Меню сайта
Категории раздела
Все выпуски за 2007-2009 гг [183]
см. все
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 38
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2009 » Сентябрь » 15 » Алғашқы мереке- жарқын мереке
02:28
Алғашқы мереке- жарқын мереке

Көктем қандай тамаша, шұғылалы

мың  құлпыртып далаға  нұр жауады

            Қарасу ауданының  өнер мектебінде  көктем айымен ілесіп  келетін  әсем де , шуақты мерекелердің бірі- 8 наурыз  аналар мерекесіне  әсем сазды  концерт  берілді Сахна  әсем безендірілген.

Көңілді  шартарапта қазағымның күмбірлеген  күйі мен  сезімдердің  әрі болатын  әуендер ойнап тұрды. Жадыраған                       көңіл-күймен бір- біріне жылы  лебіздер  білдіріп жатты.

            Концертке  ардақты  ана-өжелер мен аяулы да,  сүйкімді қыз-келіншектер шақырылған

Жүргізушілеріміз  жүрек  жарды  сөздерімен  нәзік  жандыларды құттықтап, мерекелік  концертті бастап –ақ  жөнелді.

Құттықтау сөзі аудан  әкімінің  орынбасары  Бекенов  Болат Қажыбайұлына  берілді.

Өнер  мектебінде өз  өнерімен  көзге  түсіп жүрген өнерлі жігіттердің бірі- Мәди  Нұрмұхамбетов. Күміс көмей, жез таңдай әнші жарқын мерекенің бет ашарын «Анаға сәлем» әнімен  ашты. Өн бойынан өнер тамған талантты жігітке  қауым  ризашылықтарын  білдіріп, шашбауын бір көтеріп  тастады.

Құрметті  әйел- аналарға  ән шашумен  қатар қоғамдағы  ерен еңбектері  үшін сыйлықтар  табыс етілді. Бұл ізетті мерекеге  келешек  буындар да өздерінің  пәк  сезімді  өлеңдерін арнап,  жолдап  жатты.

Жарқын мерекеміздің  жақсылықтың  белгісі  ретінде  сол күні Алланың нұры жауып, табиғат-анамыз да қоштағандай  болып  тұрды.Мінеки, «Алланың нұры жаусын!»- деген осы. Мерекелік концерт тартымды өтті.

 

Жамал Жолмухамед

Категория: Все выпуски за 2007-2009 гг | Просмотров: 1111 | Добавил: gazeta_KO | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Поиск
Календарь
«  Сентябрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Интернет компания