все выпуски за 2007-2009 гг [183]
см. все
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 38
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2009 » Сентябрь » 17 » Қарасу орта мектебінің тыныс- тіршілігінен
01:02
Қарасу орта мектебінің тыныс- тіршілігінен

Өзінің жинақты әсемдігімен  көзге  түсетіні , мектептің ішкі  көрінісі  айтып отыр. Кіре  берісінен – ақ  жақсы  көңіл  сыйлайды. Былайша  айтқанда, кірсе, шыққысыз. Жинақылығы,  тазалығы,  ақ шағаладай ақтығы,  жарықтығы қай- қайсымызға да  жақсы  әсер  қалдыратыны  сөзсіз. Бұл – Қарасу орта  мектебі. Мектепке  кіргеннен кейін ,бірінші  бағытымды  мектеп  басшысына  бұрдым.Cәлемдесіп, мектептің  жалпы  оқу – тәрбие жұмыстары  бойыынша  сөзге тарттым.

-Мұрат Қалабайұлы,  мектебініз  жаңа  технологиялық  құрал-жабдықтармен  жабдықталуы  мен қолдану  аясы  қалай?

                        Бүгінгі  таңда  жасөспірімдерді  тәрбиелеуде, оқытуда  мектептің  алаьтын  орны  өте  зор да ,  жауапты да  XXI – ғасырдың  өзіндік  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  жаңа заманға  жан- жақты  білімді ұрпақ  дайындау - әр  ұстаздың  міндеті. Мектебіміз  интерактивті  тақталармен  түгелдей  жабдықталған  деп  айтуға   болмайды. Өйткені,  тек  негізгі  пәндер  бойынша  интерактивті  тақталар  қолданылып  келеді. Олар: математика,  физика,  информатика,  биология  пәндері. Мектептерге  интерактивті  тақтаның  келуіне  біраз  жыл  болса да , біздің  мектептің  қолданып  жүргендеріне  көп  бола  қойған  жоқ, енді-енді  қолдану  аясы  кеңейіп келе жатыр.

Ең  бастысы ,  бастау  бар,  қарқынымыз  жаман  емес. Оқушылардың  тақтамен  жұмыс істеуде  ынталары , қызығушылықтары   ұстаздарымызды қуантып  жүр.

Мұрат  Қалабайұлы,  ағымдағы   жөндеуден  өтті ме?

                        Әрине, ағымдағы  жөндеуді   сыртқы  демеушілердің арқасында  жүргізіліп  өтті. Жөндеуге   12 млн теңге қаржы  жұмсалды. Басы  әкімшіліктен  бастап аудандық  мәдениет  үйі,  аурухана. аудандық  ішкі саясат бөлімі,  аймақтық  комитет, санитарлық- эпидемиялық  станциясы  көптеген  коммуналдық  мекемелер  қатысып ,  мектебіміз    жаңа  қалыпқа  келіп қалды.  20 шақты  кабинетіміз  жөндеуден  өтті.  Ал  дәліздер  мен  әйнектерді  өз күшімізбен  жүргіздік. Аудан  әкімшілігіне,  кейінгі  мекемелерге  айтар  алғысымыз  мол. Мектеп ұжымы   дән   риза.

 

-Мектепті  жылумен  қай  мекеме қамтамасыз  етеді?

 

Мектебіміз жылы. Стандартқа  сай  температуралық  жылуды  ұстауға  тырысамыз. Отынға  аудандық  білім  бөлімінен  қаржы  бөлінеді. Ауданымызда « Алға» – деген мемлекеттік  қазына коммуналдық  мекемесі бар. Осы  мекеме мектебімізді  жылумен  қамтамасыз  етеді. Жұмыстары  қанағаттандырлық  деп  айтуға болады.

                                               Интернат -  екінші  үйің.

Осы мектеп жанында  көршілес  елді мекендерден келіп оқитын  балаларға  арналған  интернат  бар екен. Интернат тынысын білу жайында  интернат  меңгерушісі ,аға  тәрбиеші Үзденбаева  Жамал  Алқауқызымен  жүздестім. Кездесу барысында  келген  мақсатымыз да  айқындала  бастап , әңгімеге    бұрдым.

-Жамал  Алқауқызы,  интернат  жайлы бір- екі  ауыз.

                        Интернатымыз  өте  орынды орналасқан. Балалар оқуға  іштен барады. 2006- жылы желтоқсан  айында  ашылған- ды. Интернатта 50-дей  балалар тәрбиеленіп, оқып жүр. Ер балалар бөлмесі, қыз балалар бөлмесі болып бөлінеді. Бөлмелері жаңа  жиһаздармен  толық жабдықталған. Қазіргі  жаңа  жиһаздар өте  ыңғайлы жасалған. Тазалық  сақтайтын  жерлері де  жақсы  үнемі жұмыс қалпында. Балалар ешқандай  қиыншылық  көрмейді.

Бар  мүмкіншілігімізді  күтіп- баптап  ұстауға  тырысамыз. Былтыр өз күшімізбен ағымдағы  жөндеуді  өткіздік.

 

                        Оқу үрдісінде  оқушылар берілген материалды бір 45минөтте  түгел қабылдап алуға  жетісе алмай  жатады,  әрі  пән бойынша  қосымша  тапсырмалар беріледі. Осындай  шығармашылық  ізденіспен,  не өздік  жұмыспен оқушылардың  отырып ,  дайындалатын  орны  туралы  айтсаңыз.

          Кітапхана күнкей жақта орналасқан. Іші жарық, жылы. Керекті әдеби кітаптар сөрелерге рет-ретімен орналасқан. Бәрі анық. Қызметкерлері де жылы жүзді, балалармен жаксы қарым-катынаста. Керек кітаптарын тауып беріп, бағыттап отырады. Кітап қоймасы да бар. Ең бастысы, ең маңыздысы бұл кітапханада өте құнды, бүкіл мәліметтер бір өзінде «Қазақстан ұлттық энциклопедиясы» т.б.

Осы сәтті пайдалана отырып оқушы балаларға айтарым:

Құрметті, жас оқырман!

Құнды кітаптардан жоғары білім, сапалы тәлім-тәрбие аласыз. Уақытыңды үнемді пайдаланып, өзіне қажет те, маңызды материалдардан қапы   қалма!

Бар мүмкіншіліктеріңді  жіберіп  алма«Білімсіз күнің жоқ»- дегенді  естен  шығарма.

 Кітапханада  көркем әдебиеттерден  басқа  әр  сала  бойынша  әдебиеттер, газет- жорналдар  өз алдына  бір  төбе. Сонымен қатар , аудандық  балалар  кітапханасымен  қарым- қатынасымыз да  үзбейміз.

Интернатымызда  балалардың күн  тәртібін  қатаң  түрде  ұстаймыз.

Балаларымыз  сапалы  біліммен  шектеліп  қана  қоймай, дене шынықтырумен айналысып, спорттың  түрлерімен машықтанып  жүр.

Ал   ол  спорттың  бір  түрі –күрес. Бір  таңқаларлық  қызықтысы, қыз   балалар арасында  күреспен  айналысады екен. Олар: Ким Венера, Макаренко Олеся, Черепанова  Елена, Байтенова  Орынбасар сынды оқушыларымыз   жүлделі  орынға  ие  болып,  мектебіміздің  атын   шығарып  жүр десек  артық  болмас еді.

Қазағымның  ертеден  келе жатқан  ұлттық  ойыны – тоғызқұмалақ  ойыны. Ұлттық  ойынымыз  жанданып,  балаларымыздың  ойнауға  деген  құштарлықтары  күннен- күнге  артуда. Қара  домалақ  қазағымның  баласы   ойнап  қана  қоймай,  өзге  ұлт  өкілдерінің  балаларының  қызығушылықтары  да  байқалып  жүр. Олар: Әлібаев  Наурызбек, Зеньков  Яша

Мәдениет үйімен тығыз  қарым- қатынастамыз. Мәдени іс- шараларда  балаларымыз өз  өнерлерін  көрсетіп  жүр.Әнімен де , биімен де  көзге  түсіп  жүрген  Виноградов Серёжа  деген  баламыз  бар. Мәдениет  үйіндегі би  үйірмесіне  қатысады.

Шебер  қолдар  үйірмесі бар. Қыз балаларымыздың , ұлдар да  өнерлерімен  көзге түсуде.

-Ата- аналармен қарым- қатынастарыңыз  қалай?

                        Балаларымыздың  әке- шешелері  жиі  келіп тұрады. Оқуы, тәртібі  жайлы сұрап, балаларының  жағдайларын  біліп  кетеді. Одан қалды , оқушылар екі  апта сайын   үйлеріне  барып  тұрады. Жаңа  автобуспен  іші  жылы,  тап-таза.

-Жамал  Алқауқызы, сұхбат бергеніңізге рахмет!

Оқушыларыңыз сапалы білімімен,  саналы тәртібімен қуанта берсін.

Шығармашылық  табыс,  еңбектеріңіз  жемісті  болсын!

 

 

                                               Мектептегі  қолөнер  үйірмесі

                       

Аталмыш метептте  еңбек   сабағы  жоғары  деңгейде  өтетініне  еш күмәнім  жоқ, өйткені, өз  басым  қолөнер үйірмесі жүргізіліп жатқан шақта

сабақтың  куәгері болдым.Еңбек нәнінің  мұғалімі  Соловьева  Ирина Анатолийқызымен  қызу  қиял- ғажайып әлемінде  болып, қолөнер жайлы сөз  болып, оқушылардың  өз қолдарымен  жасаған  керемет  жұмыстарына  тәнті болдық.

Ирина  Анатолийқызының  еңбек сабағынан дәріс  беріп  жүргеніне  9 жылдың шамасы болып  қалған  екен. Өз  маманының  хас  шебері , тәжірибелі  ұстаздың  оқушылары да  үйірмеге бар ынталарымен  қатынаса тын  көрінеді.Үйірмеге 4- сыныпт пен 10 –сынып аралығындағы  балалар қатысады. Аптасына  2 рет.

Ендігі кезек жас қолөнер шеберлерінің ойын білгім  келіп, 10 –сынып  оқушысы Дериповская  Анастасиямен   әңгімелестім.

-Анастасия, сенің осы қолөнермен  айналысуыңа  кім түрткі  болды?

                        Ешкім  де  емес.Жақын  арада  өзіме  ұнаған суретті қолыма алып, қиялға баттым. Осындай  қолөнердің  неше түрлісімен  айналысқым  келеді. 

 

 

Зейінжамал  Досжанова

Категория: Все выпуски за 2007-2009 гг | Просмотров: 1907 | Добавил: gazeta_KO | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Поиск
Календарь
«  Сентябрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Интернет компания